"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

22 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

27.04.2023
22 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
21
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биылғы жылдың қаңтар айынан бері Семей қаласында тіркеуде тұрған 18 жастан бастап 35 жасқа дейінгі жастар үшін «Абай жастары» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылған болатын.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»

Бағдарлама аясында әкімшілік тарапынан қатысушыларға 15 млн теңгеге дейін 5 пайыздық мөлшерлемемен 19 жылға ипотекалық несие қарастырылған. Тұрғын үй бағасы 15 млн теңгеден артық болған жағдайда, қалған сомасын үміткер өзі өтеуі қажет.
Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Диана Шаяхметованың бізге берген мәліметтеріне сүйенсек, «Абай жастары» бағдарламасы бойынша барлығы 514 адам өтінім берсе, оның ішінен 41 үміткер «Отбасы банк» АҚ-ға төлем қабілеттілігінен өтуге жолданыпты. Бүгінгі күні 22 қатысушы баспаналы болды және 2 үміткер үй іздеу үстінде.
Бағдарламада үміткерлердің жұмыс тәжірбиесі, отбасылық жағдайы және бала саны ескерілген. Осы талаптар бойынша ең көп ұпай жинағандар байқаудан өткен. Солардың бірі – отыз бес жастағы үш баланың анасы Ләззат Нығметова. Мамандығы мұғалім Ләззат Теңелқызы бюджеттік қызметкер ретінде жергілікті атқарушы органдарда үш жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрыпты. Бұл орайда жастар санатының ұлғаюы көптеген қазақстандықтар үшін жаңа мүмкіндіктер алып келгені сөзсіз.
— Конкурс қорытындысы бойынша қырықтан жоғары ұпай жинап, алтыншы болып тізімге ендім. Отбасы банк өтінішімізді мақұлдап, он пайыздық бастапқы жарнамен он үш жыл мерзімге бес пайыздық жылдық мөлшерлемемен Цементшілер кентінен екі бөлмелі пәтерге ие болдық. Пәтер құны 15 млн теңгеден асып кеткендіктен, айырмасын өзіміз төледік. «Абай жастары» бағдарламасы біз секілді жанұялар үшін өте тиімді деп айтар едім. Үш баламыз ғана болғандықтан, бұған дейін көп балалы немесе әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» секілді бағдарламаларға де іліне алмай жүрдік. Бұл жолы некедегі он екі жылымыз, он үш жылдық жұмыс өтілім, бала саны – барлығы есептеліп, жоғары ұпайға ие болдым. Жалпы, бұл бағдарлама еліміздегі ажырасу санының азаюына, жастардың шаңырақтарын сақтап қалуына оң әсер етеді деп ойлаймын. Сондықтан әрі қарай да жалғаса берсе екен деген тілегім бар,- дейді Ләззат Теңелқызы.
Еске сала кетейік, бағдарламаға 18 жастан 35 жасқа дейінгі мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған жастар, журналистер, мемлекеттік және бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін мәдениет және спорт қызметкерлері, денсаулық сақтау қызметкерлері қатыса алады. Тағы бір айта кетерлігі, бағдарламаға қатысушының немесе онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің атында сатып алу құқығымен және сатып алу құқығынсыз соңғы 5 жыл ішінде жеке немесе жалға алынған тұрғын үй болмауы қажет. Мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, БАҚ саласында қызмет ететін үміткерлердің кемінде 1 жыл ресми жұмыс өтілі болуы тиіс. Тұрғын үйге мұқтаж санатқа жататын тиісті жастағы азаматтар, атап айтқанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жетімдер, кәсіби қызмет түріне қарамастан, бағдарламаға қатысуға құқылы. Бағдарламаға қатысушы ерлі-зайыптылардың біреуі ғана өтініш бере алады.
Бағдарламаның екінші кезеңі алдағы қазан айында басталады деп жоспарлануда.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

3 часа бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС