"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҮРЖАРҒА АСТАНАДАН ҰШАҚ КЕЛІП ҚОНДЫ

17.05.2023
ҮРЖАРҒА АСТАНАДАН ҰШАҚ КЕЛІП ҚОНДЫ
25
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жыл сайын сан мыңдаған турист Алакөл көліне келіп демалып, шипалы суға шомылады. Демалушыларға жоғары деңгейде жағдай жасауды облыс басшылығы назарында ұстап отыр.

«Қара жолдың қадірін жүрген біледі» демекші, туристер үшін ең басты мәселе – демалыс аумағына жету. Бұл ретте жазда Алакөл көліне туристер тасымалы әуе, темір жол, автомобиль арқылы ұйымдастырылады.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ,
«Semeı tańy»

Облыс орталығы Семей қаласынан Алакөлге дейінгі аралық  680 шақырым болса, соңғы жылдары Семей -Таскескен аралығындағы 383 шақырым жолға көп көңіл бөлінуде.  Абай облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің басшысы Мұрат Мәлікаджардың айтуынша, қазіргі уақытта жөнделіп жатқан 43 шақырым жол жыл соңына дейін асфальтталмақ.

Ал темір жол қызметін пайдаланатын көлге келушілер Семей — Жалаңашкөл станциясы алқылы қатынайды. Осыған дейін айтылғандай, шомылу маусымында темір жол бағытында арнайы вагондар саны артады.

Туристерді тасымалдауда әуе көлігінің рөлі зор. Бұған дейін «Оңтүстік Аспан» әуе компаниясы 50 адамға арналған АН-24 ұшағымен Алматы — Үржар, Семей – Үржар — Алматы бағыттары бойынша аптасына екі рет тасымал ұйымдастыратын. Енді маусым, шілде, тамыз айларында рейс жиілігі артып, ұшақ аптасына 3-4 рет қатынайды деп жоспарланып отыр.

Қайта жаңғыртылған Үржар әуежайындағы жағымды жаңалықтың бірі Астанадан алғаш рет Bombardier q400 маркалы ұшағының келіп қонуы болды.

— Ауданымызға Астанадан алғаш рет Bombardier q400 маркалы ұшағы келіп қонды. Бұл туристік әлеуетімізді арттыруға, демалушылардың жаз бойы көлге еркін қатынауына жасалған мүмкіндік,- дейді аудан әкімінің орынбасары Дидар Хамитов.

Астана – Үржар — Астана бағытындағы тасымалды QazaqAir әуе компаниясы ұйымдастырады.

— Біз Үржар ауданына ұшуды орындаймыз. Бұл — біз үшін үлкен мәртебе. QazaqAir әуе компаниясын таңдағандарыңыз үшін алғыс айтамыз. Алғашқы рейсте 69 жолаушы ұшып келді. Ұшу ұзақтығы – 1 сағат 25 минут,- дейді екінші ұшқыш Әсет Ағыбаев.

Айта кетсек, Астана – Үржар — Астана бағытындағы рейс аптасына 3 рет ұйымдастырылады. Билет бағасы – 16 мың теңге.

— Үржар — Астана бағытындағы әуе рейсінің іске қосылуы біз үшін өте қуанышты жаңалық болды. Алғашқы жолаушылар қатарында бүгін Астана қаласына ұшқалы тұрмыз. Автокөлікпен екі облысты басып өтіп келетін біздер үшін  туған жеріміз жақындай түскендей әсердемін. Билет бағасы да қалта көтерерліктей, қуанышымыз ұзағынан сүйіндірсін,- дейді алғашқы жолаушылардың бірі Тоғжан Төлеуқызы.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

6 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

6 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

6 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

7 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

1 день бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

1 день бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС