"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АУЫЛ МҰҒАЛІМДЕРІ ШЕТ ЕЛДЕ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТЕДІ

23.05.2023
АУЫЛ МҰҒАЛІМДЕРІ ШЕТ ЕЛДЕ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТЕДІ

Кеше, 22 мамыр күні Абай облысы әкімдігінде ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев және облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Абай облысының білім беру жүйесін дамыту бойынша 2023-2029 жылдарға арналған жол картасына қол қойды.

Маңызды құжатқа қол қою рәсіміне ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, облыс басшылығы, қала және аудан әкімдері, білім басқармасы мен білім бөлімдерінің басшылары қатысты.

Айкөркем МАҚЫШ,
«Semeı tańy»

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім саласын дамытуға ерекше назар аударуының арқасында саладағы шешім таппай жүрген мәселелердің түйіні тарқатыла бастады. Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында білім беру жүйесін серпінді дамытуға арналған бірқатар маңызды шаралар белгіленген. Бүгінгі күні облыс мектептеріндегі орын тапшылығы 8700 орынды құрайды. Жоспар бойынша, 2027 жылға дейін 9500 орындық 18 мектеп салу арқылы бұл мәселе  шешім табады деп жоспарланып отыр, оның ішінде 5 мектептің құрылысы биыл басталады,- деген облыс әкімі қабылданғалы отырған Абай облысының білім беру жүйесін дамыту жөніндегі аймақтық жол картасының маңыздылығына тоқталып, оны жүзеге асыруды қала және аудан әкімдеріне, құрылымдық басқарма басшыларына тапсыратынын айтты.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2023-2025 жылға дейін бөлінген қаржы өткен жылдармен салыстырғанда 3 есеге жуық өскенін айта келе, саладағы бірқатар маңызды жаңалықтармен таныстырды.

— 1 қыркүйектен бастап мектепке дейінгі білім беру саласында тәрбиешілердің жалақысы 30 пайызға өседі. Балабақшаларда 100 мыңға жуық бала тегін тамақтанады. Сонымен бірге жаңа оқу жылында 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылады,- деген министр 72 мектепті қаржыландыруға 100 млрд-тан астам қаржы бөлінгенін айтты.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, саладағы басты міндеттердің бірі – ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтып, ұстаздардың біліктілігін арттыру арқылы білім сапасын әлемдік деңгейге көтеру.

— Биыл алғаш рет ауыл мектептерінің мүмкіндігін арттыру мақсатында ауыл мектептері арасында республикалық пән олимпиадасын өткізу туралы шешім қабылданып отыр. Мектептердің барлығын инновациялауды қолға алу жоспарлануда. Іссапарымның аясында облыс аудандарындағы мектептерді аралап, жай-күйімен таныстық. Ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілетін болады. Ауыл мұғалімдері «Болашақ» бағдарламасы бойынша 3 айлық және 6 айлық тағылымдамадан өтеді. Бұл ауыл мектептеріндегі білім сапасын әлемдік деңгейге көтеруге жол ашпақ,- деді министр.

Ғани Бейсембаев айтқандай, мектеп пен балабақшадан бөлек, колледждер мәселесі де назардан тыс қалмайды. Колледж студенттерінің шәкіртақысы 1 қыркүйектен бастап 50 пайызға артады, жатақханамен қамту жұмыстары жалғасын табады. Колледж оқытушылары мен мектеп басшыларының жалақысын 50 пайызға өсіру мәселесі қарастырылуда.

Осындай жағымды жаңалықтарды бөліскен Оқу-ағарту министрі еліміздің рухани астанасы саналатын киелі өңіріміз өзге облыстарға үлгі болатынына сенімін білдірді.

— Абай елі мектептері, балабақшалары, жалпы білім беру жүйесі өзге өңірлерге үлгі болады деген сенімдемін,- деп сөзін қорытындылады министр.

Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев және облыс әкімі Н.Ұранхаев Абай облысының білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған жол картасына қол қойды.

Ұқсас жаңалықтар

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

18.11.2026
Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кірістерді төмендету және жасыру фактілерін анықтау, сондай-ақ камералдық бақылау нәтижелері бойынша жолданған хабарламаларды орындау...

Толығырақ...Details

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

18.11.2026
Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

Қазақстанда ғылыми әлеуетті нығайтуға, зерттеу инфрақұрылымын дамытуға және отандық ғылыми әзірлемелерді экономиканың нақты секторына енгізуге бағытталған ауқымды өзгерістер жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

18.11.2026
«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындардың өндірісі мен сатылымына толық тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.  Энергетикалық сусындар бүгінде көптеген қазақстандықтың күнделікті...

Толығырақ...Details

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

18.11.2026
Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Kazakh Tourism Development Ltd. компаниясы директорлар кеңесінің отырысын өткізді.  Жиында Almaty SuperSki жобасын жүзеге асыру барысы...

Толығырақ...Details

Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

18.11.2026
Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

Қазақстан Республикасының Құрылтайында онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелеріне қатысты заң жобалары бірінші оқылымда қаралды. Түзетулер азаматтардың құқықтарын қорғауға, балалардың интернеттегі қауіпсіздігін...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

17 часов бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

17 часов бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

17 часов бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

18 часов бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

21 час бұрын

Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

21 час бұрын

Абай облысында 260 ауыл интернетпен қамтылған

22 часа бұрын

«Бөтен ойындардың» қатысушысы болма: Семейде студенттерге есірткі қылмысы үшін сотталғандардың хикаясы көрсетілді

22 часа бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

22 часа бұрын

Ауыл шаруашылығын жаңғырту: азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық дамудың маңызды бағыты

22 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС