"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Депутаттарға куәліктер тапсырылды

30.03.2023
Депутаттарға куәліктер тапсырылды
45
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгін Абай облысы мәслихатының сегізінші шақырылымының бірінші сессиясы өтті. 

Сессия жұмысына Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Наталья Фесенко, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, құқық қорғау органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктер мен облысымыздың партияларының өкілдері және жаңадан сайланған 28 депутат қатысты.

Күн тәртібінде Абай облысы мәслихатының төрағасын сайлау, мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру, тұрақты комиссиялардың төрағаларын сайлау және депутаттық фракцияны тіркеу мәселелері қаралды.

Сессия барысында Н.Фесенко сайлау қорытындылары туралы баяндады.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша 15 депутат сайланды. Партиялық тізім бойынша AMANAT партиясынан 13 депутат, Respublika партиясынан бір, «Қазақстан Халық партиясынан» бір депутат сайланды. Депутаттардың 6-ауы нәзік жандылар болса, 3-еуі 35 жасқа дейінгі жас. Жасы ең үлкені – 67 жаста.

Халық қалаулыларына төсбелгілер мен куәліктер тапсырылған соң Абай облысы мәслихатының төрағасы ретінде Қуаныш Сүлейменов сайланды. Тұрақты 5 комиссия құрылып, төрағалары бекітілді.  Ел игілігі жолында ауқымды жұмыстар күтіп тұрғандығын тілге тиек еткен облыс әкімі Нұрлан Ұранханхаев сегізінші шақырылым депутаттарының жұмысына сәттілік тіледі.

Нұрлан Ұранхаев — Абай облысының әкімі — Бүгін облыстық мәслихаттың VIII шақырылымы алғаш бас қосып отыр. Сайлау нәтижесінде жеңіске жеткен барша депутаттарға, қызметіне табыс тілеп, алғашқы сессияның ашылуымен құттықтаймын! Жаңадан сайланған әр депутат мемлекетіміз бен қоғам алдындағы зор жауапкершілікті сезініп, ел мүддесін қорғауға адал қызмет жасайды деп сенемін. Бір жыл бұрын, Мемлекет басшысы саяси жаңғыру бағдарламасын ұсынды. Барлық бастамалар халқымыздың шынайы қолдауына ие болғанын, кеше, Парламент мінберінде Қасым-Жомарт Кемелұлы баса айтты. Саяси жаңғырулар легінде Депутаттардың да рөлі едәуір күшейді. Сайып келгенде, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделген реформалар – мемлекетіміздің басты тірегіне айналды. Сол реформалардың негізінде Абай облысы құрылды. Халқымыз барлық саяси процестердің бел ортасында жүрді. Мен, ел тағдыры таразы басына алынған сәтте, тыс қалмай, саяси сауаты мен белсенділігін танытқан әр азаматқа шынайы ризашылығым мен алғысымды білдіремін!

 Құрметті депутаттар!

Алдымызда, өздеріңізбен бірге қызмет жасап, шешілуі тиіс маңызды міндеттер тұр. Біз, Кешенді жоспар мен мемлекеттік бағдарламаларды негізге алып, облысымызды, жан-жақты жаңғырту жұмысын күшейтуіміз қажет. Әсіресе, әлеуметтік-экономикалық даму барысына тың серпін беретін жобаларға назар аудару маңызды! Ауызбіршілігімізді сақтап, аталы сөзге тоқтап, халықтың тұрмысын жақсарту! Облыстың экономикасы мен әлеуметтік саласында «ширек ғасыр» жиналып қалған түйткілдер бар. Оның барлығын ретке келтіру – ортақ міндетіміз! Жұмыс барысында тиімді әрі қажетті шешімдер қабылданып, пайдасын халық көреді деп сенемін! Баршаңызға толағай табыс тілеймін! Елдің жүгі, ұлт болашағы мен ұрпақ қамы үшін күш біріктіріп, Абай еліне лайықты қызмет жасайық!

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ

Депутаттарға куәліктер тапсырылды Депутаттарға куәліктер тапсырылды Депутаттарға куәліктер тапсырылды

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

8 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

8 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

12 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС