"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«АЛАШТЫҢ БЕКЗАТЫ – ХАЛЕЛ»

07.06.2023
«АЛАШТЫҢ БЕКЗАТЫ – ХАЛЕЛ»

«AMANAT» партиясы «Ұлттық мұра» жобасы аясында М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде Халел Ғаббасовтың туғанына 135 жыл толуына орай «Алаштың Бекзаты – Халел» қоғамдық дәрісі өтті.

Аталған шараға «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Майра Құржықаева, белгілі ғалымдар мен тарихшылар, қоғам белсенділері қатысты.

Кіріспе сөзді алған Абай облысы мәслихатының депутаты, Абай облысы мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының төрайымы Шағангүл Жанаева қоғамдық дәрістерді өткізудің басты мақсаты ұлт жанашырларын дәріптеу, қоғам қайраткерлері қалдырып кеткен халқымыздың бай рухани мұрасын насихаттау екенін атап өтті.

«АЛАШТЫҢ БЕКЗАТЫ – ХАЛЕЛ» «АЛАШТЫҢ БЕКЗАТЫ – ХАЛЕЛ» «АЛАШТЫҢ БЕКЗАТЫ – ХАЛЕЛ»

«Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында тарихымызда өлшеусіз орын алатын тұлғаларымызды дәріптеуді жолға қойған қоғамдық дәрістерді өткізу дәстүрлі түрде жолға қойылған. Біз өткен тарихымызға құрметпен қарауымыз керек. Тәуелсіз заманда өмір сүріп, кеудемізді керіп, марқайып жүргеніміз – кеше ел үшін айдалып, сотталған тұлғаларымыздың арқасы. Біз еліміздің тарихына әр уақытта бас иіп, халқымыздың ауыртпашылық кезеңдерін есте ұстап, болашақ ұрпақтың бойында патриоттық тәрбиенің үстем болғанын қалаймыз. Алаш қайраткері Халел Ғаббасовтың облыс орталығында орналасқан М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде сабақ бергенін айта кеткім келеді. Тарихы терең білім ордасы осындай игі шаралардың бастауы бола бермек», — деді Шағангүл Алдамжарқызы.

Қоғамдық дәрісті phD доктор, Alikhan Bokekhan University филология кафедрасының аға оқытушысы Раиса Садықова жүргізді.

«Алаш мұрасы – ордалы ортамызға тәуелсіздіктің орнауымен оралған мол тарихи, рухани қазына. Тарихтың қойнауына еніп, өткеннің еншісіне айналған «қазынаны» табу, іздеу жұмыстары әрдайым қажырлықты, табандылықты, іздемпаздықты қажет етеді», — деп бастады сөзін Раиса Төлеуқызы.

Алаш зиялыларының қайраткерлік, қоғамдық, рухани қазынасын зерттеу жұмыстары жолға қойылған тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қозғалыстың алғы шебінде болған айтулы тұлғалардың қызметі мен артында қалған мұралары ерекше қарқынмен зерделене бастады. Әйтсе де, қалың шоғырдың ішінде зерделік шырақ жұлдызы жанбай, зерттеушісін таппай тұрған Алаштың көрнекті қайраткері бар еді. Ол – Халел Ахметжанұлы Ғаббасов. Замандастары оның тегін ресмилік сипатта ұлттық нақышқа бейімдеп «Ғаббасұлы» деп атап кеткен.

Раиса Садықова өз дәрісінде XX ғасырдың алғашқы ширегінде елін бодандықтан босатуды, әрі мәдениетті халықтардың қатарына қосуды өзіне парыз санаған азаматтардың бірі Халел Ғаббасұлының тарих сахнасына шыққан сәттері туралы баяндап өтіп, тың деректерді келтірді.

«Халел Ғаббасұлы – тұңғыш тәуелсіз мемлекеттің органы болған «Сарыарқа» газетінің құрылтайшысы, ұйымдастырушысы, редакторы және бас мақалаларын жазған авторларының бірі болған, ұлттық публицистиканың көкжиегін кеңейткен шығармашыл тұлға. Халелдің редакторлығымен шыққан «Сарыарқа» газетіндегі еңбектерде оның қолтаңбасы, пікірі, пайымы бар деп есептейміз. Халел Ғаббасұлының аз ғана көсемсөздік мұрасы Алаш мүддесі тақырыбына арналады, — деді Раиса Төлеуқызы.

«Сарыарқа» газеті Халел Ғаббасұлын мынадай мінездеме арқылы халыққа таныстырған: «Халел студент күнінде-ақ ұлтшыл, жинаған білім қазынасын халыққа таратуды өзіне борыш санаған һәм сол пікірін іспен көрсете бастаған қазақтың үмітті ұлы».

Халел Ғаббасұлының көсемсөздік, әлеуметтік-саяси еңбектерінде Әлихан Бөкейханның ұстаздық үлгі-өрнегі танылып, Әлихан бастаған ұлт ісінде «Алаш бекзаты» (Халелді замандастары осылай бағалаған) оның сенімді ізбасары ретінде тізе қосып бірге еңбек етті.

Жинақтап айтқанда, 1917-1920 жылдар аралығында Халел Ғаббасұлы ұлт қайраткері ретінде саяси істерде, халық қамқоры ретінде қоғамдық жұмыстарда, шығармашылық тұлға ретінде әдеби, саяси көсемсөздерімен Алаш қозғалысының белді қайраткері ретінде елге еңбегін сіңірді. Оның қоғамдық-саяси қызметі Уақытша үкімет, Алашорда үкіметі, Кеңес үкіметтерінің билік кезеңдерінде өтті.

Дәріскер Алаш қозғалысының белді қайраткері, «Алаш бекзаты» атанған Халел Ғаббасұлының қайраткерлік, күрескерлік ғұмыр тағдыры жайлы айта отырып, шығармашылық қызметіне де тоқталды.

«Халқымыздың ғасырлар бойғы азаттық аңсаған тілек-арманын XX ғасыр басында жүзеге асырған алаш арыстарының айтулы тұлғасы, ұлтжанды күрескер, қоғам қайраткері, көсемсөз шебері Халел Ғаббасұлының бар ғұмыры Алаш қозғалысы аясында, онымен тығыз байланыстағы бірлікте өтті.

Халел Ғаббасұлы XX ғасыр басында «Серке» газетінен басталған қазақ баспасөзіндегі демократтық, ұлт азаттық рухтағы публицистиканы «Сарыарқа» газетінде редакторлық, шығармашылық істерімен одан әрі дамытты. Халел басқарған кездегі «Сарыарқа» газетінде жарияланған көсемсөздерде халықтың мақсат-мұраттарымен бірге, Алашорда өкіметі, оның ұлттық тәуелсіз мемлекет ретіндегі болашақ бағыт, бағдары да халыққа кеңінен насихатталды. Сөйтіп, Халел Ғаббасұлының мақалалары, ел басқарған басылымның идеялық ұстанымы, ұлттық тұғыры да қазақ елінің азат таңының жаршысына айналды», — деді Раиса Төлеуқызы.

Халелдің редакторлығымен «Сарыарқа» газетінде көптеген әдеби шығармалар да жарық көріп, өз оқырмандарын таба білді. Бұл газетке оның «Алаш автономиясы»,  «Мемлекет күйі» және «Большевик бүлігі» атты бас мақалалары жарияланған.

Сондай-ақ қоғамдық дәріс барысында Раиса Садықова Алашорда үкіметі төрағасының орынбасары Халел Ғаббасұлының өмірі мен еңбегіне арналған «Алаш бекзаты» атты монографиясын таныстырды.

«Бостандық, азаттық, тәуелсіз ел болу идеясын төл әдебиетте көсемсөз жанры арқылы көтерген Алаш көсемдерінің ісін жалғастырған – Халел Ғаббасұлы. Оның саяси көсемсөздері халыққа Алашорда автономиясының мұраттарын түсіндіріп қана қоймай, өз заманы мен қазақ публицистикасының келешек дамуына да өнегелі үлгі болды, — деп аяқтады сөзін Раиса Садықова.

Қоғамдық дәрістен кейін Алаштың саяси қайраткері, көрнекті тұлғаға байланысты көптеген көкейдегі сұрақтар қойылып, жауап берілді.

 

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

16 часов бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

16 часов бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

16 часов бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

1 день бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

1 день бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

2 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

2 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

2 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС