"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Президент тапсырмасы: Астанада жас кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие қолжетімді

29.03.2023
Президент тапсырмасы: Астанада жас кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие қолжетімді
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта бизнесті несиелендіруге қатысты бірқатар тапсырма берген болатын. Оның ішінде жылдық 2,5%-бен жеңілдетілген шағын несиелеу тетігінің арқасында жастарға стартап ашу мүмкіндігі қолжетімді. Елорда жастары Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында жеңілдетілген несие ала алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

«Шағын несиелер агронесиелік корпорация арқылы жүзеге асырылады. Бұл шағын несие 21 мен 35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Шағын несие 21 мен 35 жас аралығындағы кәсіпкерлікпен айналысқысы келетіндерге конкурстық негізде беріледі. Жеңілдетілген несиенің шарттары: номиналды сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 2,5%; несиенің максималды сомасы – 5 млн теңге (кепілдікпен). Мерзімі – 5 жыл. Мал шаруашылығында – 7 жыл», — деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жүсіпов.

Өтініш берген кезде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу мерзімі бес жылдан аспауы керек. Сонымен қатар микрокредит беру мерзімінің үштен бір бөлігі үшін негізгі борышты өтеу және сыйақы төлеу бойынша жеңілдік кезеңі қарастырылған. Міндетті шарт – кепілзаттың болуы. Кепіл ретінде жылжымалы да, жылжымайтын мүлік те қабылданады. Олар болмаған жағдайда кепіл берушіні тарту көзделеді — ата-аналары, туыстары және басқа да сенімді адамдар болуы мүмкін.

Жастарға шағын несие беру туралы шешімді бизнес жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия қабылдайды. Оның құрамына жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің, түрлі бизнес салаларының, сондай-ақ оқу орындары мен БАҚ өкілдері кіреді.

Өтінімдерді қабылдау осы жылдың 6 наурызында Аграрлық-несиелік корпорациясының Астана қаласы бойынша филиалында қабылданады.

«Биыл 562 микрокредиттік қызмет алушыға республикалық бюджеттен 2,8 млрд теңге қарастырылған», — деп қосты Ерлан Жүсіпов.

Сұрақтарға жауап бере отырып, ол кепілге қойылған мүліктің Астана қаласының аумағында болуы міндетті емес екенін және оны Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тіркеуге болатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында жас қазақстандықтарға жеңілдетілген шағын несие берудің жаңа тетігі енгізілген болатын.

Қаржы ресурстары өз кәсібін ашқысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын, оның ішінде тауар өндіру немесе сату, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету, өндірісті жүзеге асыруға ниет білдірген 21 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтарға конкурстық негізде ұсынылады.

Ұқсас жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

05.11.2026
ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше Абай облысының «Қоғамдық келісім» мекемесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған басым бағыттарды талқылауға арналған диалог алаңы өтті. Кездесуге этномәдени...

Толығырақ...Details

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

05.11.2026
МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Біздің бойымызда бір қызық дерт бар. Біреуге атақ берілсе, екіншісі оған риясыз қуана қоймайды. Керісінше, «Неге оған берілді?», «Менің одан...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

5 часов бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

12 часов бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

12 часов бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

12 часов бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

12 часов бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

1 день бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

1 день бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

1 день бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

1 день бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС