"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ — ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ»  

06.04.2023
«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ — ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ»  
174
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елімізде жас ұрпақтың тәрбиесі мен білім-білігін дұрыс жолға қою жолында білім саласына үлкен өзгерістер енгізіліп, ұстаздардың кәсіби деңгейі мен біліктілігін үздіксіз жетілдіруге үлкен көңіл бөлінуде. Себебі ел болашағы білімді ұрпақтың қолында. Ал оқушылардың сапалы білім алуы тікелей ұстаздарға байланысты. Тек білікті педагог қана білімді шәкірт тәрбиелей алады. 

Зарина КӘП,
«Семей таңы»

Осыған орай, жас ұстаздардың әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын арттыру, кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне одан әрі жағдай жасау мақсатында білім жетілдіру курстары, семинарлар мен байқаулар жиі өткізіледі. Мысалы, «Жаңа мектепке — жаңашыл ұстаз» республикалық байқауы биыл алтыншы рет ұйымдастырылып отыр.

Абай облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі байқаудың облыстық кезеңіне Абай, Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандары мен Курчатов, Семей қалаларынан үш жылға дейін педагогикалық еңбек өтілі бар 13  жас маман қатысты.

— Менің педагогикалық еңбек өтілім — бір жарым жыл. Осы уақыт аралығында көп ізденіп, білім саласындағы жаңашылдықтарды, оқытудың қыр-сырын меңгеруге тырыстым, аз да болса тәжірибе жинақтадым деп ойлаймын. Соның арқасында болар, аудандық байқауға қатысқан 10-нан астам жас маманның арасында жеңімпаз атандым. Бүгін облыстық кезеңде ауданымыздың намысын қорғайтын боламын,- дейді Абай ауданы Кеңгірбай би ауылындағы Шәкәрім орта мектебінің информатика пәні мұғалімі  Жансая Саятбекова.

Байқау үш кезеңнен тұрды. Алғашқы, таныстыру кезеңінің тапсырмасын жас мамандар креативті ойларымен,  жаңашыл идеяларымен ерекшеленіп, бір-бірінен қалыспай орындаса, педагогикалық жағдаяттарды шешу кезеңінде мүдіріп жатқандары да болды. Ал үшінші кезеңде қатысушылардан алдын ала қабылданған эссе жұмыстары мен бейнесабақтары бағаланды.

— Бүгінгі күні  облыс мектептерінде 720 жас маман еңбек етіп жатыр. Соның ішінде 116 педагогтің бір жылдық еңбек өтілі бар. «Ақыл — жастан, асыл — тастан» дейді дана халқымыз. Біз сіздердің шығармашылық әлеуеттеріңізді көру үшін, кәсіби шеберліктеріңізді арттырып, әлеуметтік орта қалыптастыру үшін осындай шаралар ұйымдастырып келеміз. Бүгінгі байқау республика бойынша алтыншы рет өткізілуде. Алдымен мектепте, сосын ауданда өтеді. Бүгін байқаудың облыстық кезеңіне қатысып отырған бәріңіз де жеңімпазсыздар. Енді араларыңыздан оза шапқан нағыз дүлдүл республикалық байқауда облыс намысын қорғайтын болады, — деді Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының директоры Айнұр Исабаева.
Байқау қорытындысы бойынша, Семей қаласы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған Білім-Инновация лицейінің  мұғалімі Ж.Нәубетов жеңімпаз атанды, ІІ орынды Бородулиха ауданы Ә.Бөкейханов атындағы қазақ орта мектебінің  мұғалімі Ж.Сағдатова, ІІІ орынды Ақсуат ауданы М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебінің ұстазы М.Еркінов иеленді.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

18 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

18 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

21 час бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС