"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

84,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

15.04.2023
84,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ
17
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

 

Абай өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында бос жатқан және заңсыз алынған жерлерді мемлекетке қайтару бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы Абай облысының жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Дәулет Бижанов баяндап берді.

Мұхтар СОВЕТЖАНОВ,

«Семей таңы»

Әріден келе жатқан жер дауы әлі де бітер емес. Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерлер біртіндеп мемлекет меншігіне қайтарылуда. Игерілмей қалған және  бос жатқан жерлер Қазақстанның барлық өңірлеріндегі секілді біздің облыста да бар. Жерді қайтару бір-ақ күнде шешіле қоятын мәселе емес, дегенмен қазірдің өзінде Абай облысы бойынша 2022 жылға жоспарланған 200,0 мың гектар жердің 84,7 мың гектары мемлекет иелігіне қайтарылыпты.

Нақты айтар болсақ, Абай ауданында 12,3 мың, Аягөз ауданында 27,9 мың, Үржар ауданында 24,2 мың, Жарма ауданында 5,4 мың, Бесқарағай ауданында 5,3 мың, Семей қаласында 4,7 мың, Көкпекті ауданында 4,3 мың гектар аумақты құрайтын бос жатқан жерлер мемлекет меншігіне өткен екен.

— Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында және Қазақстан Республикасының Жер кодексіне еңгізілген соңғы өзгерістер бойынша бұл бағыттағы жұмыстарды бастап кеттік. Әрине, бірінші кезекте бізге жүктелген тапсырма — бос жатқан жерлерге бақылау жүргізу, сараптама жасау. Егер де жер иесі үш жылдан артық егін екпеген болса, мал шаруашылығымен айналыспаса, бірден тартып алмай, заңнама бойынша ескерту жасап, 1 жылға дейін уақыт береміз. Егер сол аралықта жер игерілмесе, мемлекет қарамағына қайтарылады,- деді Абай облысының жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы  Дәулет Ерназарұлы.

Жиында айтылғандай, биыл, Президент тапсырмасына сәйкес, республика бойынша пайдаланылмай жатқан 5 млн гектар жерді мемлекетке қайтару көзделіп отыр. Оның ішінде жалпы алаңы 250,0 мың гектарды құрайтын жер біздің облысымызға тиесілі. Жыл басынан бергі атқарылған жұмыстардың нәтижесінде сол 250,0 мың гектардың 38 пайызы мемлекетке қайтарылған.

Жер ресурстарын басқару департаменті басшысының мәліметінше, өткен жылы ескерту алған кәсіпкерлер ешқандай нәтиже шығармаса, ауыл шаруашылығы мақсатындағы 35,7 мың гектар жерді сот арқылы мемлекет меншігіне мәжбүрлеп қайтару жоспарлануда.

Сонымен қатар жоспардан тыс тексеру нәтижесінде Абай облысының жер ресурстарын басқару департаментінің  қызметкерлері жерді заңсыз пайдаланып отырған азаматтарға қатысты 9 заң бұзушылықты анықтаған. Атап айтсақ, мемлекет меншігіндегі жерді заңсыз иемдену, жалға алу мерзімінен кейін де пайдалану сынды фактілер тіркелген.

— Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмай отырған жер учаскелері бойынша тиісті құжаттар келіп түскен жағдайда, қолданыстағы Жер және Кәсіпкерлік кодекстерінің талаптарына сәйкес тексеру жұмыстары жүргізіледі,- деді жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы  Дәулет Бижанов.

Айта кетейік, Абай облысының жер ресурстарын басқару департаментінде 12 маман жұмыс істейді. Оның ішінде 8 мемлекеттік инспектор бар.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

49 минут бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

1 час бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

5 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС