"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАРНАМА ТІЛІ НЕГЕ ЖАРЫМЖАН?

11.04.2023
ЖАРНАМА ТІЛІ НЕГЕ ЖАРЫМЖАН?
87
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал»,- деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылдан асса да, өкінішке қарай, тіл мәселесі әлі де түбегейлі шешім тапқан жоқ. Ана тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, өз тұғырына шығармайынша, кемел келешекке алаңсыз көз тастау мүмкін емес.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ,
«Семей таңы»

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге қоғамдық орындардағы жарнама тілін түзеудің үлкен әсері бар. Жарнаманың сапасы мен заман талабына сай безендірілуінің маңыздылығын және тілдік сипаты одан да жоғары орынға ие екендігін ұмытпаған абзал.

Осы ретте 13 наурыздан бері облыс көлемінде «Сыртқа ілсең жарнама, ана тілін қорлама!» айлығы өтіп жатыр. Айлық аясында қаланың жергілікті атқарушы органдарының, облыс мәслихаты депутаттарының, қоғам белсенділерінің, еріктілердің, Жастар ресурстық орталығы өкілдерінің қатысуымен Семей қаласының сауда орталықтарында орналастырылған көрнекі ақпарат пен жарнама мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заң талаптарының сақталуына мониторинг жүргізілді.

— Акция аясында қаладағы шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының сыртқы көрнекі құралдарындағы ақпарат мәтіндерінің сауатты жазылуына, орналасуына зер салдық. Шәкәрім даңғылында орналасқан нысандарды аралап, маңдайша жазуларында, жарнамаларда, хабарландыруларда, тауарлық жапсырмаларда әдеби тілдің нормалары, стилистикалық ерекшеліктері мен тіл мәдениетін сақтау, сауатты жазу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргіздік,- дейді облыс мәслихаты депутаты Мерей Қарт.

Мониторинг барысында заңнама нормалары көрсетілген буклеттер таратылып, анықталған заң бұзушылықтар бойынша түсініктемелер беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.

— Көше атаулары жазылған тақтайшаларды біріздендіру және «ҚР Тіл туралы» Заңның 19-бабына сәйкестендіру мақсатында көшелер тізімі Семей қаласының тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы бөліміне жолданды. Алдағы уақытта барлық көше атаулары жазылған тақтайшалар кезең-кезеңімен талапқа сай ауыстырылатын болады,- дейді  Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Маржан Бахатова.

Көше атаулары жазылған тақтайшаларды біріздендіру, қателерді ауыстыру жұмыстары Абай көшесі, Шоқан Уәлиханов, Мұхтар Әуезов, Қабанбай батыр, Мәңгілік ел, Бауыржан Момышұлы, Қайым Мұхамедханов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жамбыл Жабаев, Әсет Найманбайұлы, Федор Достоевский, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабаев, Қаныш Сәтбаев сынды көшелерден басталады.

Мониторинг барысында 53 нысан тексерілсе, оның 12-де заң бұзушылық анықталған. Оның екеуі жедел түзетілсе, 41 нысандағы қателерді түзетуге 10 күн уақыт берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таба бермек.

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

1 день бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС