"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

15 жастағы қыздың өлімі туралы тың мәлімет жарияланды

«Миллион теңге бермесең, жалаңаш фотоңды жариялаймыз» деп бопсалаған

18.03.2023
15 жастағы қыздың өлімі туралы тың мәлімет жарияланды

Өлтірген күдіктілерге қатысты жаңа деректер шықты. Бұл туралы Aikyn.kz сайты «КТК» телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Телеарнаның мәліметінше, Төрткүл ауылындағы 9-сыныптың оқушысы Аружан Орынбайды сол мектепте оқитын 11-сынып оқушысы мен 19 жастағы ауылдасы «миллион теңге бермесең, жалаңаш фотоңды әлеуметтік желіге жариялаймыз» деп бопсалапты.

Қомақты қаржыны таба алмаған 15 жастағы қызды «бірнеше рет пышақтап, денесін суға ағызып жіберген», – дейді туыстары. Қазір қос күдікті қамауда отыр. Тергеу жүргізіліп жатыр. Алайда марқұмның туыстары олар жазадан жалтарып кете ме қорқатынын жасырмайды. Себебі ұсталғандардың бірі экс-әкімнің ұлы болса, екінші күдікті ауқатты отбасынан шыққан.

Әжесі немересінің суретіне қарап, ботадай боздайды. 9-сыныпта оқып жүрген немересі пышақталған күйі ауыл маңынан өлі табылғанына әлі сене алар емес.

Кешке үйдегілер ұйқыға кеткенде Аружан сыртқа шығып, қайта оралмаған. Аружанның үйден соңғы рет шыққаны көрші үйдің қорасына қойылған бейнекамераға түсіп қалған. Түнгі сағат 12-лер шамасында әлдекіммен телефонмен сөйлесіп, елеңдеген қыз арықты бойлап жүреді.

Ертеңіне 15 жастағы қыздың денесі арықтың ішінен табылды. Әжесі оның кісі қолынан өлгеніне сенімді. Себебі  үйдің іргесіндегі арықтың маңы қанға малынған. Өзіне қол салғандай қылған қаскөйлер қылмысын жасыру үшін жарақат алған қызды суға тастаған.

Марқұмның әжесі Құрманкүл Салқынбекова: «Дыбысын шығармай, 11-сыныптың баласы қолын артқа қайырып ұстап тұрған. Екінші адам пышақты екі рет ұрған. Одан кейін қыз құлағаннан кейін 11-сынып оқитын балаға «қане, сен қолын кес» деген… Одан кейін ол қолын кескен. Арықтың жағасында қан судай аққан», – дейді.

Қара жамылған отбасы олар қыздың жалаңаш фотосын жалпыға жарияламас үшін миллион теңге сұрағанын айтады.

Марқұмның анасы Динара Зілғараева: «Соңғы мәрте алтысында менен ақша сұрады, қызым. Сосын мен айттым, «әкеңнен сұрашы» деген едім, «мама, сіздер ондай ақшаны тауып бере алмайсыздар» деді. Менің қызым ашық-жарқын күліп ойнайтын.  «Неғыласың ол ақшаны», – деп қайта-қайта сұрап едім, «мама, мен шетелге кетем» деді. Осы екі бала бопсалаған. «Ақша бермесең, масқараңды шығарамын, сенің суретіңді жариялаймын» деп қорқытқан», – дейді. Марқұм болған Аружан мен 11-сыныптағы күдікті туралы мектептегілер тек қана жақсы жағынан білетіндерін айтады.

«Екеуінің өзара қарым-қатынасы туралы енді естіп отырмыз» деген мұғалімдер күдіктінің  момын екенін айтады.

Төрткүл орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қанат Коспанов: «Ешқандай аутодиструктивті мінез-құлық ол баланың бойынан табылмаған. Сауалнама нәтижесінде, ол өзі сәл қорқақтау бала, сондай қаттырақ сөйлесең, жылап қалатын, сондай бала, одан бір қылмыс шығады деп біз мүлдем ойламадық», – деді.

Күдіктілерді қамауға алған полицейлер кісі өлтіру дерегімен іс қозғап, сараптама тағайындады.

Мақалада: «Миллион теңге бермесеңжалаңаш фотоңды жариялаймыз» деп бопсалаған

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

3 часа бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

3 часа бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

3 часа бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19 часов бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

20 часов бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

23 часа бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

23 часа бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

23 часа бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС