"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Түркістанда бір үйде жарылыс болып, төрт адам қаза тапты

07.04.2023
Түркістанда бір үйде жарылыс болып, төрт адам қаза тапты

Фото: tvmig.ru

143
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Түркістанда бір үйде жарылыс болып, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

21 наурызда 19:40 шамасында Түркістанда жантүршігерлік жағдай болды. «Яссы» шағынауданы Қазыбек би көшесі №231 үйден үш кішкентай бала мен анасының күйік шалған денесі шығарылып, ауруханаға жеткізілген еді. Жансақтау бөлімінің дәрігерлері балалардың күйігі 50-60 пайыз, аналары 80 пайыздай екенін анықтап,  жағдайы тым ауыр деді. Кейін араға 3-4 күн уақыт салып, алдымен үш баласы, артынан анасы да көз жұмды.

«Кешқұрым дүкенде тұрсам, бір нәрсе тарс етіп атылды. Дереу сыртқа жүгіріп шықсам, дәл қасымдағы үй екен. Түтеп, жанып жатыр. «Бұл үйде кішкентай балалар бар еді ғой деп ештеңеге қарамай ішке жүгіріп кірдім де, балаларды бірінен соң бірін сыртқа көтеріп шығардым. Олардың түр-әлпетін суреттеу тым ауыр. Ал аналарын шығаруға әлім жетпеді. Көмек сұрап көшедегі көліктерді тоқтатпақ болдым. Бір кезде ішінен біреуі жүгіріп түсті де көмектесті. Әйелдің денесі төсенішке жабысып қалған. Күйеуі Германияға жүк көлігін айдап кеткен екен, енесі ағайынының үйіне асқа кеткен. Сол кезде болған оқиға ғой. Әлі күнге ойыма оралса, өз-өзіме келе алмай, абдырып қаламын», — деді оқиғаға куәгер болған көрші.

Үш баласымен бірге өртеніп кеткен әйелдің әпкесі сіңлісінің өліміне өзін кінәлайды.

«Сол күні біз сіңілім екеуміз Түркістан базарында жолығамыз деп келістік. 13:00 шамасында мен базарда кездесетін жерге келсем, ол жоқ. Біраз күттім, болмаған соң қоңырау шалдым. Көтермеді. Қанша рет хабарлассам да, тұтқаны көтермеген соң уайымдай бастадым. Сосын үйіне бардым. Есігі тарс жабық тұрды. Бұл шамамен 15:00-дің кезі. «Бір жаққа кетіп қалды ма, не болды?» деп мән-жайды сұрауға көрші тұрған дүкенге кірдім. Сатушы қыз «Бізге күнде келіп, нан, сүт алып кетуші еді, бүгін А-ны көрмедім» деді. Сосын екеуміз бірге шығып, тағы да бір сағаттан аса есігін қақтық. Қоңырау шалдық, көтермеді. «Қой, жаманға жорымайын, бір жерге кетіп, телефонын тастап кетті ме, не де болса хабарласар» деп үйге кетіп қалдым. Бірақ жүрегім бір жамандықты сезгендей, дүрсілдеп тұрды. Өзім Түркістаннан біраз жерде ауылда тұрамын, кешке үйге жеткенде жаманат хабар жетті. «Неге есікті бұзып ашып кірмедім, бәлкім тірі қалар ма еді?» — деп қатты өкіндім. Сіңлімнің қазасына әлі де болса, өзімді кінәлаймын», — дейді әйелдің әпкесі.

Мамандар оқиғаның шығу себебін әлі сараптап жатыр. Үйден редукторы істен шыққан 25 литрлік газ балоны шықты. Ал «Газмонтаж Нұр» ЖШС өкілдері бұл отбасының газ желісін қостыруға төлем жасамауына байланысты тұтынушыға желіні қосып бермегендерін, сондықтан олар өз бетінше қосып алған болуы мүмкін екенін айтады.

Мақалада: төрт адам қаза таптыТүркістанда бір үйде жарылыс болып

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

6 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

6 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

10 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС