"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БОЗАЙ ҚОРЫМЫНЫҢ ЖӘДІГЕРЛЕРІ ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНДЕ

20.04.2023
БОЗАЙ ҚОРЫМЫНЫҢ ЖӘДІГЕРЛЕРІ ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНДЕ
50
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейдегі облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры құнды жәдігерлермен толықты.

Алматыдағы Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің «Алтай» археологиялық экспедициясының ғылыми жетекшісі, археолог Ғани Омаров музейге Аягөз ауданындағы Бозай ауылының жанындағы сақ кезеңіне жататын қорымнан табылған артефактілерді салтанатты түрде табыс етті.

А.ӘБІЛ,
«Semeı tańy»

— Қазіргі Оқу-ағарту, бұрынғы Білім министрлігінің Ғылым комитетінің 2021-2023 жылдарға арналған гранттық жобасы аясында екі жыл бұрын Аягөз ауданындағы қола дәуіріне тиесілі ескерткіштерді зерттегенбіз. Екі жылдың көлемінде осы өлкедегі бұған дейін белгісіз болып келген 100-ге тарта қола, ерте темір дәуірі кезеңдерінің ескерткіштерін есепке алып, тіркеп, тізімдедік. Соның ішінде бұзылу, жоғалу қаупі төніп тұрған, жойылып бара жатқан ескерткіштерді бірінші кезекте зерттеуді алдымызға мақсат етіп қойғанбыз. Аталған жоба шеңберінде Бозай елді мекенінің жанындағы ерте темір дәуіріне жататын үш нысанды таңдап алып, биіктігі 3, диаметрі 30 метр қорғанда қазба жұмыстарын жүргіздік. Қорымның тоналғанын қазба басталмай тұрып білдік. Елең еткізерлігі — сақ дәуірінің ақсүйектерінің бірі жатқан қорғанды таптық. Сыртқы, ішкі құрылымы өз алдына, бұл ескерткіштің жерлеу рәсімі де өзгеше. Қабір шұңқырды қақпа тастармен қоршап қойған. Шет елге сараптамаға жібергенімізде ескерткіштің біздің заманымызға дейінгі 8-9-ғасырларға жататынын анықтады. Олай болса, бұл — Қазақстан жеріндегі сақ дәуірі ескерткіштерінің ішіндегі ең көнелерінің бірі,- дейді археолог.

БОЗАЙ ҚОРЫМЫНЫҢ ЖӘДІГЕРЛЕРІ ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНДЕ

Экспедицияның ғылыми жетекшісінің айтуынша, қорымнан Алтын адамның сыртқы киімінің қалдықтары, сол киімге тағылған көлемі тарыдан да кіші, өте ұсақ, сақина пішінді, басында қалпақшасы бар, аса ыждағаттылықпен жасалған зергерлік туындылар табылған. Бұдан бөлек, бұғы бейнесіндегі, кеңірдек түріндегі жұқа алтын әшекейлер шыққан.

— Бізді таңғалдырғаны — қорғаннан сәл де болса сақталған құстың сүйегі табылды. Мамандар зерттеу нәтижесінде оның бүркіт тұқымдас құс екенін анықтады. Мұндай құстың табылуы сирек. Бұған дейін Шығыс Қазақстанда С.Черников, одан кейін 1999 жылы Батыс Қазақстандағы Аралтөбедегі қазба кезінде археологтер бүркіттің қаңқасын тапқан. Мұның өзі саятшылық сол заманнан басталды ма деген ойға жетелейді. Бұл туралы ғалымдар арасында талқылау болатын шығар,- дейді зерттеуші.

Ғани Омаров музейге Бозай қорымынан табылған 2982 дана құнды жәдігердің түпнұсқасын тапсырды. «Алтай» археологиялық экспедициясы биыл Аягөз өңірінде қазба жұмысын жалғастыратынын айтты.

— Күнтізбелік жоспарға сәйкес, биыл түркі кезеңінің ескерткіштерін, яғни балбас тастарды зерттейміз. Жалпы, Аягөз өңірі өте аз зерттелген. Археологиядағы ақтаңдақ өлкелердің бірі,- дейді экспедиция жетекшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

22 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

22 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС