"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

22.05.2023
ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
31
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ҚР Оқу-ағарту министрі жұмыс сапарымен Абай облысында болды.

Ғани Бейсембаев Аягөз, Үржар және Жарма аудандарының педагогтерімен кездесулер өткізді. Ғани Бейсембаев кездесу кезінде әсіресе, сапалы білім беру мен кәсіби дамуды қамтамасыз етудің негізгі бағыттарына және ПББ (педагогтердің білімін бағалау) өткізу ережелеріндегі өзгерістерге баса назар аударды.

«Министрлік «Білім беру өзгерістерінің 1000 көшбасшысы» кадрлық резервін қалыптастыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде. Басты мақсат – педагогтер бойында тұлғалық, кәсібилік, басқарушылық, сараптамалық дағдылар мен құзыреттерді дамыту. Бағдарламаға психологиялық тестілеу енгізіліп отыр, ол жас педагогтердің, болашақ көшбасшылардың тұлғалық түрін, табыстылығын анықтауға мүмкіндік береді», — деп мәлімдеді министр.

Бұған дейін VIII шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы педагогтер үшін ПББ ережесін оңайлатуды ұсынған болатын.

Қазіргі таңда министрлік мұғалімдерді аттестациялау жүйесін жетілдіру бойынша бірқатар жұмыстар атқаруда. «Оқыту әдісі» бағыты мен портфолио қалыптастыру процесі қайта қаралатын болады.

Бүгінде Абай облысында 12 мыңнан астам педагог қызмет етеді, оның ішінде 2000-нан астам педагог-зерттеуші, 95 педагог-шебер бар.

Сондай-ақ Ғани Бейсембаев жоспардан тыс Абай облысының орталығынан шалғайда жатқан елді мекендерде болып, білім беру ұйымдарын аралады. Олардың бірі — Жарма ауданындағы Аршалы негізгі мектебі. Облыс орталығынан 280 шақырым қашықтықта орналасқан бұл мектепте 70 оқушы, 19 мұғалім бар.

Министр ат басын бұрған білім беру ұйымдарының арасында І.Жансүгіров атындағы Үржар орта мектебі, «Ер Төстік» мемлекеттік балабақшасы, Таскескен ауылындағы Үржар колледжі, Шынқожа батыр атындағы жалпы орта мектеп және Аягөз ауданындағы №3 жалпы орта мектеп бар.

Министр балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстармен, мектеп дәретханаларының жағдайымен, мектептің материалдық-техникалық жабдықталуымен және тамақтандырудың ұйымдастырылуымен танысып, оқушылар үшін жайлы жағдай жасау, білім ұйымдарын дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Абай облысының әкімдігімен бірлесіп білім беру ұйымдарындағы проблемалық мәселелерді шешу бойынша нақты қадамдарды қамтитын білім беру жүйесін дамытудың өңірлік жол картасы қабылданатын болды.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

23 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

23 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС