"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Ұлым бар!» деп мақтансын: баласы әкесіне пышақ ала жүгірген

25.04.2023
«Ұлым бар!» деп мақтансын: баласы әкесіне пышақ ала жүгірген
853
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Естіген кезде жағамды ұстадым. Жаным түршікті. Жақын бір туысымыздың баласы әкесіне пышақ ала жүгіріпті… Ертесі үйіне бардым. Еркін есік алдында жүр екен. Көзінің алды ісіңкі. Жағы ішіне кіріп, азып кетіпті.

— Ассаламуғалайкум! Қал қалай, Ереке?

— Уағалайкумуссалам! Шүкір.

— Иә, не жағдай?

— Жағдай сол: үйде ешкім жоқ. Кішкене екі ұлымнан басқасының бәрі кетіп қалыпты… Сол жынды бала құсап сенделіп жүрмін…

— Неден басталды өзі?

— Әй, сол баяғы қу дүние!.. Мына көршінің машинасын жасап болып, үйге кіргем «шәй ішіп жылынып алайын» деп. «Неге түскі асқа шақырмады?» деген ызалы оймен кірсем, тамақ жасалмапты. Мінезім шапшаң сорлы емеспін бе? Жарылып кеттім. Дүрсе қоя бердім жеңгеңе. «Май жоқ, сол үшін жасамадым» дейді бәтшағар. «Оу, дүкеннен неғып әкелмейсің онда?» десем, «Ақша бітіп қалған» дейді. «Оу, 2-3 күн бұрын ғана берім еп ғой» десем, «Жоғалтып алғам» дейді! «Оу, онда неғып айтпайсың?» десем, «Қорықтым» дейді. «Шындығын айт» деп тұрғаным: алдында, бұл байғұс бауырмал ғой, ана кредит алған сіңлісінің артын жабам деп, ақшамызды соған беріп жіберіп, тағы да «жоғалтып алдым» деген.

— Содан?

— Содан, «Тағы алдап тұр ма?» деп, зығырданым қайнап тұрса, сол арада келесі бөлмеден балам шыға келмесі бар ма! Көзі шатынап кетіпті! «Қойсаңызшы, әке! Қанды ішіп болдыңыздар ғой!» дейді өзінше! «Ей, ақылсынбай бар ары! Шалжиып жатып-жатып алып, енді келіп маған дікеңдемекшімісің! Құрт көзіңді!» деп, оған да бас салдым. (Менің далада тырбаңдап жатқанымды біле тұра ұйықтап жатқанына жыным келіп, бір жағынан «оятып алайын түйсіксіз немені» деп ойлап кіргем.) Сөйтсем, «Өзің құры!» демесі бар ма тұңғышымның! Қаным басыма шықты! «Не оттап тұрсың, ей, а?! Жоғал жүгір, таяқ жемей тұрғаныңда!» деп ақырып қалдым. «Өзің жоғал! Мамамның қанын ішіп біттің ғой!» дейді! Қанын ішіне тартып сұрланып алған! «Ой, мамаңның сенің..! Жоғал көзіме көрінбей! Ой, әкеңнің!» деп, «бетін қайтарайын» деген оймен қарманып, жанымда тұрған кішкене орындықты жұлып алып ұмтылдым. Қашу қайда! Сөреде тұрған пышақты ала салып маған оқталғаны! «Жарып тастаймын!» деп айғай салғаны! Алла-ай! Алла-ай! Құдай сақтады ғой! Бір-екі жұдырығы бетіме тиіп кетті.

Қойшы! Бір-бірімізге айтпаған сөзіміз жоқ! Бала болып ол қайтпады, әке болып мен тоқтамадым!.. Қолындағы пышағын сұқпаса да, тілімен жүрегімді тілгілеп-тілгілеп шықты да кетті! Уһ-һ… қайтіп бір орыныңда отырасың?!Мен де машинама отырып кетіп қалдым. Ары жүріп, бері жүріп, сабама түсе алмаған соң, мешітке кіріп дәрет алып, намаз оқыдым. Содан әйтеуір әрең өзіме-өзім келіп үйге келсем, шешесі мен кішкентайларды алып кетіп қалыпты… Уһ-һ… Қор болғаным-ай, Ақжан, қор болғаным-ай!..

Екі қолымен басын сығымдап ұстаған Еркін еңкілдеп кетті. Естігенімнен есеңгіреп қалғандай абдырап мен тұрмын.

— Болды, болды, Ереке, сабыр етші…

— Ішім күйіп барады! Бұл қалай болғаны сонда? Әй, бала деген әке ашуланғанда айылын жимай ма екен? Әкесі ұмтылса, арқасын төсемесе де, қашып кетпей ме екен, а? Не боп барады бұ жастар?! Әй, біз әкемізге қарсы шықпақ тұрмақ, бетіне бағжиып қарап көрмептік… Аллам-ай!.. Өзіме де обал жоқ! Ит мінезімнің кесірі!.. Тәрбиеден жіберген қателігім ғой!.. «Жұмыс-жұмыс», «тіршілік-тіршілік» деп жүріп, балаға қарадық па? Қарынын тойдырып, киімін бүтіндегенімізге мәз болып жүре беріптік қой… Ал, енді жемісін же! Ақымақтығың мен салғырттығыңның жемісін же!.. Жоқ әлде кезінде әкемді ренжіттім бе екен, а?.. Я, Жаратқан Ием, кешіре гөр пендеңді!..

Жаны байыз тапппаған Еркін біресе тұрады, біресе отырады. Аузыма сөз түспей мен тұрмын сілейіп. «Я, Алла, бәле-жалаңнан Өзің сақта! Бауырыма Өзің жар бол! Бала-шағасына иман бер, отбасымен біріктіріп, татулық-берекеңді бере гөр!..» деп ішімнен дұға жасап қоям.

Сөйтіп мен баласымен сөйлестім:

— Е-ее… Әкеңе неғып жүгіріп жүрсің? Соны түсіндірші.

— Ой, ызың-ызың етіп қанды ішіп бітті ғой! Мамамды әбден қорқытып алған! Ұрсады да жатады!.. Ұйықтап жатқам, тағы да сол баяғы батяның айғайынан оянып кеттім. «Не боп қалды?» деп шықсам, мамам жылап отыр! Жаным ашып кетті… Алдында да сөйтіп жылатқанын көргем! Ой жынымның келгені-ай!..

— Содан?

— Содан сол! Араша түстім мамама… Мені боқтағанымен қоймай, орындықпен ұрмақшы! Сонан кейін пышақты алуға тура келді!.. Біз де жігіт болдық қой! Армияны да көрдік! Олай істеуге болмайды ғой, аға! Қанды ішіп бітті!..

— Е-ее… Түсінікті. Онда, Қазтай, енді мені тыңда. Әкеңе жеккөрінішпен қарайтындай, ол саған не жамандық істеп еді?.. Жалпы, сенің әкең кімнен кем еді? Мас болып мазаларыңды алды ма? Біреулер құсап шешелеріңмен қосып сабаған ба еді? Өзі ләйліп, сендерді аш қалдырып па еді?

— Жоқ…

— Қысқасы, әкеңнің алдына кешірім сұрап бар. Ақылың бар жігітсің ғой… «Ұлым бар!» деп мақтансын, «Азаматым!» деп мейірленсін!.. «Атаңа не қылсаң – алдыңнан сол шығады!» дегенді де есіңнен шығарма, Қазтай…

— Жақсы… Рахмет, аға!.. – деді ол сүмірейіп. Қол алысып қоштастық.

Алғадай Әбілғазыұлы
oinet.kz

Мақалада: «Ұлым бар!» деп мақтансын: баласы әкесіне пышақ ала жүгірген

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

7 часов бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

7 часов бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

7 часов бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

1 день бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

1 день бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

1 день бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

1 день бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

1 день бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

2 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС