"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРТУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ

22.04.2023
БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРТУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ
33
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бейсенбі, 20 сәуір күні Абай облысы мәслихатының кезектен тыс, екінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков, облыстық мәслихат хатшысы Қуаныш Сүлейменов және депутаттар, басқарма басшылары мен құзырлы органдардың өкілдері қатысты. Күн тәртібінде 13 мәселе қаралды.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИҚЫЗЫ,
«Семей таңы»

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе — Абай облысы мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жайлы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Роза Құдайбергенқызы баяндама жасады. Депутаттар корпусы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мақсатында бюджетке енгізуге ұсынылған өзгерістерді бір ауыздан қолдады.

Келесі кезекте жергілікті атқарушы және өкілді органдардың қызметкерлеріне тұрғын үйді жалға алу бойынша шығыстарды өтеуге арналған төлемдерді қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Баяндама жасаған Абай облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы – бас есепші Нәзигүл Искакованың айтуынша, жаңа облыс құрылып, кадр тапшылығы орын алған сәтте әр өңірден мемлекеттік қызметкерлер шақырылып, конкурстық рәсіммен жұмысқа қабылданған. Баспанасы жоқ 119 мемлекеттік қызметкерді тұрғын үймен қамту мақсатында 133 млн теңге бөлу қарастырылып отыр.

— Қажеттілікті растайтын құжаттарды ұсына отырып, жалдау ақысын өтеуге өтініш  білдірген мемлекеттік қызметкердің әрбір отбасы мүшесіне 18 шаршы метрден, әр шаршы метріне 2188 теңгеден  жеке шотына аударылатын болады,- деп атап өтті Нәзигүл Искакова.

Қазіргі таңда жалға берілетін пәтер құны шарықтап тұрғанын, жаңа облыстың аяқтан тік тұрып кетуі үшін білікті кадрларға жағдай жасау маңызды екенін айтқан депуттаттар бұл ұсынысты бір ауыздан қолдады.

Сондай-ақ Абай облысы бойынша меншікке немесе пайдалануға берілетін жерлерді пайдаланудың жергілікті жағдайлары мен ерекшеліктеріне қарай, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу, Абай облысының азаматтарына жеке меншікке тегін ұсынылуы мүмкін жер учаскелерінің шекті мөлшерін белгілеу туралы облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Анзор Абаев хабарлады. Ауылдық аймақта шекті мөлшер қосалқы шаруашылық және жайылым үшін 25 сотық, суармалы жерлер 15 сотық, құрылыс үшін 10 сотық, саяжайларда бау-бақша өсіруге 12 сотық деп белгіленді. Облыстың аудандары мен қалалары төңірегінде азаматтар мен заңды тұлғаларға меншiкке немесе пайдалануға берiлетiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең төмен (минималды) мөлшерлерi 1,5 гектар және 8,8 гектар аралығында бекітілді. Ал осы мақсаттарға берілетін жерлердің ең жоғары (максималды) мөлшерлері ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 42 қаулысымен, яғни 227,7 гектар мен 49500,0 гектар аралығында бекітілген.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысына депутаттық сауал жолдаған Қаленбек Қарашев Үржар ауданының шаруалары дизель отынының тапшылығына байланысты жанармай құю бекеттерін күзетуге мәжбүр екенін  айтты.

— Облыста көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 19 мың тонна жеңілдікпен берілетін жанар-жағармай  бөлінген. Сәуір айында шаруаларға 7 мың тонна жанар-жағармай жеткізілді. Келісімшартқа сәйкес жеткізіліп отыр, кешіктіру болған жоқ,- деп жауап берді бұл сауалға Анзор Абаев.

Депутат тарапынан жанармай жеткізу кестесін құрғанда облыстың оңтүстік бөлігінде орналасқан Үржар ауданының географиялық орнының ерекшелігі ескерілсе деген ұсыныс айтылды.

Сессияда ауыл шаруашылығын субсидиялауға арналған бағдарламадағы өзгерістер жайлы да сөз болды.

Семей қаласында фотобейнетіркеу және бейнеталдау жүйесін құру және пайдалану мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік  міндеттемелерді қабылдау  туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының  басшысы Асылбек Нұғманов баяндады. Баяндамадан белгілі болғандай, қалада 1511 бейнебақылау камерасы бар. Оның 683-і қоғамдық орындарда,  47-сі көше  қиылыстарында және қалғаны көше бойларында орнатылған. Асылбек Нұғымановтың айтуынша, «Сергек» бейнебақылау камерасы іске қосылған сәттен 31 наурызға дейінгі аралықта жылдамдықты шамадан тыс асырған жүргізушілерге салынған айыппұл есебінен 400 млн теңге түсім түсіпті.

Сессияда сонымен қатар күн тәртібінде болған жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту, Абай облысы мәслихатының аппараты құрылымы жайлы мәселелер ортаға салынды.

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

4 часа бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

4 часа бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 день бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

1 день бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

1 день бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

1 день бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

1 день бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

1 день бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС