"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

68 МЕКЕМЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

01.06.2023
68 МЕКЕМЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

ТМККК және ӘМСҚ бойынша халыққа медициналық көмекті 68 мекеме – 34 жеке және 34 мемлекеттік мекемелердің бөлімшелері көрсетеді. 2023 жылы медициналық көмек көрсетуге қаржыландыру көлемі 20 пайызға өскен.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»

Бұл туралы облыстың ӨКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында «ӘМСҚ» КеАҚ өңірлік филиалының директоры Ғалымжан Әбілов мәлімдеді.
— Бүгінгі таңда Қордың көрсетілген медициналық қызметтер үшін төлем жасамайтыны туралы ақпарат таралуда. Бұл мәлімдемелер шындыққа жанаспайды. Қор төлемді жасалған шарттардың сомалары шегінде толық көлемде жүзеге асырады. Медициналық ұйымдар мен олардың бірлесіп орындаушылары шарт талаптарына сәйкес келмейтін төлемді талап етеді, — деді ол.
Ғалымжан Әбілов сонымен қатар салада проблемалардың да жоқ емес екенін атап өтті. Мысалы, кейбір мекемелер жалған есептер жасап, артық диагноздар қояды. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін мемлекеттік ұйымдарда зертханалық диагностикалық қызметтерді, маманданған дәрігерлердің консультациялық көмектерін көрсетуді дамытуға ұмтылыс жоқ.
— Сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігі қаржы компонентін шамадан тыс тұтынуды тежеу үшін биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап консультациялық-диагностикалық қызметтерге қаржы ағындарын бақылаудың желілік шкаласын енгізді, бұл бейінді мамандарды тексеруге және консультация беруге жіберу кезіндегі кемшіліктерді анықтайды. Атап айтқанда, емдеудің клиникалық хаттамалары, медициналық қызмет көрсетудің стандарттары мен ережелері сақталмайды. Яғни пациенттің дәрігерге жүгіну себебі дұрыс көрсетілмейді, жолдама кезінде диагноз қойылмайды, бұл медициналық қызметтерді шамадан тыс тұтынуға алып келеді, — деп атап өтті Ғалымжан Әбілов.
2023 жылғы бірінші тоқсанда 3 703 718 598,8 теңге сомасына 1 535 018 қателік, оның ішінде ағымдағы мониторинг кезінде 34 798 509,83 теңге сомасына 16 236 асыра пайдалану жағдайы анықталды.
— Көрсетілген қызметтер тіркелген, бірақ іс жүзінде медициналық қызметтер көрсетілмеген жағдайда, бұл туралы медициналық сақтандыру қорына хабарлауды сұраймыз. Мұны Telegram-да @saqtandyrybot боты арқылы жасауға болады: «өтінішті 1406-ға қалдыру (1414 жылдың 1 шілдесінен бастап)» бөлімін таңдап, ЖСН, өтініш мәтінін енгізіп, хабарлама мәтінін тіркеңіз. Сондай — ақ сіз алған медициналық қызметтердің тарихын EGOV сайтында немесе медициналық ақпараттық жүйелердің (мысалы, Damumed және басқалары) мобильді қосымшалары арқылы тексеруге болады, — деді Ғалымжан Әбілов.
Аудандар мен ауылдық округтерде сақтандырылмаған азаматтардың көп болуы – басты мәселелердің бірі.
— Барлық сақтандырылмаған азаматтарды ӘМСҚ жүйесіне қосылуға шақырамын. Сақтандырылған азаматтар ӘМСҚ пакетінде медициналық қызметтердің кең спектріне қол жеткізе алады және медициналық қызметтердің көлемі мен құны төленетін жарналардың мөлшерімен шектелмейді. ӘМСҚ-ға ең төменгі жарналар мен аударымдарды жылына 42 мың теңге көлемінде төлейтін пациенттер медициналық көмекті тегін алады, бұл ретте олардың жарналарының сомасы маңызды емес,- деп түйіндеді сөзін Ғ.Әбілов.

Ұқсас жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

21.11.2026
БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

Тоқаевтың бастамасы Абу-Дабиде су саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері аясында талқыланады. Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысын...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

1 день бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

3 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

3 дня бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

3 дня бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

3 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

3 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

3 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

4 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

4 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС