"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫ — ӨРКЕНДЕУ НЕГІЗІ  

25.05.2023
ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫ — ӨРКЕНДЕУ НЕГІЗІ  
20
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кеше Семейдегі «Авиценна» жоғары медициналық колледжінде «Ұлт денсаулығы — мемлекеттің табысты өркендеуінің негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға, еліміздегі медициналық оқу орындарымен қатар, Беларусь, Ресей және Қырғызстан мемлекеттерінің студенттері қатысты.

 

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру, тәжірибелік дағдыларын нығайту және өзекті мәселелер жайлы пікір алмасу мақсатында ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік конференцияға Астана қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,  Семей медицина университеті, Кентау қаласындағы қазақ-неміс политехникалық колледжі, Өскемен жоғары медициналық колледжі,  Риддер колледжі,  Екібастұз медициналық колледжі, Қызылорда жоғары медициналық колледжі, Жамбыл жоғары политехникалық колледжі, сондай-ақ онлайн режимде Беларусь мемлекетіндегі И.Антонов атындағы Витебск мемлекеттік медицина колледжі, Борисов мемлекеттік медицина колледжі, Ресейден Рубцовск медицина колледжі, Свердловск облыстық медициналық колледжі, В.Бехтерев атындағы медициналық колледжі, К.Константинова атындағы Елецк медицина колледжі, Қырғызстаннан Бішкек медицина колледжі студенттері — жалпы саны 150-ден астам болашақ денсаулық сақтау саласы мамандары қатысты.

Пленарлық отырыста ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті, Мейіргер ісін дамыту басқармасының басшысы Нәзира Үсенова жиналғандарды конференцияның ашылуымен онлайн режимінде құттықтады.

— Бүгінгі конференцияда салауатты өмір сүру салтын сақтау тақырыбына басымдық беріліп отыр. Аурудың алдын алудың басты шарты – салауатты өмір салтын ұстану екені белгілі. Кез келген дәрігердің жұмысы, ең алдымен, адам денсаулығын сақтауға, аурудың алдын алуға бағытталады. Сондықтан бүгінгі пікірталас алаңдарында талқыланатын мәселелер халық денсаулығы үшін өте маңызды. Барлық қатысушыларға сәттілік, жеңіс пен жетістік тілеймін,- деді Назира Үсенова.

Абай облысы Білім басқармасының Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының директоры  Айнұр Исабаева еліміздегі колледждермен және жоғары оқу орындарымен, шетелдік әрістестермен байланыс жолға қойылып отырғандықтан, бұл конференцияның маңыздылығы зор екенін атап өтті.

—  Ұлт денсаулығы – елдің баға жетпес байлығы. Біздің жас мемлекетімізде салауатты ұлт қалыптастыру ісіне медициналық колледждер мен жоғары оқу орындары колледждерін тарту маңызды. Бүгін студенттер диалог алаңдарында үздік тәжірибелерін ортаға салып, салауатты өмір салтын сақтаудағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасады.  Жалпы, біздің облыста үш медициналық колледж бар. Олардың материалдық-техникалық базасы талапқа сай. Колледждерде 16 мамандық пен біліктілік бойынша бес мыңға жуық студент білім алуда. Біздің кадрлар республика көлемінде сұранысқа ие. Себебі студенттер денсаулық сақтау саласындағы білікті мамандардан дәріс алады. Солардың бірі – «Авиценна» жоғары медициналық колледжі. Осындай жоғары деңгейдегі конференцияны ұйымдастырған колледж ұжымына облыстық білім басқармасы атынан алғысымды  білдіремін. Бұл игі бастама дәстүрге айналып, жыл сайын өтіп тұрса деген тілегіміз бар,- деді Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы директоры Айнұр Исабаева.

«Семей медицина университеті» КеАҚ университет госпиталінің анестезиология, жансақтау және қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі Жандос Мұқашев, «Ұлттық медицина ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бойынша филиалының президенті, №9 емхананың бас дәрігері, қалалық мәслихат депутаты Найля Альменова, медициналық бағыт бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің төрайымы Гүлнұр Ахметова сөз сөйлеп,  халық арасында салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың өзектілігіне тоқталды.

— Дана халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деп бекер айтпаған. Денсаулық кепілі – дұрыс тамақтану, көп қозғалу, тазалық және сапалы медицина. Мемлекетімізде халық денсаулығын сақтауға қатысты  өзекті мәселелер аз емес. Соның ішінде атап өткім келетіні – цифрлық аутизм. Цифрлық технологиялар қарқынды дамыған қазіргі заманда интернетсіз өмір сүру мүмкін еместей көрінеді. Егде тартқан адамдардың өзі смартфондарға, әлеуметтік желілерге тәуелді болып барады. Қажетсіз ақпараттар өсіп келе жатқан, денесі қатпаған, миы және ойлау қабілеті енді қалыптасып келе жатқан бүлдіршіндердің дамуын тежейді. Қазіргі күні 3-5 жас аралығындағы балалардың арасында ойлау қабілетінің тежелуі, тілінің кеш шығуы, сөздік қордың аз болуы секілді мәселелер белең алып келеді. Бала болашағымыз дейміз, ал цифрлық аутизм мемлекетіміздің өркендеуіне қауіп төндіретін бірден-бір себеп деп ойлаймын. Сондықтан осындай ғылыми-тәжірибелік конференцияларда бұл мәселені жан-жақсы зерттеп, күресу жолдарын, шешімін табу керек деп ойлаймын,- деді «Семей медицина университеті» КеАҚ университет госпиталінің анестезиология, жансақтау және қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі Жандос Мұқашев.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның селекциялық отырысында студенттер «Салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру»,  «Қоғам денсаулығы және оны қорғау», «Психология және денсаулық мәдениеті,  «Салауатты тамақтану — салауатты өмір салтының маңызды факторы», «Студенттердің денсаулығын қалыптастырудың медициналық-әлеуметтік аспектілері» алаңдарында тақырып бойынша пікір алмасса, педагог қызметкерлер «Білім алушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру: басты нәрсені қалай жіберіп алмау керек» алаңында тәжірибелерін бөлісті.

Мақалада: ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫ - ӨРКЕНДЕУ НЕГІЗІ

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

1 день бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

1 день бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС