"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Кемшіл тұстары қайта қаралады»: Министр БЖБ мен ТЖБ-ны алып тастау туралы сұраққа жауап берді

03.06.2023
«Кемшіл тұстары қайта қаралады»: Министр БЖБ мен ТЖБ-ны алып тастау туралы сұраққа жауап берді
1.2k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Нартай Аралбайұлын Youtube арнасына сұхбат беріп, білім жүйесіндегі өзекті мәселелер жөнінде сөз қозғады. Оның сөзінше, БЖБ мен ТЖБ алып тасталмаса да кейбір кемшіл тұстары қайта қаралады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нартай Аралбайұлы БЖБ және ТЖБ-ны алып тастау туралы ұсыныс үш жылдан бері айтылып жүргенін айтып, алдағы уақытта “БЖБ мен ТЖБ ны алып тастауға бола ма” деп сұрады. Министрдің сөзінше, бүгінде бағалау жүйесі туралы екіжақты пікір айтылып жүр.

“Бүгінде бір жақты пікір жоқ. Әртүрлі пікірлер бар. Дей тұрғанмен мамандармен, мұғалімдердің көпшілігімен ақылдасқанда бұл жүйені қолдау, әлі де жақсарту мәселесі көп айтылады. Ал “алып тастау керек” деген секілді үлкен ұсыныстар келіп жатқан жоқ. Жалпы бізде сыртқы бағалау және ішкі бағалау деген жүйе болады. Беріп жатқан білімнің қаншалықты жетістікке жетіп, нәтиже беріп жатқанын бағалау керек. Бүгінде сыртқы бағалау жүйесін құруды қатты қолға алып жатырмыз. Бұған дейін кенже қалған салалардың бірі болған екен. Өзіміздің отандық бағалау жүйесін қалыптастыруда 2022 жылы оқушылардың білім жетістігіне мониторинг жүргізу жүйесі қолға алынды. Биыл екінші рет жұмыс жүргізелейін деп отыр. Егер барлығы жақсы болатын болса, өзіміздің сыртқы бағалау жүйесі пайда болады. Себебі, біз беріп жатқан білімнің қандай деңгейде екенін білуіміз керек. Тек қана оқытып жатырмыз деген жеткіліксіз”, – дейді министр.

Оның сөзінше, 2010 жылға дейін ҰБТ сыртқы бағалау жүйесі ретінде қолданып келді. Дегенмен ҰБТ оқушы білімінің толыққанды көрсеткіші емес екені туралы күмәнді сөздер болған.

“Сондықтан да мектептегі бағалау жүйесінің өзінің орны болуы керек. Бүгінде шетелдік әріптестеріміз ақылдасқанда біздің осы негізгі жүйемізге қызуғушылық танытып отыр. Мысалы, Өзбекстан, Қырғызстан мамандары келіп кетті. Сол себепті біз бар дүниені жоғалтып алмағанымыз жөн. Оны жаңғыртып, кемшіл тұстары болса шыңдау мәселесін үнемі қолға алып отырғанымыз дұрыс деп ойлаймын. БЖБ мен ТЖБ мәселесі қайта қаралса да, оны алып тастайды деген сөз емес. Қандай да бір тетіктері қайта қарастырылуы мүмкін. Ол мұғалімнің оқушыны шынайы бағалануына мүмкіндік туғызуы керек. Бұл жерде біз кемшіл тұстарын анықтап, орнына келтіргеніміз жөн. Сонда мүмкін ол жүйе бәріне түсінікті және ыңғайлы болады”, – дейді ол.

Мақалада: "Кемшіл тұстары қайта қаралады": Министр БЖБ мен ТЖБ-ны алып тастау туралы сұраққа жауап берді

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

8 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

8 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

8 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

8 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

10 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

10 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС