"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЗИЯРАТ ӘДЕБІ МЕН МӘДЕНИЕТІ

19.05.2023
ЗИЯРАТ ӘДЕБІ МЕН МӘДЕНИЕТІ
105
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Alikhan Bokeikhan университетінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Абай облысы бойынша өкілдігінің, Абай Құнанбаев атындағы орталық мешіттің ұйымдастыруымен «Зират және зиярат ету мәдениеті» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты —  халық арасында қабір тұрғызудың және оларды зиярат етудің ортақ мәдениетін қалыптастыру. 

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»

Шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Абай облысы бойынша бас имамы Асқар Мұқанов, Абай облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұратқазы Әлин, қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Шаған Жұмақсанов, аға буын өкілі — профессор Зейнолла Тоқаев, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Олжас Соғымбай және өңірдегі имамдар қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Абай облысы бойынша мешіт имамдары мен ақсақалдары, мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері, Ардагерлер кеңесі мен БАҚ өкілдерінің зират тұрғызу және зиярат ету мәдениетін бір ізге түсіру туралы халыққа үндеуінің жобасы таныстырылды.

— Ислам дінінде қайтыс болған кісіні жерлеу үкімі – парыз. Өйткені мәйіт көмілмей қалатын болса, «адам» деген ардақты жаратылысқа жасалған үлкен құрметсіздік әрі күнә болады. Сондықтан ата-бабаларымыз өмірден қайтқан жанды арулап, ақтық сапарға шығарып салған. Бүгінгі таңда елімізде қабірге кесене тұрғызу, зиярат жасау, құлпытас қою, қоршау, қорған тұрғызу сынды мазаратқа қатысты мәселелерде шариғат талаптарына қайшы, ата-баба дәстүріне жат, бүгінгі өркениетке де келмейтін әрекеттер орын алуда. Осы орайда Абай облысы Ақсақалдар кеңесі мен мәслихат депутаттарының, БАҚ өкілдерінің атынан үндеу әзірледік,- деген  Асқар Әбітайұлы жиналғандарды үндеудегі ұсыныстармен таныстырды.

Атап айтсақ, үндеуде қабірдің тереңдігін 1 метр 80 сантиметр, енін 1 метр, ұзындығын 2 метр 20 сантиметр қылып, отырғанда бас тимейтіндей етіп жабу; қабірге жерленген кісінің кім екендігін айқындау мақсатында және жаяу жүргіншілер тарапынан тапталып, аяқ асты болмас үшін биіктігі 1 метр, ал ені 50 сантиметрден аспайтын құлпытас қоюға рұқсат беру; құлпытасқа марқұмның толық аты-жөнін, туған және қайтыс болған күндерін жазу; құлпытасқа марқұмның суретін салмау; жерлеу орындарында зәулім ескерткіш немесе биік күмбез тұрғызбау; зираттың аумағын тарылтатын, яғни өзге мәйіттер жерленетін орындарды қажетсіз пайдаланбау туралы ұсыныстар бар.

— Асыл дінімізге және ұлттық салт-дәстүрлерімізге сүйене отырып, сондай-ақ қариялармен ақылдаса келе осындай тәртіп ұсынып отырмыз. Жерлеу рәсімін бірізділікке түсіріп, халықты осыған жұмылдырсақ деген ниетіміз бар. Шариғат заңдары зираттарды сәндеуді, үлкен ескерткіштер орнатуды талап етпейді. Керісінше, мұсылман зираты барынша қарапайым болғаны жөн. Рәсімдік қызметтер мен жаназа шығаратын үй иесі жерлеу рәсімін өткізуде мешіт имамдарымен ақылдасуы керек,- деді Асқар Мұқанов.

Сонымен қатар күмбез орнатпау, зираттың сыртқы келбеті мен көлемін бірдейлендіру, құрылыс барысында санитарлық тазалықты сақтау, жылқы сүйегі сынды артық заттарды ілмеу, қабір қазушыларға арнап санитарлық тораптар орнату сынды ұсыныстар айтылды.  Айтылған ұсыныстарға орай үндеу мәтініне өзгерістер енгізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

4 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

6 дней бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

1 неделя бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

1 неделя бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

1 неделя бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС