"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

20.10.2014
АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

1 қазан – қарттар күні. Бұл күн БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1990 жылы белгіленген болатын. Қарттар күнін Семейдегі түрлі мекемелер мен ұйымдар атап өтіп, еңбек демалысындағы бұрынғы қызметкерлерін құттықтады. Айтулы мейрамға орай, сәрсенбі күні қала әкімі  Айбек Кәрімов Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясында болып, еңбек ардагерлерімен кездесті.

Кездесуге «ШҚ «АЭК» АҚ басқарма төрағасы    Асқар Балабатыров, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов қатысты. Айтулы  шараға энергетика саласында ұзақ жылдар еңбек еткен 80-нен астам адам шақырылған. Кездесу  барысында алғашқы болып сөз алған қала басшысы Айбек Кәрімов қариялармен жүздесіп отырғанына өзінің  қуанышты екенін жеткізді.

— Біз ежелден үлкендерді сыйлап, қарттарын    ардақтаған елміз. Ал энергетика саласында қызмет істеген ардагерлердің елімізге, қаламыздың экономикасына қосқан еңбегі ерекше. Энергетика саласында қызмет еткен барлық аға буын өкілдеріне жергілікті биліктің атынан үлкен рахмет айта отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, ұрпақтарыңыздың қызығын көріп, ендігі уақытта жастар тәрбиелеудегі жұмыстарыңызға жеміс тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын! – деді Айбек Мүталапханұлы өз сөзінде.

Сонымен қатар, қала басшысы бүгінде күнделікті өмірді электр қуатынсыз елестету мүмкін емес екенін, бұл орайда «ШҚ «АЭК» АҚ тарапынан электр және жылу қуатын өндіруге қатысты ауқымды жұмыстардың атқарылып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, қазіргі уақытта шаһардың инфрақұрылымын қайта қалпына келтіруге байланысты да көптеген жұмыстардың жүргізіліп жатқанын сөз еткен Айбек Мүталапханұлы бұл бағытта мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, инвестициялар салынып, болашақта энергия қуатын өндіруде жаңа технологияларды енгізуге мән берілетінін жеткізді.

 

{jcomments on}Өз кезегінде сөз алған «ШҚ «АЭК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Балабатыров өзінің аталмыш компанияда 3 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқанын тілге тиек етіп, энергетика саласы бойынша  Семейде еңбек етіп жүрген мамандардың біліктілігінің жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ, Асқар Балабатыров компания тарапынан сала ардагерлеріне ерекше көңіл бөлінетініне тоқталды. Қазыналы қарттарды төл мерекелерімен құттықтады. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов та қарияларды қарттар күні мерекесімен құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді.

 

Шара барысында Нұрлыбек Әділов, Валерий Черкашев, Галина Осиененко сынды бірқатар энергетика саласының ардагерлері «Еңбегі сіңген энергетик» төс белгілерімен марапатталып, қаржылай сыйлыққа ие болды. Энергетика саласының ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі Ғабиден Мұсайынов сөз алды.

— КСРО-ның кезінде энергетика саласын, ондағы техникаларды қазақ ұлты өкілдерінің меңгеретініне сенімсіздік болған еді. Алайда бүгінгі таңда ұлттық кадр жасақталған. Аталмыш салада қазақтың  балалары табысты еңбек етуде. Бұл үшін қуаныштымыз. Ардагерлердің ізімен келе жатқан жас толқындардың еңбегіне жеміс тілегім келеді. Қарттар күні мерекесі құтты болсын! – деді Ғ.Мұсайынов.

 

Нұрдәулет КӘКІШЕВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

16 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

16 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

16 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

16 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС