"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ – МІНДЕТ

20.10.2014
ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ – МІНДЕТ
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қала әкімі Айбек Кәрімовтің төрағалық етуімен Семей қаласы әкімдігі жанындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ве-   домствоаралық комиссияның отырысы болып өтті.

Комиссияның күн тәртібінде «2014 жылдың 28 мамырында өткен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәжілісі отырысының хаттамалық шешімінің орындалу барысы» және «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаның Семей қаласында 2011-2015 жылдары орындалу шаралары жоспарының орындалуы» мәселесі қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің басшысы Зухра Қасымжанова және екінші мәселе бойынша Семей қаласы прокурорының орынбасары Дулат Серікбаев, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар      Садырбаев баяндама жасады.

Мәжіліс барысында 2014 жылдың 28 мамырында өткен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәжілісі отырысының хаттамалық шешімінінің орындалу барысы туралы ақпаратпен таныстырған З.Қасымжанова жол қозғалысы барысында орын алатын заң бұзушылықтар туралы ақпаратпен бөлісті. Бөлім басшысы бірінші кезекте жүргізушілердің мәдениетін көтеру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін, жол көлік оқиғаларының алдын алу бойынша БАҚ  арқылы хабарланғанын атап өтті.

— Әкімшілік полиция қызметінің негізгі жұмыстарының бірі тұрғындар арасында жол көлік оқиғаларының алдын алу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады. Аталған шаралар қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар, әртүрлі ведомстволармен тығыз қарым-қатынаста өткізілді, — деді З.Қасымжанова.

Бүгінгі күні Семейде жүргізушілермен 30 мың жол ережесін бұзу оқиғалары орын алып, құқық бұзғандарға 340 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Осы ретте қала әкімі комиссия отырысына қатысушыларға бір  ескі көпірдің өзінде ғана тәртіптің сақталмайтынын, мәселе өткен жиында да айтылғанын атап өтті. Айбек Мүталапханұлының айтуынша, аталмыш көпірде әрдайым апатты жағдай орын алады. Мәселен, жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс арттыруы, қарсы бағытқа шығуы, көлік қатарының көбеюі сынды әрекеттер апатты жағдайларды көптеп туындататын көрінеді.

 

{jcomments on}- Ең бастысы, ереже бұзушылық орын алмауы керек. Оған қазіргі күні қандай кедергілер бар? Комиссия отырысында осы мәселелерді талқылауымыз керек, бұл жерде мәселені шешетін бірден-бір жол – бейнебақылау қондырғыларын орнату. Ескі көпірге қосымша екі бейнебақылау қондырғасын орнату қажет,-деді қала басшысы.

 

Айбек Мүталапханұлы қалалық ішкі істер басқармасының басшысы Жұмабек Исаділовке адамдар көп жиналатын және маңызды көшелерге бейнебақылау қоятын орындарды нақтылы анықтауды тапсырды. Оның айтуынша, мәселені осындай жолмен ғана шешуге болады. Ал оған қаланың техникалық базасы жеткілікті екенін, әсіресе, «Қазақтелеком» АҚ мүмкіндіктерін толық пайдалану қажеттігін айтты қала басшысы.

Келесі кезекте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша баяндама жасаушылар бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар мен олардың оң нәтижелері туралы мәліметтер келтіріп өтті. Қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев жыл басынан аталмыш тақырыпта әртүрлі кездесулер ұйымдастырылғанын жеткізді. Оның айтуынша, тоғыз айдың қорытындысы бойынша 16 дөңгелек үстел, 23 кездесу және 20-дан астам дәріс өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында 30 ақпарат жарияланған.

Отырыста Айбек Мүталапханұлы осындай сауалнамаларды барынша көбірек жүргізуді, зерттеу жұмыстарының БАҚ-та жариялануын тапсырды. Әкім, сондай-ақ, осы бағытта жүйелі жұмыстар атқарылу қажеттігін және мемлекеттік қызметкерлерге қатысты нақты мәліметтер беру, әр бөлім осы жұмыстарды тиянақты атқару керектігін айтты.

Құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссия отырысын қала әкімі Айбек Кәрімов қорытындылап, сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты — жемқорлықты болдырлау, оның алдын алу екендігін ескертті. Отырыс қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша нақтылы шаралар қолдану туралы шешім қабылдады.

Асан МЫРЗАХАНОВ,  «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

4 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

4 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

8 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС