"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ БАҚЫЛАУДА

06.06.2023
ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ БАҚЫЛАУДА
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада аудан әкімінің орынбасары Б.Самежанов жұмыс сапарымен Шар қаласында болып, жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.
Бүгінгі таңда мердігер — «Жарма құрылыс газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі екі пәтерлі бес тұрғын үйдің аумағын дайындап, ауыр техникалардың күшімен жертөле аумағын тазартып, жаңа баспаналардың іргетастарын құюда. Аудан әкімінің орынбасары мердігер серіктестік тарапынан жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының сапасымен танысты. Ауа райының қолайлылығын барынша пайдалануды көздеген құрылысшылар қарқынды жұмыс жүргізбек. Қажетті құрылыс материалдары жеткізілген.
Шағын қаладағы тұрғын үй мәселесі кезеңімен шешімін табатын болады.
Шар қаласында сондай-ақ Абай атындағы мектеп-балабақша кешені жөндеуден өтуде. Б.Самежанов «Алатау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі Сандуғаш Өміртаевамен кездесіп, аталған жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Мердігермен жасалған келісімшартқа сәйкес, нысан қыркүйек айында қолданысқа берілмек.
Жұмыс сапары барысында аудан әкімінің орынбасары Б.Самежанов елді мекеннің санитарлық тазалығын да назарынан тыс қалдырмай, қала әкімімен бірге бірқатар көшелерді аралап шықты.
Айта кету керек, қаланың санитарлық тазалығы сын көтермейді, көшелердің қалтарыс тұстарында заңсыз жиналған қатты тұрмыстық қалдықтар әлі де азаймай отыр.
Б.Самежанов қала әкіміне санитарлық тазалық жұмыстарын жақсартуды және тұрғын үйлердің маңайына қоқыс төгетін азаматтарды анықтап, құқық қорғау органдарымен бірлесіп шаралар қолдануды тапсырды.
Аудан әкімінің орынбасары сонымен қатар Сұлусары ауылындағы орталық су желісі құрылысын да көріп қайтты. Қазіргі уақытта «Арай-НС» ЖШС елді мекендегі аулаларға су құбырын тартып жатыр. Алайда мердігер компания құрылыс жұмыстарын мерзімінен кешіктіруде. Аудан әкімінің орынбасары мердігерге жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды. Ол үшін қосымша жұмысшылар алып, техникалардың санын көбейту керек.
Ал Қапанбұлақ ауылындағы Т.Хасенұлы атындағы орта мектепте салынып жатқан жылу қазандығының құрылысын Жарма аудандық мәслихатының төрағасы М.Оспанбаев, “AMANAT” партиясынан сайланған облыс мәслихаты депутаты Н.Қойжайғанов көріп қайтты. Құрылысқа жауапты мердігер компания «Алматы энергострой» ЖШС өкілінің айтуынша, бүгінгі күні жылу қазандығының құрылыс жұмыстары 20 пайызға орындалған, шілде айының 31-інде толықтай аяқтауды жоспарлап отыр.
Мердігер серіктестік негізгі құрылыс жұмыстарын бастауға дайындалуда. Келесі аптадан бастап құрылыс жұмыстарына кіріседі. Жақын арада жаңа жылу қазандығы жеткізіліп, оны құрастыруды қолға алмақ. Қосалқы құрылыстар да қатар жүреді.
Сұлусары ауылындағы орталық су желісі құрылысын халық қалаулылары да бақылауға алған. Құбыр тарту жұмысы тұрақты жүргізіліп жатқанымен, жер асты суының көтерілуі құрылыс барысына өз әсерін тигізуде. Дегенмен депутаттар жалпы жағдайды бағамдай келе мердігер серіктестік өкілдеріне нысанның уақытында тапсырылуы тиіс екенін ескертті. Құрылыс барысы тұрақты түрде партия бақылауында болады.

«ST»- ақпарат

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

6 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

6 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

10 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС