"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА — ЕРЕКШЕ ҚОЛДАУ

18.04.2023
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА — ЕРЕКШЕ ҚОЛДАУ
46
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мүгедектігі бар жандарды қолдау – мемлекет алдындағы басты міндеттердің бірі. Бұл орайда елімізде қайырымдылық мақсатын көздеген көптеген қорлар бар. Олар қолдауды қажет ететін жандарға демеу болатын әр түрлі жобаларды жүзеге асыруда.

Өткен аптада көру қабілеті бұзылған балаларды қолдау көрсетуді, әлеуметтік бейімдеуді мақсат еткен «United Charity Projects Evolution» қоғамдық қоры Семей қаласындағы № 3 арнайы мектеп-интернатына құны 21 млн теңге тұратын көмекші жабдықтар мен техникалық құралдарды сыйға тартты.

Әйгерім Сәрсенқали,
«Semeı tańy» 

Көздері нашар көретін балаларға оқу материалын тиімді игеру үшін  тифлоқұралдар, брайль жазбасымен шыққан кітаптар, тактильді тақтайшалар және еден плиткалары сынды көмекші жабдықтар тарту етілді.
Қордың президенті Георгий Сосновский мектептің материалдық-техникалық базасымен танысып, бұл игі іспен шектелмей, көздерінде ауыр патологиясы бар балаларды емдеуге және ота жасатуға көмек көрсетіндерін атап өтті.

Арнайы мектеп-интернат оқушыларының музыкалық қойылымдарын тамашалаған қоғамдық қордың өкілдері балаларға лебіздерін білдірді.

Іргетасы 1979 жылы қаланған мектеп-интернатта бүгінде 150 оқушы тәрбиеленуде. Мектеп-интернат ұжымының басты мақсаты – көрмейтін және нашар көретін балалардың қазіргі заманға сай білім алуына жағдай жасау, оларға осы қоғамда өзінің орнын табуға көмектесу. Қайырымдылық қоры сыйлаған құрылғылар мен жабдықтар балалардың оқу үрдісіне оң әсерін тигізетіні анық. Мәселен, мектеп директоры Акрам Қалиғожиннің айтуынша,  тифлоқұрылғылар көру қабілеті шектеулі адамның табиғи қажеттілігін толтырады және дамытады, оның басқа адамдармен тең дәрежеде жан-жақты дамуына көмектеседі. Ерекше балалардың білім көкжиегін кеңейтуге, өмірді танып-білулеріне септігін тигізетін мұндай тифлоқұралдар аса қажет.

Арнайы мектеп-интернат, балаларға білім берумен бірге, олардың шығармашылық әлеуеттерін арттыруға да көңіл бөледі.

— Балаларымыз білім мен өнерден кенде емес. Көптеген конкурс, фестивальдардың жеңімпаздары. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған халықаралық дәстүрлі «Жұлдызай» фестивалінде былтыр «Сырғалым» жетігеншілер тобы Гран-при жүлдесін ұтып алды. Бұл фестивальда оқушыларымыз жыл сайын әр түрлі номинациялар бойынша жүлдегер атанып жүр. Өткен жылы өнерпаздарымыз Түркістан қаласына, Өзбекстан мен Қызғыстан, Түркия елдеріне барып, көркемсөз оқу, ән, би жанры бойынша Гран-при мен І орынды жеңіп алды. Тоғызқұмалақ, асық ату сынды қазақтың ұлттық ойындарын насихаттауға ерекше көңіл бөлінеді. Біздің тоғызқұмалақшылар облыстың құрама командасының қатарына енген,- деп атап өтті мектеп басшылығы.

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

1 день бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС