"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЗАҢНАМАҒА ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ?

04.04.2023
ЗАҢНАМАҒА ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ?
19
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласындағы Бизнес және сервис колледжінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Әділбек Мұқашевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Семей таңы»

Баспасөз мәслихаты барысында департамент басшысы мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып берді. Оның айтуынша, азаматтарға көрсетілетін қызметтерде бұзушылықтардың алдын алу функциясы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілген. Сонымен қатар аудан әкімдерін сайлау жөнінде   Заң қабылданған. Осы жылдан бастап кейбір аудан әкімдері тікелей халық арқылы сайланатыны ескеріліп, «Мемлекеттік  қызмет туралы» Заңға өзгерістер енгізілді. Сайланған әкімдер сынақ мерзімінен және ротациядан босатылды, сондай-ақ «лауазымын төмендету» тәртіптік жазасы алып тасталды.

— Ақпан айында Агенттіктің бұйрығымен Мемлекеттік басқару академиясының түлектерін өңірлердегі лауазымдарға, сондай-ақ мемлекеттік грантпен оқу  орындарын аяқтаған түлектерді аудан мен ауылда төменгі лауазымдарға конкурссыз, тікелей тағайындау үшін оқу   нәтижелері белгіленді. Осылайша, тиісті оқу нәтижесі 3,33 GPA, яғни дәстүрлі жүйе бойынша «жақсы» деген көрсеткіш, немесе 100 балдық жүйе бойынша 85-89 деңгейінде бекітілді.

Сонымен қатар «Б» корпусының жоғары лауазымдарына конкурссыз, тікелей тағайындау басталды. Содай-ақ Агенттікке біліктілік талаптарды келісу функциясы қайтарылды. 20 наурызда Агенттік әзірлеген мемлекеттік қызметті жетілдіру туралы заң қабылданды,- деп атап өтті департамент басшысы.

Аталған заң аясында  «Келісімшарттық қызметшілер» ұғымы заңнамаға енгізілді. Олар мемлекеттік қызметші санатына жатпайды. Бұл  салалық жобаларды іске асыру кезеңінде арнаулы білімі бар кәсіби мамандарды тартуға мүмкіндік береді.

— Келісімшарт мерзімі бір жылдан аспайды. Келісімшарттық қызметшілерге қатысты нақты ережелер мен тәртіптер тиісті Үкімет қаулысында белгіленетін болады. Сондай-ақ аталған заңнама аясында ротациялық төлем енгізілді. Яғни өзге өңірге ротацияланатын қызметшіге уақытша үй берілуі тиіс. Сонымен қатар мемлекеттік қызметте қашықтықтан жұмыс жасау және икемді жұмыс кестесін реттеу құзыреті  Агенттікке берілді. Осыған орай жұмыс кестесінің нақты тәртібі  Агенттіктің тиісті бұйрығында белгіленетін болады,- деді Әділбек Мұқашев.

Мемлекеттік басқару академиясы түлектерінің  міндетті жұмыс өтеу тәртібіне де өзгертулер енгізілген. Қолданыста болған Заңның редакциясына сәйкес, Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түскен мемлекеттік органның қызметшісі  міндетті түрде сол органда жұмыс істеуі тиіс болатын.

— Бұл мемлекеттік қызметшінің мүмкіндігін шектеп, өзінің білімін арттыруға, оқуға түсуге деген ынтасын азайтады. Осыған орай, аталған талап алынып, жалпы мемлекеттік қызметте 3 жыл жұмыс істеу талабы қалдырылды. Сондай-ақ мемлекеттік органдарда басшылар мен орындаушылар санын реттеу бекітілді. Енді басшылар мен орындаушылар саны Агенттіктің бұйрығымен реттелетін болады. Сондай-ақ жалақы үшін мемлекеттік қызметшінің жұмыс өтілін есептеу тәртібін бекіту құзыреті де Үкіметтен Агенттікке берілді,- деді Әділбек Мұқашев.

Сондай-ақ саяси қызметшіні «сенім жоғалтуына» орай жұмыстан босатуға қатысты заңнама толықтырылды. Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша өз өкілеттігін тиісінше орындамаған саяси қызметшіні «сенім жоғалтуына» байланысты жұмыстан босату институты енгізілген. Мұндай шешімді тек Мемлекет басшысы ғана қабылдайды.

— Мемлекеттік органдарда жұмыс кестесінің дұрыс сақталуын бақылауды жүзеге асыру қарастырылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізіліп, мемлекеттік органдарда жұмыс кестесін заңсыз бұзу туралы әкімшілік істерді қарау Агенттікке берілді. Бұрын мұндай істерді әкімдіктердің еңбек инспекциясы қарайтын. Аталған түзету 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі. Осыған орай, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда  Агенттікке мемлекеттік органдарда  жұмыс кестесінің дұрыс сақталуын бақылау функциясы бекітілді. Мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы саласындағы актілер де енді Агенттік арқылы келісіледі,- деді Әділбек Мұқашев.

16 наурызда Парламент әкімшілік реформа туралы Заңды мақұлдады. Бұл Заң, облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдері аппарат басшыларын «А» корпусынан саяси лауазымға   ауыстыруды көздейді.

Баспасөз мәслихаты соңында департамент басшысы БАҚ өкілдері сауалдарына жауап берді.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

7 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

7 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

11 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС