"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Әйел құқығы – ел құқығы»: Алматыда зорлық-зомбылыққа қарсы феминистік митинг өтті

09.03.2023
«Әйел құқығы – ел құқығы»: Алматыда зорлық-зомбылыққа қарсы феминистік митинг өтті
28
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Алматыда 8-наурызда М.Ганди атындағы саябақта “Әйелдер автономиясы үшін: сексуалды зорлық-зомбылыққа қарсы” феминистік митинг өтті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Митингке 500-ден астам адам қатысты. Халықаралық әйелдер күніне орай шерушілер тұрмыстық зорлық-зомбылық пен сексуалды харассментке қатысты заңды күшейтуді талап етті.

Шеру Алматы қалалық әкімдігінің рұқсатымен екі сағатқа созылды. “КазФем”, “Феминита”, “ФемАгора” және т.б. феминистік қозғалыстардың белсенділері ұйымдастырып, талаптарын айтты. Олар тұрмыстық зорлық-зомбылықты әкімшілік жазадан қылмыстық жауапкершілікке ауыстыруға, сонымен қатар билікті жыныстық харассмент туралы заң қабылдауға шақырды.

Сондай-ақ, әйелдердің биліктегі үлесін көбейту, Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткер әйелдерге дауыс беру және Қазақстан Стамбул конвенциясына және Еуропа Кеңесінің әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық келісіміне қосылу мәселелері көтерілді.

Митинг SVET қоғамдық қорының негізін қалаушылардың бірі Мөлдір Албанның тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған көрініспен басталып, 2022 жылы жұбайының қолынан қаза тапқан 400 жәбірленушінің құрметіне бір минут үнсіздік болды.

Әйелдер мемлекетке төлейтін салықтары өздерінің қауіпсіздігі үшін жұмыс істеу керек екенін мәлімдеді.

Депутаттыққа кандидат, ЛГБТ өкілдерінің құқығын қорғаушы,  «Феминита» қазақстандық феминистік бастамасының белсендісі және тең құрылтайшысы Жанар Секербаева да сөз сөйлеп, феминистік қозғалыстардың маңыздылығын түсіндірді.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 30 жылдық заң жобасы талқылануда, бірақ әлі қабылданбады. 2023 жылдың наурыз айында Немолчи.kz қорына 244 әйел көмек сұрап жүгінген. Бұл – сегіз күн ішіндегі статистика. Сегіз күнде екі әйел зорланып, бір әйел күйеуінің қолынан қаза тапқан», – деді Секербаева.

Сондай-ақ, “ФемАгора” белсендісі Фариза Оспан,  “КазФем” негізін қалаушы Вероника Фонова, құқық қорғаушы Татьяна Чернобыль, Tozbe мобильді қосымшасын жасап шығарған Мира Оңғарова, т.б. белсенділер ортада сөз сөйлеп, қыздарды жігерлендірді. Тегін заң көмегі ұсынылатынын мәлімдеп, зорлық-зомбылыққа душар болған кезде 150 нөмеріне хабарласу керегі хабарланды.

“Бәріміз әйелден жаратылдық, әйел – ол ана. Бірақ неліктен билік аналарымызға арнап заң шығаруға құлықсыз?!” – деді белсенділердің бірі.

“Әйел құқығы – ел құқығы”, “Зорлықшыға ауыр жаза”, “Гүлдер гүлзарға – құқық әйелдерге”, “Зорлану – ұят емес, зорлау – ұят” сынды лозунгтар айтылды.

Сонымен қатар, шеруге қатысушы еріктілердің мәлімдеуінше, арада митингтің өтуіне қарсылық танытып, тас лақтырып, бұрыш баллон сеуіп, арандату әрекетін жасағандар болды.

Алматыда төрт жылдан бері 8 наурызда феминистік митинг және марш өткізу дәстүрі жалғасуда. Бірақ биыл маршқа рұқсат берілмеді. Осыған дейін әкімдік феминистік митинг пен марштың өтуіне рұқсат бермегендіктен, 23 ақпанда “Митинг үшін митинг” атты шеру болған еді. Содан кейін 15:00 және 17:00 аралығында митинг өткізуге рұқсат берілді.

Мақалада: "Әйел құқығы – ел құқығы": Алматыда зорлық-зомбылыққа қарсы феминистік митинг өтті (видео)

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

22 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

22 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС