"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҒАСЫР ТОЙЫН АТАП ӨТТІ

19.05.2023
ҒАСЫР ТОЙЫН АТАП ӨТТІ
139
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биыл отандық метрология саласына 100 жыл толып отыр. Қазақстан аумағында алғашқы метрологиялық мекеме 1923 жылы Семей қаласында ұйымдастырылды. 19 мамыр күні, ғасырлық мерейтойға орай, Қазақстан метрологиясының отаны — Семей шаһарында ауқымды іс-шара өтті. Мерекелік шарада «Қазақстан метрологиясына 100 жыл» монументі салтанатты түрде ашылды. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында тақырыптық экспозиция ұсынылып, «Метрология» оқулығының тұсаукесері өтті. Салтанатты шарада ұзақ жылдар бойы аталған салада еңбек еткен үздік метрологтер мен жас мамандарға құрмет көрсетілді.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ,
«Semeı tańy»

Ертіс өзенінің оң жағалауында бой көтерген монументтің ашылуына облыс және қала басшылығы, көрнекті ғалымдар, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің өкілдері және қаламыздағы, сондай-ақ мерейтойға еліміздің әр өңірінен арнайы келген метролог мамандар қатысты.

Ескерткішті ашу құрметі Абай облысы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов пен метрология саласының құрметті ардагері, Семей қаласының тұрғыны Людмила Слесаренкоға берілді.

Абай облысы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов метролог мамандарды, сала ардагерлерін облыс басшылығы атынан мерекелерімен құттықтай келе, метрология саласының маңыздылығына тоқталды.

Келесі ретте сөз алған Қазақстан стандарттау және метрология институтының  бас директоры Ғабит Мұхамбетов бүгінгі шара метрология тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі екенін баса айтты, ал саналы ғұмырының 26 жылын метрологияға арнаған  сала ардагері, Қарағанды облысынан келген Талғат Шинтуринов монуметтің ашылуы метрологтер еңбегіне көрсетілген үлкен құрмет деп бағалады.

— Бүгін Абай бабамыздың туған өлкесінде метрология саласының 100 жылдық мерейтойы өтіп жатыр. Ғасырлық тойға арнайы келдік. Еліміздің түкпір-түкпірінен ардагер метрологтермен бірге бүгінгі күні осы салада еңбек етіп жүрген тәжірибелі қызметкерлер мен жас мамандар келіп отыр. Осы салада жұмыс істеп, зейнетке шыққан біздер үшін мұндай мерейтойға қатысу — үлкен құрмет. Монуметтің ашылуы, жалпы ұйымдастырылып отырған ауқымды шара метрологтер еңбегіне көрсетілген құрмет, жастарға өнеге деп білемін. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз.

Метрология – адамзат өмірінде әр салада күнделікті қолданылатын өлшем бірліктері саласы. Сала өркендей берсін!- деді Талғат Асқарұлы.

Біздің өміріміздің әр түрлі салаларындағы өлшемдердің дәлдігі мен біркелкілігін бейнелеуге арналған монументті орнату бастамасын Қазақстан стандарттау және метрология институты ұсынды, бұл идеяны Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан өнерінің қайраткері және әлемнің 12 елінің Құрметті суретшісі Болат Мұхамедиев іске асырды.

Монументте массаны өлшеу символы – гір тастары, уақыт пен кеңістіктің символы – шар және оны айналдыра ұзындық өлшемін білдіретін лента бейнеленген.

Монумент үш өлшемді модельдеу, көлемді пішін мен құрылымды цифрлық есептеу, құрылымдық элементтер мен бөлшектерді лазерлік өңдеу сынды заманауи технологиямен әзірленген.

Мерейтой аясында Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан стандарттау және метрология институты метрологияға арналған жаңа экспозициясын ашты. Экспозицияда бірегей артефактілер, соның ішінде тарихи өлшеу аспаптары, сирек кездесетін үлгілер, сондай-ақ метрология саласындағы заманауи технологиялар мен инновациялық әзірлемелер ұсынылған. Музей қонақтары елімізде пайдаланылған алғашқы өлшеу аспаптарын тамашалап, оларды қазіргі заманғы дәлдігі жоғары өлшем құралдарымен салыстыра алады.

«Метрология»  оқулығының тұсаукесерінде сөйлеген сөзінде Қазақстан стандарттау және метрология институтының  бас директоры Ғабит Мұхамбетов:

— Бұл дәлдік пен өлшемдер негіздерін меңгергісі келетін студенттер, оқытушылар мен мамандар үшін маңызды оқу құралы болмақ,- деп атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

5 минут бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

16 минут бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

4 часа бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС