"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛАМЫЗДЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ – БӘРІМІЗГЕ СЫН

18.04.2023
ҚАЛАМЫЗДЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ – БӘРІМІЗГЕ СЫН
102
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде сәуір айының басынан бері «Таза Табиғат» акциясы және көктемгі экологиялық екі айлық аясында әр апта сайын сенбіліктер өтуде.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ

Өткен сенбі күні Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері мен аға жаттықтырушылар қалалық ипподром аумағын қоқыстан тазартты. Сенбілікке қатысушылар бірнеше сағат ішінде 20 текше метрден астам қоқыс жинады.

Бұл күні жуырда құрылған жастар мәслихатының депутаттары да белсенділік танытып, сенбілікке шықты. Автокөлік көпір аумағын тазартқан жастар бұл игі істі әлі де жалғастыра бермек.

Жалпы, тазалық мәселесі қашанда өзекті. Семей қаласының әкімдігі  экологиялық екі айлық аясында рұқсат етілмеген қоқыстарды шығару бойынша жұмыстарды әлі де жалғастыруда. Қазіргі күні қаланың шеткі аудандарында 30 жылдан астам уақыттан бері жиналған қоқыс үйінділерін жою жұмыстары жүргізілуде. Қоқыс үйінділерінің өте көп болуына байланысты тазарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Өткен аптада Шығыс, Кирпичный, Степной, Березовский, Суық бұлақ кенттерінде де сенбілік өтті. Санитарлық тазалау жұмыстары барысында Шығыс кентінде 80 текше метрден астам, Кирпичный кентінде 300 текше метр,  Степной кентінде 200 текше метр,  Березовский кентінде 200 текше метр, Суық бұлақ кентінде 100 текше метр қоқыс шығарылды. Жалпы, 20 бірлік коммуналдық техниканың көмегімен қаланың шет аймақтарынан барлығы 880 текше метр қоқыс шығарылды.

Шеткі аумақтардың ұзақ жылдар бойы жиналған қоқыс үйінділерінен тазартылып  жатқанына разы болған жергілікті тұрғындар алғыстарын жаудыруда.

— Қала басшылығына алғыс айтамыз, қанша жылдан бері жиналған қатты қалдықты тазартуға техника бөліп, қоқыс шығарылып жатыр. Қаламыз көркейе берсін!- дейді Шығыс кентінің тұрғындары.

Степнойлықтар да қала тазалығын сақтау әр тұрғынның міндеті екенін айтады.

— Бүгін қала әкімдігі тарапынан жарияланған екі айлық аясында, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, сенбілікке шықтық. Шынтуайтына келгенде, осы күл-қоқыстың жиналуына басты себепкер – жергілікті тұрғындардың өздері. Тазалықта өмір сүру үшін әуелі әр адам өз ауласын, үйінің айналасын қоқыстан арылту керек қой, қоқысты қалай болса, солай тастай салып жүре беретіндер де бар. Бұған жол бермеу керек,- дейді олар.

Естеріңізге сала кетейік, егер санитарлық тәртіп бұзушылыққа куә болсаңыз — жекелеген тұрғындардың белгіленбеген жерлерге қоқыстарды лақтырғанын не өзге де тәртіп бұзушылықтарды (аялдамалардың орындықтарын, әйнектерін, қоршауларды сындыру т.б.) көрсеңіз, суретке түсіріп алып, фотосуретті Семей қаласы әкімдігіне жолдаңыз. Сол ақпарат бойынша тиісті шаралар қолданылатын болады.

Қаламыздың тазалығы — бәрімізге сын. Шаһарымыздың таза әрі әдемі болуы әрбір тұрғынның сүйіспеншілігі мен жанашырлығын қажет етеді. Тазалыққа әрбіріміз жауаптымыз. Сондықтан екі айлық акцияға белсене қатысайық!

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

6 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

7 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

10 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС