"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАСТАР АРАСЫНДА АЙТЫС ӨТТІ

06.04.2023
ЖАСТАР АРАСЫНДА АЙТЫС ӨТТІ
73
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының Мәдениет сарайында «Наурыз нақыштары» деген атаумен айтыс өтті.  Жастар арасындағы бұл сөз сайысын ұйымдастыруда талай дүлдүлдер мен бұлбұлдарды түлетіп ұшырған Халықтық ақындар орталығының еңбегі зор.

Семей қаласының Мәдениет сарайында «Наурыз нақыштары» деген атаумен айтыс өтті.  Жастар арасындағы бұл сөз сайысын талай дүлдүлдер мен бұлбұлдарды түлетіп ұшырған «Халықтық ақындар» орталығы ұйымдастырғанын айта кету керек.
Қаламызда көптен бері мұндай айтыс өтпеген еді. Ақсүйек өнерге құрметі жоғары көрермен де бір жасап қалды. Айтыскер жас қыз-жігіттер де бауырларын бір жазып, жаңа қырларынан ашыла түскенін байқадық.
Ақындар жеребе арқылы төмендегідей жұптасты: Қуандық Кенжебекұлы — Бейсенбай Нұрислам; Айбек Жеңісқазин — Жадыра Төлеуқоңыр; Жасұлан Мақаев — Назгүл Бауыржанқызы; Әлішер Қыдырбек — Жадыра Сексенбаева; Ерзат Рахатбек — Ерік Омарғалиев.

Алғашқы сайыс Шәкәрім университетінің студенті Ерзат Рахатбек пен Ерік Омарғалиевтың арасында өтті. Тұсауы кесіліп, томағасы сыпырылған бала қыран, қиядан қиғаш ұшып, ел арасында «Бақсы» деген атқа ие болған Ерзат Рахатбектің Ерік Омарғалидан ұпайы төмен болды. Алғашқы жұп болған соң ба, әлде әуселелері солай болды ма, айтыс жоғары деңгейде шықпады?! Дегенмен әлі қалыптасып, қатарға қосылады деген үміт зор.

Екінші болып сахнаға Айбек Жеңісқазин мен Жадыра Төлеуқоңыр шықты. Талай топқа түсіп төселіп алған Айбектің арыны да, қарымы да, адымы да бөлек болды. Жадыра да сипай қамшылап отырып, жақсы айтыс шығарды.

Айбек Жеңісқазин қаламызда Құнанбай атындағы көшенің жоқтығын тілге тиек етіп, иедологиялық тұрғыдан ескірген Морозов көшесінің қажет емес екенін былай жеткізді:

Семейдей көп көрді ғой қала жұтты,
Алаштың аппақ туын нала жықты,
Алаштың астанасы болған қала
Тұлғаларды тудырған, бар озықты.
Бүгінгі келбетіне қарар болсақ,
Арыстардан орыстың бағы озыпты,
Семейде орыстардың көшесі көп,
Ол, әрине, қылмай ма наразы ұлтты.
Мысалы, Морозовтың көшісі бар,
Әкелген ерлеріме қара жұтты.
Қызыл жүйе жасаған саясаттан
Қазақтың жүйрігінен жабы озыпты,
Морозов Семей үшін не істеп еді?
Қияға шығарып па еді қара жұртты!
Семейде Құнанбайдың көшесі жоқ,

Қара нар ғой көтерген қара жүкті.
Облыс болып еңсені тіктеудеміз,
Ажыратар кез келді аражікті,
Абай туған мекенге сын болады,
Алып тастай алмасақ Морозовты!

Оқушы күндерінен бірін-бірі жақсы білетін Жасұлан Мақаев пен Назгүл Бауыржанқызының айтысы да — қалжыңы да, сүбелі сөздері де жарасымды болды.

«Сахнада Балғынбек пен Айнұрдай жарасып жүрейік»,- деп Назгүлге қарата айтқан Жасұланның сөзіне Назгүл былай деп ұтымды жауап берді:

Ақындар шықса алдыңа,
Әнімен елді тербейді.
Ағайын барда жыр сүйер,
Өлеңнің оты сөнбейді.
Досымның айтқан бір сөзін
Бұл Назгүл келіп тергейді.
Балғынбек пенен Айнұр деп,
Қиялың көкке өрлейді.
Айнұрдай асыл әпкемнің,
Соңынан ерген сіңлімін,
Ұқсасам, ұқсайм (ын) мен мейлі.
Ал сенің мына тұрысың,
Қалтылдап әрең жүрісің.
Сөйте тұра бұл досым:
«Балғынбек маған тең»,- дейді.
Балғынбек қайда, сен қайда?
Біраз ойлансаң болмай ма?!
Қылжақтарың да келмейді,
Салмақтарың да келмейді.

Айтыстың бас жүлдесін алған Жасұлан Мақаевтың мына бір қайырымы қалың көпшіліктің ризашылығына ие болды.

Жұрттың сөзін осылай толғау керек,
Жоғарыға жобалап жолдау керек,
Жаңа ғана сайланған жас депутаттар
Осыны қол көтеріп қолдау керек.
Толықтай қазақшалап өзгертуді
Қорықпай бастап кетсек қолдан келед.
Бас ақынның атындағы облыста
Басқа тілді атаулар болмау керек!!!

Төртінші жұп – Әлішер Қыдырбек пен Жадыра Сексенбаеваның арасындағы «Қайны мен жеңге» айтысы да қызықты болды. Сонымен қатар Әлішер Қыдырбек қоғам мәселесінен де сырт айналып өткен жоқ.

Жұрт барда желкенімді желше үрлейтін,
Кемедей мұз жарады өршіл кейпім,
Шет елге көшіп кеткен шенділер көп,
Өмірін ағайынмен тең сүрмейтін.
Семейді де тастап кеткен жандар қанша,
Болашағы бұлыңғыр деп жерсінбейтін.
Облыс болдық, бізге де ел ағылуда,
Семейім, туған өлкем сенсің дейтін.

Ағайын, нағыз батыр сендерсіңдер,

Ата жұрттан басқаны менсінбейтін,- деп өткір түйіндеді.

Соңғы жұп – Қуандық Кенжебекұлы мен Нұрислам Бейсенбайдың шабысына да куә болдық. Қуандық қарсыласынан басым түсіп, финалға жолдама алды. Екі ақынның да өткір сөздері мен ойлы шумақтары санамызды бір серпіп тастады.

Айтысты толықтай талдап, әр шумаққа зер салып, әр ақынның табиғатын ашқанға аз уақытымыздың көбі кетеді. Сондықтан қысқаша қайырдық. Ақындарға әлі де ізденіс керек екенін, толықтыратын тұстары мол екенін тағы да айтқымыз келеді. Айтыс сөз өнерінің асылы болғандықтан, көркемдік деңгейдің де жоғары болуы шарт деп түйдік.

Сонымен, айтыстың бас жүлдесін Жасұлан Мақаев қанжығасына байлады. І орынды Айбек Жеңісқазин еншілесе, ІІ орынға Әлішер Қыдырбек табан тіреді, ал ІІІ орынды Қуандық Кенжебекұлы қанағат тұтты.

Әуезовше айтқанда, сөз барымтасының сардарлары сүбелі айтыс жасады.  Жас айтыскерлерге сәттілік пен шығармашылық ізденіс тілейміз.

Мерей ҚАРТ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,
ҚР Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

6 часов бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

6 часов бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

9 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

9 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

9 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

9 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

10 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

10 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

10 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

10 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС