"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СТУДЕНТТІК ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

30.03.2023
СТУДЕНТТІК ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
37
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

27 наурыз — Халықаралық театр күні. Атаулы күн 1961 жылы Вена қаласында өткен ЮНЕСКО Халықаралық театр институтының IX конгресінде бекітіліп, 1962 жылдан бері тойланып келеді. Осы күнге орай Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Студент жастар театры — 2023» фестивалі өтті.

Зарина КӘП

«Семей таңы»

Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің маңызды құралы. Жаңа есімдер, жаңа бейнелер, бір-біріне ұқсамайтын қойылымдар, фестивальдар мен премьералар — мұның бәрі бұрыннан бері келе жатқан қоғамның ажырамас бір бөлігі іспеттес.

— Бүгінгі шараны ұйымдастырып жатқан қалалық Жастар ресурстық орталығына алғысымыз шексіз. Бүгінгі қоғамда театрға қызығатын жастар аз. Осындай шаралар театр өнерін сүйетін жастардың қатарын көбейтері анық. Бұл фестивальға Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищенің студенттерінен жасақталған «Ес-аймақ» театры «Қорғансыздың күні» қойылымын әзірлеп әкелді. Дайындыққа 3 ай уақыт кетті, осы уақыт ішінде студенттеріміз шыңдалды, әркім өз рөлін жақсы ойнап шығу үшін көп еңбектенді, сондықтан додаға сақадай-сай келдік деп айта аламын,- дейді М.Төлебаев атындағы музыкалық училищенің режиссер-педагогі Болат Қамзин.

Студент жастардың әртістік қабілетін, сахнадағы жүріс-тұрысын Абай атындағы театрдың режиссері Ербол Жүнісбек пен «Дариға-ай» жастар театрының актері Әділжан Серікқалиұлы бағалады.

— Қаламыздағы студент жастардан құралған театрлар арасындағы фестивальды Халықаралық театр күніне орай ұйымдастырып отырмыз. Біз сайыс ережелерін 3 ай бұрын жіберген болатынбыз. Содан бастап қызу дайындыққа кіріскен жастар бүгін өнер көрсетуде,- дейді Семей қаласының Жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Ерсінбек Өрлеубек.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын фестиваль биыл да жоғары деңгейде өтті. Қаламыздағы бірнеше жоғарғы оқу орындары мен колледждерінің студенттік театрлары бақтарын сынаған фестивальда Шәкәрім университетінің «Қарагөз» театры үздік деп танылды. Екінші орынды Құрылыс колледжінің «Шаңырақ» театры, үшінші орынды М.Төлебаев атындағы музыкалық училище мен М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің «Ес-аймақ» театрлары өзара бөлісті.

«Үздік режиссер» аталымын М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж театрының режиссері Ислам Азизов, «Үздік ер адам рөлі» аталымын Шәкәрім университетінің студенті  Мағауия Сұңғат, «Үздік әйел адам рөлі» М.Төлебаев атындағы музыкалық училищенің студенті Аружан Жұмабайқызы иеленді.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

23 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

23 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС