"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Өлі інісін оятып, өзімен бірге әкетуімізді өтінді»: Ақтөбеде ішімдікке салынған отбасының үйінен бір жасар бүлдіршіннің мәйіті табылды

01.03.2023
«Өлі інісін оятып, өзімен бірге әкетуімізді өтінді»: Ақтөбеде ішімдікке салынған отбасының үйінен бір жасар бүлдіршіннің мәйіті табылды
263
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ақтөбеде ішімдікке салынған отбасының үйінде бір жасар және төрт жасар қиналған бүлдіршіндер  табылды. Деректерге сәйкес бір жастағы бүлдіршін Zello Poisk еріктілер тобы барған кезде өліп қалған. Ал қарны аш, қиналған төрт жасар бала кетерінде бауырын оятып, бірге әкетуін өтінген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі diapazon.kz порталына сілтеме жасап.

Еріктілерге бұл отбасы туралы хабарлама алғаш рет қазан айында түскен. Волонтер Екатерина Голотинаның айтуынша, бүлдіршіндер ішімдікке салынған ата-ананың қарауында екені және оларға қауіп төніп тұрғаны айтылған. Еріктілер бұл отбасының үйіне келген кезде мас ата-анасы мен ата-әжесін көріп шошыған. Олар тіпті келгендерге күрекпен қарсы шапқан.

“Біз бірден полиция, жедел жәрдем және құзырлы органдарды шақырдық. Үйдегі  8 айлық және 4 жастағы екі баланы көршісі тамақтандырып келген. Балалар арық, көздері көгеріп, қарындары ашқан. Анасы бізге кенжесі сүт қоспасын ішпейтінін, сол үшін оған қант қосылған су беретінін айтты. Біз сол жерде-ақ оған сүт қоспасын беріп едік, ол бірден іше бастады. Анасы үлкен ұлының сөзін бөліп, оның қарны ашты ма деген сұраққа жауап бермеді. Бала соған қарамастан бізге тамақ ішпегенін және аш екенін айтты», –  деді Екатерина Голотина.

Бұған дейін де құзырлы органдар балаларды бұл отбасынан алып кеткен екен. Бірақ Балалардың құқықтарын қорғау, қорғаншылық және арнайы білім беру басқармасының басшысы Мира Нұрғалиеваның айтуынша, әкесі балаларын қайтару туралы арыз жазған. Осылайша балалар әкелеріне қайтарылып, кейін бұл отбасы мекен-жайын көрсетпестен ғайып болған.

«Мекен-жайды таптық, отбасына бардық. Келгенімізде сұмдық көрініске тап болдық. Үстел басында екі қансыраған мас жігіт отырды. Шамасы, төбелесіп қалған. Анасы алақанын кесіп алған. Ол бізге кенже баласының пневмониядан қайтыс болғанын айтты. Ал сәбидің денесі әлі үйде жатты. Үлкен баласы аштықтан жылап жатты. Біз барлық құзырлы органдарды шақырдық. Біз келмегенімізде не болары белгісіз еді. Төрт жасар баланы жетектегенімізде ол өліп қалған інісін оятып, өзімен бірге алып кетуді өтінді. Жүрегіміз жарыла жаздады. Көлікте бала тамақ сұрады. Құзырлы органдардың қайда қарап отырғанын түсінбеймін. Балаларды мұндай қорқынышты жерде қалай қалдырған», – деді ерікті.

Еріктілердің сөзінше, сәбиді келесі күні жерлеген. Алайда мас ата-анасы оның жерлеу рәсіміне келмепті де.

“Біз қазан айында бұл отбасы туралы дабыл қаққанбыз. Құзырлы органдарға осындай қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді ғой. Енді балалар мұндай жағдайда өлмес үшін қайда жүгінуіміз керек. Олардың өмірін бақылауымыз керек еді ғой. Қайғыдан айтарға сөзім жоқ”, – деді Екатерина.

№3 полиция бөлімі төрт жастағы баланы «Аяла» балаларды қолдау орталығына орналастырған. Кәмелетке толмаған баланың әкесін ата-ана құқығынан айыру мәселесін құқық қорғау комиссиясы қарамақ.

Мақалада: "Өлі інісін оятыпөзімен бірге әкетуімізді өтінді": Ақтөбеде ішімдікке салынған отбасының үйінен бір жасар бүлдіршіннің мәйіті табылды

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

1 час бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

2 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

5 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС