"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Марқұм түсіме кіреді»: Оралдағы жантүршігерлік кісі өліміне қатысты тың дерек шықты

13.02.2023
«Марқұм түсіме кіреді»: Оралдағы жантүршігерлік кісі өліміне қатысты тың дерек шықты
375
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Оралда мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта кәсіпкер Еркін Мұханғалиевтің өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

«МОЙ Город» басылымының ақпаратына сүйенсек, былтыр тамызда Оралда жантүршігерлік адам өлімі болған еді. Оқиға «Рахат-Лукум» және «Гюльчатай» мейрамханасының иесіне қатысты. Күдіктілер Руслан Қожатаев пен Тұрлан Амангелді кәсіпкерді бірнеше жерінен пышақтап кеткен.

10 наурызда сот басты айыпталушы Руслан Қожантаевтан жауап алған.

Кеше, 11 наурызда сот екінші күдікті Тұрлан Амангелдіден жауап алды. Амангелдінің сөзінше, ол Қожантаевпен 2022 жылы мейрамханада ди-джей болып жұмыс істеп жүрген кезінде танысқан.

«Біз бауырлар секілді араласып кеттік, жұма сайын мешітке барып, намаз оқитынбыз. Қайғылы оқиға болған күні Мұханғалиевпен жұмысқа орналасуға қатысты кездескенбіз. Оған дейін мейрамхана иесін танымайтынмын. Сол күні бірінші рет көрдім. Мейрамханасына кәуәп пісіруші немесе ди-джей болып жұмысқа орналасқым келді. Бірақ біз барған кезде ол мейрамханада болмады, әкімші хабарласқан кезде кешке болатынын айтты. Біз Халидпен (күдікті Руслан Қожантаев өзін солай атайды — еск.) мешітке барып, намаз оқып, кешкі асымызды ішіп, 19.00-ге қарай мейрамханаға қайтадан келдік. Мұханғалиев «Рахат-Лукумда» отырды, біз амандасып, Халид оң жағына, мен сол жағына отырдым, марқұм қарама-қарсы отырды, қасында қызы болған, бірақ ол артынан кетіп қалды. Халид жұмыс жайлы сөз қозғай бастады. Мұханғалиев маған бірнәрсе айтқандай болды, мен дұрыс естімей, қасына отырдым. Сол кезде Халид пен Еркін сөзге келіспей қалды. Халид пышақты алып Мұханғалиевтің мойнына сұғып алды. Мен қатты шошып, орнымнан атып тұрдым. Адамнан қан атқылағанын бірінші рет көруім», — дейді күдікті Тұрар Амангелді.

Артынша, оның сөзінше, мейрамхана әкімшісі келген. Қожантаев оны пышақпен шошытып, ал Амангелді әкімшінің қасына барған. Сол кезде Мұханғалиев терезеден шығып, қашып кеткен, ал Қожантаев оның арқасына бірнеше рет пышақ сұғып алған.

«Халид маған заттарды алып, қашуымды айтты. Мұханғалиев қашып бара жатып шалынып, құлап түсті. Халид оның басынан бірнеше рет ұрып, менің барсеткамнан пышақты алып, тағы бірнеше рет пышақтады. Мен оны тоқтатуға тырыстым. Мұханғалиевті тепкен емеспін, шок жағдайында болдым, есімде ештеңе жоқ. Тергеу кезінде мен әкімшіге қоқан-лоқы көрсетіп, Мұханғалиевті тепкенімді айттым, бірақ шын мәнінде олай болған жоқ. Шок жағдайында болдым, ал тергеушілер маған психологиялық қысым көрсетті. Артынша тағы бір қызметкер маған тағы бірнеше іс бойынша айып тағатынын айтты. Ұстаған кезде бізді бірнеше жерімізден ұрды. Оны растайтын анықтама бар, бірақ ешқандай шара қолданылған жоқ», — дейді Тұрлан Амангелді.

Ол Руслан Қожантаевпен адам өлтіру бойынша алдын ала келіспегенін, Мұханғалиевтің өліміне қатысы жоқ екенін айтады. Ал пышақты жұмыстан кеш шығатындықтан, өзін қорғау мақсатында үнемі ұстап жүретінін айтады.

«Мен Мұханғалиевті өлтірген жоқпын, Қожантаевқа көмектеспедім. Ол жерде кездейсоқ болған адаммын. Марқұм әлі күнге дейін түсіме кіреді», — дейді айыпталушы Тұрлан Амангелді.

Еске салайық, бұған дейін тағы бірнеше куәгер қанды қылмысқа қатысты тың деректер айтқан.

Мақалада: "Марқұм түсіме кіреді": Оралдағы жантүршігерлік кісі өліміне қатысты тың дерек шықты

Ұқсас жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

10.11.2026
Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының 111 шақырымында жөндеу жұмысы толық аяқталды. Осылайша Семей қаласынан...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

10.11.2026
Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

«Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

3 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

3 часа бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

4 часа бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

4 часа бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

4 часа бұрын

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

4 часа бұрын

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

4 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС