"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АҚСУАТТЫҢ АЛАР АСУЫ АЛДА

16.05.2023
АҚСУАТТЫҢ АЛАР АСУЫ АЛДА
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен сенбіде аймақ басшысы іссапармен Ақсуат ауданында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев аудан әкімінің есебін тыңдаған соң өңірді дамыту жоспарлары туралы баяндады.

Айтолқын САМАТОВА,
«Semeı tańy»

Нұрлан Ұранхаев өз баяндамасында Абай облысының және Ақсуат ауданының даму көрсеткіштеріне тоқталды.
– Өткен жылы өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі 1,1 триллион теңгені құрады. Оның ішінде Ақсуат ауданының үлесі — 692,9 млн. Экономиканың негізгі саласы ауыл шаруашылығы екенін білесіздер. Мұндағы өнім көлемі 473,3 млрд теңгеге өсті. Өсім – 9,8 пайыз. Аудан бойынша шаруалардың қатысу үлесі 7,3 пайызды, немесе 34,3 млрд теңгені құрайды. Бұл салада Ақсуат ауданының әлеуеті зор. «ҚазАгроҚаржы» институты арқылы 182,3 млн теңгеге 30 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, – деді облыс әкімі.

АҚСУАТТЫҢ АЛАР АСУЫ АЛДА
Нұрлан Тельманұлы 63,5 мың гектар жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылғанын да атап өтті.
– Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау шаралары белсенді түрде жүзеге асырылуда. Шағын және орта бизнесте өсу қарқынының оң серпіні байқалады. Облыстағы 49 мың кәсіпкерлік субъектісінің 2121-і Ақсуатта орналасқан. Бөлшек сауда көлемі 19,3 пайызға өсіп, 438,8 млрд теңгені құрады. Ауданның үлесі — 6,8 млрд теңге. Кәсіпкерлікті дамытудың жалпыұлттық жобасы аясында ауданда 125 млн теңгеге 2 жоба субсидияланып, 12 жобаға 120 млн теңгеге кепілдік берілді, — деді Нұрлан Ұранхаев.
Аймақ басшысының айтуынша, ауданда, тұрғын үй құрылысымен қатар, мектеп құрылысы, су құбырларын жаңғырту, аурухананы қайта қалпына келтіру жоспарлануда. Өткен жылы облыста 340 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Оның ішінде ауданның үлесі – 7934 шаршы метр.
– Тұрғын үй, жол, ауыз су мәселесі де біртіндеп шешіліп келеді. Өткен жылы облыста 340 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Ауданның үлесі – 7934 шаршы метр. Биыл аудандағы әлеуметтік осал топқа жататын тұрғындарға үй сатып алу үшін 345,6 млн теңге қаржы бөлінді. «Жолдың жайын жүрген біледі» дейді халқымыз. Бұл мәселе өте өзекті. Облыстағы автожолдардың ұзындығы — 6,7 мың шақырым. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымды жақсарту үшін құны 15,8 млрд теңгені құрайтын 67 жоба іске асырылуда. Жалпы, жоспар бойынша, 2025 жылға дейін облыстағы 800 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Су – тіршілік көзі. Таза ауыз су мәселесі біздің ерекше бақылауымызда. Облыс бойынша сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 3 мың шақырымды құрайды. Тозу деңгейі – 51 пайыз. Бүгінгі күні 19,8 млрд теңгеге 38 сумен жабдықтау нысанын салу және қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде, — деді Нұрлан Ұранхаев.
Ақсуат аудандық ауруханасына қажетті медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға 190,2 млн теңге бөлу жоспарлануда.
— Халық денсаулығын нығайту – тұрақты дамудың басты міндеттерінің бірі. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында ауданда 9 медициналық нысан салу жоспарланған. Аудандық ауруханаға қажетті медициналық жабдықтар сатып алу үшін 190,2 млн теңге қаржы жұмсау көзделіп отыр,- деді Н.Ұранхаев.
2024-25 жылдары аудан орталығында 300 орынға арналған мектеп салу жоспарлануда.
— Біздің болашағымыз – сапалы білім мен саналы тәрбие алған жас ұрпақ. Облыста оқушы орны тапшылығы бар. Былтыр 1700 орындық 4 жаңа мектеп салынды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2023-2025 жылдары 42,7 млрд теңгеге 5700 орындық
11 мектептің құрылысы жоспарланып отыр. Оның сыртында, облыс орталығында «KAZ Minerals» есебінен 1200 орындық мектеп салынатын болады. Қазір жобасы әзірленуде. 2024-25 жылдары аудан орталығында 300 орынға арналған мектеп салу жоспарда бар. Орын тапшылығы Ақсуатта да бар, – деді айтты аймақ басшысы.
Былтыр облыста 18 889 жаңа жұмыс орны (13 547 тұрақты, 5 342 уақытша), ал Ақсуатта 696 жұмыс орны ашылды. Биылғы жоспар — 24 926 жұмыс орнын құру. Облысқа қоныс аударған 302 адамның 16-сы Ақсуат ауданында тұрады. Биылғы квота — 434 адам. Оның 42-сі Ақсуатқа қоныс аударады деп күтілуде.
— Оларды аудан өміріне кеңінен тарту қажет. Жергілікті әкімдік бұл бағытта тиісті жұмыс жүргізіп жатыр деп ойлаймын,- деді аймақ басшысы.
Халықпен жүздесуде аймақ басшысы тұрғындардың сауалдарына жауап берді.
Кездесуден соң облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

17 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

17 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

20 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС