"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Бас прокуратурада Қазақстан Республикасы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

31.05.2023
Бас прокуратурада Қазақстан Республикасы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

30 мамырда Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалық етуімен құқық бұзушылықтың алдын алу және жасалған қылмыстардың нәтижесінде келтірілген залалды өтеу жөніндегі шаралардың тиімділігі бойынша Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Үйлестіру кеңесінің жұмысына Президент Әкімшілігінің өкілдері, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың, бейінді министрліктердің басшылары және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Бірінші мәселені талқылау барысында соңғы үш жылда қылмыстардың жалпы саны азайып келе жатқаны атап өтілді.

Ағымдағы жылы ауыр қылмыстар 23,5%-ға және аса ауыр қылмыстар 29%-ға аз тіркелген. Адам өлтіру, тонау, қарақшылық, бұзақылық саны азайған.

Бас прокуратурада Қазақстан Республикасы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті Бас прокуратурада Қазақстан Республикасы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Сонымен бірге қылмыстық іс-әрекеттердің жекелеген түрлерінің деңгейі алаңдаушылық туғызады.

«Біз азаматтардың қауіпсіздігіне анағұрлым теріс әсер ететін қылмыстардың алдын алуды күшейтуіміз керек. Бұл міндетті Мемлекет басшысы қойып отыр», — деп атап өтті Бас Прокурор Б.Асылов.

Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бүгінгі таңда елдегі есірткі жағдайы «дәстүрлі» есірткіні синтетикалық аналогтармен белсенді түрде алмастырумен сипатталады.

Соңғы деректер бойынша алып қойылған «синтетика» көлемі 3 есеге артқан.

«Мефедронның», «Тұздың» және басқа препараттардың Интернет пен салымшылар арқылы кеңінен қол жетімділігі өзекті мәселе болып отыр.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 3 жылда 122 есірткі зертханасы жойылды, есірткі таратумен айналысатын 17 ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолы кесілді, заңсыз айналымнан 37,5 тонна наркотикалық құралдар алып қойылды.

Сондай-ақ кеңесте балалар қылмысының, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қол сұғушылықтардың, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, алаяқтықтың және басқа да құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мәселелері қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша уәкілетті органдар үшін бірқатар ұсынымдар әзірленді.

Алдын алу мақсатында Ішкі істер министрлігіне бейнебақылау енгізу бойынша жұмыс шеңберінде жергілікті жерлерде «соқыр» аймақтарды анықтау және адамдар топталып жиналған жерлерде, көңіл көтеру орындары мен алкогольді өткізетін түнгі нүктелердің жанында камералар орнату ұсынылды.

Бұған қоса, тәуекел отбасылар мен жанжалқорларды есепке алуды қамтамасыз ету, олармен алдын алу жұмысын үнемі жүргізу ұсынылды.

Ағарту, ғылым және жоғары білім министрліктеріне оқу орындарында қауіпсіз ортаны құру бойынша тәсілдерді қайта қарауды ұсынды.

Бұл ретте, тәуекел топтарын ерте анықтауға және психологиялық жұмысқа, әсіресе есірткіге бейім адамдармен жұмыс істеуге назар аудару керек.

Денсаулық сақтау министрлігіне есірткіге тәуелді балаларға арналған оңалту орталықтарын құру бойынша жұмыс істеу ұсынылды.

Жалпы, кеңеске қатысушылар қылмысқа қарсы күресте ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және қазіргі заманғы сын-қатерлерді ескере отырып, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар кешенін өзектендіру туралы шешім қабылдады.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі өңірлік комиссияларға өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, қылмыс жасаудың себептері мен жағдайларын жою жөнінде белсендірек шаралар қабылдау ұсынылды.

Берік Асылов облыстық прокурорларға үйлестіру кеңестерінде азаматтардың қауіпсіздігіне әсер ететін қылмыстардың алдын алу жөніндегі шаралардың тиімділігін қарауды тапсырды.

Екінші мәселе аясында қылмыс нәтижесінде келтірілген залалды өтеудің өзекті проблемалары талқыланып, оларды жою бойынша бірқатар шаралар әзірленді.

Тергеу органдарының алдына азаматтар мен мемлекетке келтірілген залалды өтеу үшін құқықтық құралдарды барынша пайдалану, бұл үшін қылмыскерлердің мүлкіне билік етуін шектеу және оларды қамауға алу жөнінде шұғыл шаралар қабылдау міндеті қойылды.

Отырыс соңында Бас Прокурор криминогендік жағдайды жақсарту жөніндегі міндеттерді шешудің және қылмыстың барынша қауіпті түрлерінің алдын алу бойынша пәрменді шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

22 часа бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

22 часа бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

1 день бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

1 день бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

1 день бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

1 день бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

1 день бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

1 день бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС