"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТІГІН ЦЕХЫ АШЫЛДЫ

21.04.2023
ТІГІН ЦЕХЫ АШЫЛДЫ
56
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде «Табысты отбасы» жобасы аясында шағын тігін цехы ашылды. Жобаның екінші легі студенті Жансая Шәкәрім алған білімін тәжірибеде қолданып,  шағын бизнесін бастап отыр.

Айтолқын САМАТОВА,
«Semeı tańy»

Жансая Шәкәрім – бала күтімімен отырған 25 жастағы ана. Ол аталған жобаның арқасында балалық шақтағы  арманын жүзеге асырып, шағын бизнесін бастап отыр.

Шағын цехта екі өндірістік тігін машинасы бар. Мұнда, негізінен, балаларға арналған киімдер тігілетін болады. Жансая Шәкәрім бұл істі бастамас бұрын нарықты ұзақ зерттегенін айтады.

– Менің таңдаған бағытым – тігіншілік. Балалардың киімдерін тігемін. Киіміміздің ерекшелігі бірегей принттер мен жазуларда. Егер мен бұрын тек дайын өнімге принт басып шығарумен айналысатын болсам, қазір нарықты зерттеп, өз бетімше кең жейделерді тігуді бастадым. Қазір олар сұранысқа ие,– дейді Жансая Шәкәрім.

ТІГІН ЦЕХЫ АШЫЛДЫ

«Табысты отбасы» жобасының тәлімгері Лаура Байділданова жоба аясында екі лек оқуын аяқтағанын және түлектердің көбі өз ісін бастап кеткенін атап өтті.

– Пилоттық жоба өткен жылдың желтоқсан айынан бастап республиканың бес облысында, соның ішінде Абай облысында жүзеге асырылуда. Екі лек оқуды аяқтады. Қазір түлектерге қолдау көрсетілуде. Бейіндік бағытта оқудан өткендер жобаның демеушісі Samruk-Kazyna Trust тарапынан грант пен қажетті құрал-жабдықтарға ие болды,– деді Лаура Байділданова.

Бұл ретте кәсіпқой мамандар Жансая Шәкәрімге бизнестің қыр-сырын терең меңгеруге көмектесіпті.

– Сұлулық индустриясы бағытындағы екінші лек студенттері қазірдің өзінде 8 кабинет ашты. Бүгін екінші лектің қатысушысы Жансая Шәкәрім тігін цехын ашып отыр. Ол жастар санатына жатады және көптен бері тігіншілікпен айналысады. Кәсіби мамандардың жетекшілігімен тігін ісінің қыр-сырын меңгерді, – деді Лаура Байділданова.

Жобаның кураторы Мадина Елібекова «Табысты отбасы» жобасының маңыздылығына тоқталды.

– Тренинг қызықты әрі мазмұнды өтті.  Бүгін біз еңбегіміздің нәтижесіне куә болдық. Бұл жобаның мақсаты – жас кәсіпкерлерге, көп балалы жас аналарға өз ісін ашуға көмектесу. Бұл біздің облыс үшін өте маңызды жоба деп ойлаймын, – деп түйіндеді сөзін Мадина Елібекова.

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

6 часов бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

6 часов бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 день бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

1 день бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

1 день бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

1 день бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

1 день бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

1 день бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС