"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛАҒА ЖЫЛУ БЕРІЛДІ

20.10.2014
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде әлеуметтік нысандарға 15 қазан — жылу беру маусымын күтпей-ақ жылу беріле бастады. Бұл туралы сейсенбі күні «Жылукоммунэнерго» мекемесінің жылу инспекциясы бөлімінің басшысы Жұман Мусин БАҚ өкілдеріне арнайы мәлімдеді.

Күннің күрт салқындап кеткенін ескерген қала басшылығы «Жылукоммунэнерго» мекемесіне 15 қазанды күтпей-ақ жылу беруге тапсырма жүктеген. Әсіресе, әлеуметтік мекемелер бірінші кезекте жылумен қамтамасыз етіліп, сейсенбі күні алғашқы жылу беріле бастады.

 

— Ауа райына байланысты қазан айы- ның алғашқы күндері жылу беріле бастады. Жылу берудің де өз тәртібі бар. Бірінші ретте ауруханалар мен емдеу мекемелері, балабақшалар мен мектептер жылумен қамтамасыз етіледі. Одан кейін тұрғын үйлер мен кәсіп-орындардың да кезегі келеді. Қазіргі таңда №1 ЖЭО-ның қазандығынан жылу беріліп жатыр. Ыстық судың берілуі де  назардан тыс қалған жоқ. 35 және      342 ықшамаудандарда ыстық су берілуде. Шаһардың сол жағалауына, өзге бөліктеріне де  жылу мен ыстық су кезегімен беріледі,- деді «Жылукоммунэнерго» мекемесінің жылу инспекциясы бөлімінің басшысы Жұман Мусин.

Айта кетерлік бір жайт: тұрғын үйдің жылу маусымында дайын екендігін растайтын арнайы құжаты болмаса, ол үйге жылу берілмейді. Әр тұрғын үй бұл құжатты алу үшін тұрғын үй инспек-циясы мен «Семей-Водоканал» МКК, «Жылукоммунэнерго» МКК-нің белгілі бір талаптарына сай болуы керек. Сонымен қатар, жылуға қарызы қордаланып қалған үйлер де жылудан қағылатын болады. Семей қаласы тұрғындарының жылу беру мекемесіне берешегі 300 млн. теңгеден асып отыр. Ал ұйымдар мен кәсіпорындардың «Жылукоммунэнерго» мекемесі алдындағы қарызы 100 млн. теңгені құрайды.

 

{jcomments on}- Қазіргі таңда жалпы 177 үйдің 108 млн. дебиторлық қарызы бар. Әр үйдің, әр пәтердің қандай мөлшерде берешек екендігі жайлы мәлімет қолымызда. Сол бойынша әрекет етеміз. Егер тұрғын үй берешектер қатарында болса, жылу маусымына дайындығы туралы құжаты болмаса, оларға жылу бе-рілмейді,- деген Жұман Мусин жылу беру мекемесіне де қаржының аса қажеттігін айтады. Жұман Мусиннің айтуынша,  «Жылукоммунэнерго»  мекемесінің борышкерлерден қарыздарын төлеуді талап етуі орынды. Қызмет көрсетуші кәсіпорын жұмысшыларына маусым айынан бері жалақы бере алмай отыр. Сонымен қатар, қысты толық өткеру үшін, қосымша көмір қорын толықтыру мәселесі де бар. Жылу берілген соң, күн санап тұтынушылардың дебиторлық қарызы көбейсе, онымен қоса кәсіпорынның су, жарық беретін өзге де кәсіпорындар алдындағы  берешегі де арта түспек.

 

Бұл тығырықтан шығатын жалғыз жол — борышкерлер түсіністікпен қарап, қордаланған қарыздарын тез арада төлеулері керек. Қылышын сүйреткен қыс та қыр астында. Әлбетте, көрсетілген қызметтің ақысын төлеу заңдылық болса, оны уақтылы төлеп тұру — азаматтық парыз.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

17 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

17 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

21 час бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС