"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТАЗА АЗЫҚ-ТҮЛІК — ТІКЕЛЕЙ ТҰРҒЫНДАРҒА

20.10.2014
ТАЗА АЗЫҚ-ТҮЛІК — ТІКЕЛЕЙ ТҰРҒЫНДАРҒА
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінде азық-түлік бағасын тұрақтандыру — басты мақсат. Бұл орайда қала әкімі Айбек Кәрімов азық-түлік бағаларын бақылауға алып, оның көтеріліп кетпеуіне аса көңіл бөліп отыр. Айбек Мүталапханұлы Семей қаласына іргелес аудандардың бірқатар ірі-ірі шаруа қожалықтарына Семейде арнайы сауда орындарын ашып, табиғи таза өнімдерін тұрғындарға тікелей жеткізуге жағдай жасап, бастамашы болған еді. Осы бастама бүгінде алғашқы жемісін бере бастады. Алғаш болып аудан-   дарға қарасты сауда үйін Бородулиха ауданы шаруа қожалығының иесі Александр Майер ашты. Енді Семей қаласының оң   жағалауында орналасқан «Родина» сауда үйі тұрғындар үшін  қызмет көрсетпек. Сауда үйінің ашылу салтанатына қала әкімі Айбек Кәрімов қатысты.

Қаламыздағы Қаржаубай-ұлы көшесі, 249/1 мекенжайында  бой көтерген сәулеттік дәрежесі  жоғарғы заман талаптарына сай азық-түлік сауда үйі енді тұрғындардың сұранысын қамтамасыз ететін болады. Мұнда сатып алушылар мен қызметкерлерге барынша жағдай жасалыпты. Сауда үйінің салқындату әрі ауа алмастыру, жылыту жүйелері стандарттарға сай келетін құрылғылармен жабдықталған.

— Өздеріңіз көріп тұрғандай, сауда үйінде ауылшаруашылығы өнімдері саудаланады. Әртүрлі ет өнімдері, құс еті, бал, өсімдік майы мен нан өнімдері сынды тауарлар бар, — деп сөзін бастаған қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Марат Нүгеров, — осылайша, Семейде азық-түлік бағасын тұрақтандырып тұруға мүмкіндік беретін  тағы бір сауда орны ашылып отыр. Әсіресе, ет өнімдерінің бағасы тұрақты. Бұған дейін қаланың бұл ауданында осындай ірі сауда үйі болмаған еді. Қала әкімі Айбек Кәрімовтің бастамасын Бородулиха ауданының кәсіпкерлері тиімді пайдаланып, біріншіден, халыққа қызмет көрсетсе, екіншіден, өз өнімдерін тікелей, алып сатарларсыз өткеруге мүмкіндік алып отыр, — дейді Марат Нүгеров.

 

{jcomments on}Сауда үйі ашылған сәттен бастап келушілер қызу саудаға кірісті. Бұған қоса, кез келген тауар зертханадан өткізіліп, тексеріліп тұрады. Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Марат Нүгеровтің айтуынша, алдағы уақытта қалада осы ауданға тиесілі «Зайтенов» шаруа қожалығының сауда үйі ашылмақ. Сауда үйі қала орталығында орналасады деп жоспарлануда.

 

— Азық-түлік тауарлары базар бағасына қарағанда, айтарлықтай төмен. Сол себепті де сауда өте қызу жүріп жатыр деп айтуға болады. Оны тұрғындар ризашылығынан да білуге болады. Бұған қоса, барлық тауарлар тиісті зертханалардан өткен. Алдағы уақытта қала орталығында тағы бір осындай сауда орны ашылады. Осылайша, біз тұрғындар тұтынатын негізгі азық-түлік түрлеріне деген бағаны тұрақтандыра аламыз, — дейді М.Нүгеров.

Айта кетуіміз керек, сауда үйінде ортақ келісім бойынша Семей өңіріне қарасты шаруалар да өз өнімдерін тұрғындарға ұсына алады. Мұнда әзірге шаруаларға арналған 11 орын қойылған, алдағы уақытта оның қатарын 25 орынға дейін арттыру жоспарланып отыр. Қазір болашақта ашылатын өзге де сауда нүктелерінің жобалары қарастырылып жатыр.

Ауылдық жерден таза табиғи өнім әкеліп саудалап жүргендердің бірі — Бородулиха ауданына қарасты Зубайр ауылдық округінің тұрғыны Үміт Жүсіпова. Үй шаруасын дөңгелетіп отырған ауыл тұрғыны заман талабына сай сауда үйінің ашылғанына дән риза.

— Семейліктерге сүт, қаймақ, май, құрт, ірімшік өнімдерін алып келдім.  Бұл сауда үйі ыңғайлы болады деп ойлаймын. Аудан үшін де өте тиімді. Алдағы уақытта да келіп, өнімдерімді семейліктерге ұсынып  тұратын боламын,- дейді Үміт Жүсіпова.

Бородулиха ауданынан келген шаруаның бірі — аудан тұрғыны Светлана Тупкина. Бал өнімдерін әкеліп отырған ол омарта шаруашылығымен 12 жыл айналысатынын айтады. Омарташы қазір жеке кәсіпкер ретінде қызмет етуде.

— Ұсынып отырған бал өнімдері табиғи таза деп толық айта аламын. Арнайы рұқсат құжаттарым да бар. Жылда егіс алқаптарында, орманды жерлерде тұрамыз. Әзірге қарақұмықтан және әртүрлі шөптерден алынып отырған екі түрлі бал өнімін алып келдік. Балды көтерме сауда құнымен саудалаудамын. Бір келі бал — 800 теңге. Бұған дейін базарлар мен жәрмеңкелерге шығып тұратынмын. Сондай-ақ, көтерме сатып алушылармен жұмыс жасаймын. Сауда жүретін болса, осы жерге келіп тұруға болады. Өйткені өте ыңғайлы,- дейді Светлана Тупкина.

Асан МЫРЗАХАНОВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

08.11.2026
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. Қазақстанда отбасының...

Толығырақ...Details

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

08.11.2026
Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына құқықтық негіз қалайды. Бұл құқық демократиялық...

Толығырақ...Details

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

11 часов бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

12 часов бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

3 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

3 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

3 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

3 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

4 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

4 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

4 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС