"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰСТАЗ АТЫНДА КАБИНЕТ АШЫЛДЫ

06.06.2023
ҰСТАЗ АТЫНДА КАБИНЕТ АШЫЛДЫ
279
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» демекші, Архат ауылында ардагер ұстаз, «Қазақ КСР оқу-ағарту ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері Нұрфану Мұхтарғалиқызының атындағы кабинет ашылып, есімі ардақталды. «Жақсыны көрмекке, жақсы істі термекке» барған біз ауылдастарының ұлағатты ұстазға деген сағынышы мен құрметінің куәсі болып қайттық.

Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған Нұрпан Мұхтарғалиқызы – ұлағатты ұстаз, ардақты ана, аяулы жар ретінде өзгелерге үлгі болған жан. Мектеп табалдырығын имене аттаған сан шәкірттің жүрегіне жол тауып, білім нәрімен сусындатты, өмірден өз жолдарын адаспай табулары үшін қажымай-талмай еңбек етті.
«Өлі разы болмай, тірі байымайды» демекші, алдымен Нұрфану Мұхтарғалиқызының жұбайы, Архат ауылының ғана емес, ауданымыздың сыйлы ағаларының бірі болған, ұзақ жылдар совхозда бас есепші болып қызмет атқарып, ауылдың дамуына, мәдениетінің өсіп-өркендеуіне айрықша үлес қосқан Маметреев Оралбек Жаубасарұлы мен Мұхтарғалиева Нұрфану Мұхтарғалиқызының рухына арнап ұрпақтары ас берді. Құран бағышталып, дұға-аяттар оқылған үлкен аста Оралбек аға мен Нұрпан апай жайлы жылы естеліктер айтылды.
Сан жүздеген шәкіртке тәлім-тәрбие беріп, үлкен өмірге қанат қақтырған білімді де білікті ұстаз, атақты Мамай батырдың ұрпағы Нұрпан Мұхтарғалиқызы көзі тірі болса, 75 жасқа толар еді. Әкесі Мұхтарғали — соғыс ардагері, анасы Зәбен – қажырлы еңбегімен Архат ауылының өсіп-өркендеуіне үлес қосқан жан. Нұрпан апай Архат ауылындағы сегіз жылдық мектепті бітірген соң Семей қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық училищеге түсті, оны аяқтаған жылы туған ауылына қайтып келіп, бастауыш сыныптың мұғалімі болып еңбек жолын бастады.
«Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай атамыз айтқандай, білімі мен өнегесі шәкірттерінің болашағына азық болған Нұрфану Мұқтарғалиқызы 1969-1999 жылдар аралығында шағын ғана білім ошағында 30 жыл бойы табан аудармай, ұстаз деген құрметті атаққа кір келтірмей, қажымай-талмай еңбек етті. Білікті ұстаздың еңбегі лайықты бағаланып, аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі марапаттарға ие болды. Еңбекқор, ізденімпаз ұстаз С.Бекбосынов атындағы орта мектепте бастауыш сынып пән бірлестігін басқарып, мұғалімдердің шеберлігін жетілдіруге үлес қосты. Бүгінде ұлағатты ұстаздың алдынан өткен жүздеген шәкірттері әр салада еңбек етіп жүр.
Бақытты жанұяда алтын асықтай алты перзент дүниеге келді. Отағасы Оралбек аға екеуі бір ұл мен бес қызды тәрбиелеп өсірді, олардың мамандық алып, өз орындарын табуларына барлық жағдайды жасады. Ұлды ұяға, қыздарын қияға қондырды, немере әлдиледі. Әттең, немере-шөбере сүйіп, нағыз қызық көрер шақтарында өмірден озды. Оралбек аға 55 жасында, Нұрпан мұғалім 67 жасында дүниеден өтті.
«Орнында бар оңалар» дейді, бүгінде ұрпақтары — шаңырақ иесі Тасқын, қыздары Дария, Сая, Дана, Сана, Әлия бір-бір ауыл, ақар-шақар әулет болып отыр. Оралбек аға мен Нұрпан апаның 14 немере мен жиен, 2 жиеншары бар.
Ауқымды іс-шара аясында мектептің мәжіліс залында ұстазды еске алу кеші өтіп, Нұрпан Мұхтарғалиқызының атындағы кабинет ашылды. Кабинеттің ашылуына аудан әкімі Нұржан Әбдікәрімов, қоғамдық кеңес төрағасы Төлеубек Аманғазы қатысты. Ауыл әкімі Ринат Молдаханов, білім бөлімінің әдіскері Динар Әбеуова, мектеп директоры Айман Жүнісова ізгі тілектерін жеткізді. Жабдықталған кабинетті сыйға тартқан ауылдастарына мектеп директоры ұрпақтарына алғыс хат табыстады. Мектеп оқушылары «Ұстазым» әнін шырқап, композициялық қойылым көрсетті. Нұрпан ұстаздың алдын көрген шәкірттері — Семей қаласы тұрғыны, Нұрпан Мұхтарғалиқызының алғашқы шәкірттерінің бірі Сандуғаш Мағденова, Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәні мұғалімі, мектеп түлегі, алтын медаль иегері Айнұр Рымжанова, Шәкәрім университетінің философия ғылымдарының кандидаты, профессор Айзат Мұқатаева, Астана қаласындағы республикалық балабақшалар кешені директоры Әсел Мұхамеджанова, Семей қаласындағы №27 мектеп директорының орынбасары Динара Шарипханова, Павлодар облысы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрболат Мақашев, Астана қаласындағы Эйр-Астана халықаралық әуежайының арнайы бөлім басшысы Ерболат Тайтөлеуов, Үржар ауданы ҰҚК басшысы Нұрбол Балтабековтің ұстаздары жайлы естелік әңгімелері, сағынышты сәлемдері ЛЕД экраннан тыңдалды.
Бұдан соң жиналған қонақтар бастауыш сынып кабинетінің ашылу салтанатына қатысып, шашуларын шашты. Нұрпан апайдың ұрпақтары кабинетпен таныстырып өтті. Заманауи үлгіде жабдықталған кабинетте жас ұрпақтың сапалы білім алуына барлық жағдай қарастырылған, керектінің бәрі бар. Электронды пернетақта, 12 парта, стенд және 3D стендтер қойылған. Еденге жаңа линолеум төселіп, әдемі перде ілінген. «Жақсының аты, ғалымның аты өлмейді» деген осы!
Анар СӘРСЕНБИНА

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

04.11.2026
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев жастармен және креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

04.11.2026
КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Көкпекті ауданында елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл Ақой ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы толық аяқталып,...

Толығырақ...Details

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

04.11.2026
Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

Көкпекті ауданында 2026 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму, ауыл шаруашылығын қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында...

Толығырақ...Details

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

04.11.2026
Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Аталған рейтингке Азияның 26...

Толығырақ...Details

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

04.11.2026
Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

11 часов бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

12 часов бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

12 часов бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

12 часов бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

15 часов бұрын

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

15 часов бұрын

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

16 часов бұрын

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

16 часов бұрын

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

17 часов бұрын

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС