"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.04.2023
ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
17
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысына ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев жұмыс сапарымен келді. Комитет төрағасы алдымен Семей қаласындағы «СемАз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, зауыттың жұмысымен танысты.

Зарина КӘП,
«Семей таңы»

2007 жылы ашылған ауыл шаруашылығы және жүк техникасын өндіруші «СемАз» зауытының бүгінде әлеуеті зор. Қазіргі таңда «ГАЗ» және «HINO» маркалы шағын тоннажды көліктер, «BELARUS» маркалы тракторлар мен «SHACMAN» және «DONGFENG» маркалы жүк көліктері, «ZHONGTONG» және «DONGFENG» автобустары, сондай-ақ «Урал» маркалы жол талғамайтын және арнайы мақсаттағы көліктер шығарылады. Екі ауысымда жұмыс істейтін зауыттың өндірістік қуаты да жоғары.
— Бүгін жұмыс сапарымен Абай облысына табан тіредік. «СемАз» кәсіпорнында болдық. Барлық түйткілді мәселелер айтылды. Оның ішінде техникалық реттеу, сертификаттау және сынақтан өткізу, экспорттауға қатысты сұрақтар көтерілді. Бүгінгі таңда бірқатар елдер төменгі экологиялық класты техникаларды қабылдауға дайын. Ол үшін еліміздегі сертификаттау мәселесін шешу керек. Бұл мәселе бойынша барлық шешімдерді қарастыратын боламыз,- деді Қуаныш Елікбаев.
«СемАз» кәсіпорнының жұмысымен танысқан Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы мекеменің жұмысына жоғары баға берді.
— Бұл — техниканың түр-түрін шығаратын үлкен кәсіпорын. Мұнда әр түрлі арнайы техникалар жасалады. Бүгін бұл кәсіпорынның қазақстандық аккумуляторлар сияқты компоненттерді қолдана бастағанын көрдік. Жақын арада отандық шиналарға көшу жоспарлануда. Дәнекерлеушілердің жұмысын, яғни автобус шанақтарының қалай дәнекерленетінін көрдік. Мұның өзі — үлкен жетістік. Жұмыс сапасы жоғары деңгейде деген сөз. Алдағы уақытта да табыстар тілеймін,- деді.
Мәртебелі мейман Семей қаласына арнайы келуінің себебін де айта кетті.
— Семей шаһарына келуіміздің өзіндік себебі бар. Биыл Қазақстан метрологиясына 100 жыл толады. Ал еліміздегі метрологияның даму ошағы осы Семей қаласы. 100 жыл ішінде елімізде орасан зор жұмыстар атқарылды. Бүгінгі таңда Қазақстанда жүзден астам стандартты техника, осы саладағы жетекші шетелдік ұйымдармен 70-тен астам келісімдер мен меморандумдар жасалған, Қазақстан — барлық негізгі халықаралық ұйымдардың мүшесі. Бұл — біз үшін үлкен жетістік,- деп түйіндеді сөзін ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Нұрланұлы.
Осыдан соң Техникалық реттеу және метрология комитетінің басшысы Қуаныш Елікбаев жергілікті қауымдастықпен кездесті.
Абай облысы әкімдігінің және ірі кәсіпорындардың өкілдерімен кездесу барысында Қуаныш Елікбаев техникалық реттеу саласындағы өзекті мәселелерді жеткізіп, оларды шешу үшін өңірлік штаб құрылғанын айтты.
Абай облысы — техникалық реттеу саласындағы мәселелерді шешу мақсатында штаб құрылған санаулы өңірлердің бірі. Тарихи тұрғыдан алғанда, бұл кездейсоқтық емес, өйткені осыдан тура 100 жыл бұрын аспаптардың өлшеуге жарамдылығын анықтау мақсатында Омбы тексеру палатасының Семей бөлімшесі ашылды. Осы күннен бастап отандық метрологияның қалыптасуы мен дамуы басталды.
– Техникалық реттеу мәселелерін шешу үшін біз өңірлік штаб құрдық. Бұрын мұндай штабтар өңірлерде жұмыс істеген, бірақ кейіннен таратылды. Басты мақсат – стандарттау, техникалық реттеу мәселелерімен жұмыс істейтін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерді біріктіріп, ортақ талқылаудан кейін орталық мемлекеттік органдарға өз мүдделерімізді жеткізу. Бұл мамандандырылған ашық алаң жиі ұйымдастырылатын болады, – деді Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов.
Өңірлік штабқа мемлекеттік органдардың, ірі бизнес өкілдерінің, «Атамекен» ҰКП-ның және басқа да мекемелердің өкілдері енген.
Комитет басшысы Қуаныш Елікбаев тұрғындарды аттракциондар мен ойын алаңдарының қауіпсіздігі секілді өзекті мәселелер көп алаңдататынын атап өтті.
— Біздің бастамамыз бойынша Үкімет қаулысымен жергілікті атқарушы органдарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жүктелді. Елімізде мұндай нысандарда балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін жағдайлары жиі кездеседі. Біздің міндетіміз — барлық деңгейдегі әкімдіктерге осындай нысандарға жауапкершілік пен бақылауды арттырып, нақты тапсырмалар жүктеу, — деп атап өтті Қуаныш Елікбаев.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің басшысы сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілген жаңа талаптар туралы және олардың орындалуын бақылау қажеттілігі туралы айтып өтті. ЕЭО аясында талаптар үнемі жетілдіріліп, жаңа нұсқалар енгізіліп отыратыны белгілі.
Мысалы, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап құс етіне және оны қайта өңдеу өнімдеріне жаңа техникалық регламент енгізілді. Онда құс етін сумен және басқа да қоспалармен араластырмау туралы шарт бар. Сонымен қатар тексеруден өтпеген құрылғыларды пайдалану фактілері көп анықталып, кейбір кәсіпорындар мен денсаулық сақтау мекемелеріне айыппұл салынған.
Кездесу барысында бизнес өкілдері мен тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар берілді.
Жиыннан соң комитет басшысы азаматтарды жеке қабылдады.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

1 день бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

2 дня бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

3 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

3 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС