"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семей қаласының әкімдігі екі айлық санитарлық тазалау жұмыстарын өткізу туралы хабарлады

29.03.2023
Семей қаласының әкімдігі екі айлық санитарлық тазалау жұмыстарын өткізу туралы хабарлады
62
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қала әкімдігінің 2023 жылғы 28 наурыздағы «Қалада көркейту, көгалдандыру және санитарлық тәртіп орнату жөніндегі санитарлық-экологиялық екі айлықты өткізу туралы» қаулысына сәйкес, ағымдағы жылдың  1 сәуірінен бастап абаттандыру бойынша санитарлық-экологиялық екі айлық өткізу туралы жариялады.

Абай облысының аумағында жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау және облыстың қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларына сәйкес, қалалық сенбіліктер мен екі айлық санитарлық тазалау жұмыстарын өткізу күндерінде кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, қоғамдық және кооперативтік ұйымдардың барлық басшылары және қала тұрғындары бөлінген және бекітілген аумақтарда санитарлық тәртіп орнатуға белсенді қатысуға және мынадай жұмыс түрлерін орындауға міндетті:

— қоқысты (полиэтилен пакет, бөтелкелер және т. б.), сусымалы материалды (шлак, құм, саз, қиыршық тас) шығаруды ұйымдастыру;

— қоршауларды, қақпаларды, есіктерді бояу;

— ағаштарды, қоршауларды, жертөлені ағарту;

— қоқысты шығару бойынша шарт жасасу.

Қала әкімінің бастамасымен сенбілікті сапалы өткізу, санитарлық тәртіп орнату мақсатында қала 14 секторға бөлінген. Әр сектор әкімдіктің дербес бөліміне бекітілген.

Сонымен қатар, жеке меншік иелері, барлық меншік нысандарының басшылары (ЖШС, ЖК және т.б.), сондай-ақ, гараждар, үйлер, саяжайлар, бау-бақша кооперативтерінің төрағалары аумақты тазалаумен айналысуы керек.

ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес, осы Кодекстің 381-1 – бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қалалар мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және зақымдау — жеке тұлғаларға ескерту жасалады немесе 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, шағын кәсіпорын субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға – 30 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабына сәйкес, жалпыға ортақ пайдаланылатын орындардың, саябақтардың, скверлердің ластануы, оның ішінде белгіленбеген жерлерде коммуналдық қалдықтарды тастау – 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

«Тұрғындар қатты тұрмыстық қалдықты рұқсатсыз қалдырғандардың фотосуретін, бейнематериалдарын түсіріп, сенім телефонымызға жіберсе, жергілікті полиция қызметі құқық бұзу фактісін анықтаса, біз экологиялық жауапты тұрғындарды сәйкесінше ынталандыруға дайынбыз. Біз қоршаған ортаны сақтауға бар күшімізді салып, жұмылдырамыз деген сенімдемін», — деп атап өтті қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, 2023 жылдың 28 наурызында Рысқұлов көшесінде осындай бұзушылық фактісі анықталған болатын. Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, көлік құралын басқарған КамАЗ автомашинасының жүргізушісі шатырсыз жүктің құламауын қамтамасыз етпеген, соның салдарынан оған тиісті органдар айыппұл салған.

Семей қаласының әкімдігі екі айлық санитарлық тазалау жұмыстарын өткізу туралы хабарлады

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

3 часа бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС