"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ішкі істер министрлігі түнгі клубтар мен барлардың жұмысын 23:00-ге дейін шектеуді ұсынды

07.06.2023
Ішкі істер министрлігі түнгі клубтар мен барлардың жұмысын 23:00-ге дейін шектеуді ұсынды

Ішкі істер министрлігі түнгі клубтар мен барлардың жұмыс уақытын шектеу туралы ұсыныс айтты. Бірақ астаналық кәсіпкерлер бұған қарсы шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнасының Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Кәсіпкерлердің айтуынша, мұндай шектеу шағын және орта бизнеске зиян тигізеді. Көңіл көтеру орындарының басшылары бес-алты сағаттың ішінде пайда тауып үлгермейтіндерін айтты.

ІІМ-де тұрғын үйлердің бірінші қабатындағы түнгі клубтардың жұмысын 23:00-ге дейін, ғимараты жеке тұрған клубтарды түнгі екіге дейін қысқарту туралы ұсыныс айтылды.

Кәсіпкерлердің айтуынша, көпшілік көңіл көтеру орындарына тек кешкі алтыдан кейін барады. Ал бес сағатта айтарлықтай пайда табу қиын. Ол қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы қатаң шаралар қолдану жеткілікті екенін айтады.

“Егер 11-ге дейін уақытын қысқартатын болса, онда табыс көзі азаяды. Соған сәйкес көп қызметкерлерді жұмыстан шығарып, қысқартуға тура келеді. Сондықтан бұған қарсымын”, – дейді кәсіпкер Жанболат Закиров.

Ол тыйым қоғамдық қылмысты азайтпайды дейді. Керісінше жастардың демалатын, көңіл көтеретін орны болмаған соң, тәртіп бұзылатынын айтты.

Бұл бастамаға халықтың пікірі екіге бөлінді, бірі қолдаса, екіншісі қарсы шықты. Бастысы азаматтардың қауіпсіздігіне жауап беру маңызды дейді. Себебі түнгі клуб пен барлардың тең жартысында мамандандырылған күзет қызметі мен қауіпсіздік шаралары сақталмаған.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Астанада түні бойы жұмыс істейтін көңіл көтеру орындары мыңнан асады. Онда қауіпсіздік шаралары сақталмағандықтан, ащы суға тойып алып тәптіп бұзған, суық қару алып кіріп, жанжалды жағдайлар орын алады.

“Таңға дейін жұмыс істейтін көңіл көтеру орындары криминогендік ахуалды алаңдатып отыр. Жыл басынан Астанада осындай орындардағы тәртіп бұзушылық бойынша төрт мыңнан артық қоңырау келіп түскен. Сол себепті департамент осындай жағдайлардың алдын алу үшін тиісті заңнамаға өзгерістер әзірлеуді ұсынды”, – деп мәлімдеді Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Эльмира Шауленова.

Түнгі клубтар мен барлардың жұмыс кестесіне қатысты соңғы шешімді қалалық мәслихат депутаттары мен жергілікті билік өкілдері қабылдайды.

Ұқсас жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

19.11.2026
Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік өндірісті дамыту және халықтың өмір сапасын арттыру энергетика саласының тиімді жұмысына тікелей байланысты. Президент...

Толығырақ...Details

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

19.11.2026
Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

Адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – құқықтық мемлекеттің ең басты құндылықтары. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында адамның қадір-қасиетін құрметтеу, жеке бас...

Толығырақ...Details

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

9 часов бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

9 часов бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

12 часов бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

13 часов бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

13 часов бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

1 день бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

1 день бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

1 день бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

1 день бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС