"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Басшысы денсаулығы жоғын айтып, өрт орнына баруға мәжбүрлеген»: Абай облысында көз жұмған орманшының әкесі болған жағдай туралы айтып берді

14.06.2023
«Басшысы денсаулығы жоғын айтып, өрт орнына баруға мәжбүрлеген»: Абай облысында көз жұмған орманшының әкесі болған жағдай туралы айтып берді

Абай облысында болған алапат орман өртінен 14 адам қаза тапқан еді. Stan.kz тілшісі көз жұмған орманшы Серікжан Тоқтасынның әкесінен сұхбат алып, болған жағдай туралы біліп көрді.

Серікжан Тоқтасынның әкесі Бақытжан Жұмаділовтің айтуынша, “Новошульба” орман шаруашылығының басшылары ұлын ешбір қорғаныш киімінсіз өрт болған аумаққа жібере салған.

“Кешкі сағат 7-де қызметкерлердің бәрін жинап, 45 километр жерге өрт болып жатқан жерге жібереді. Түн батқанда, сағат 9-да қалың өрттің ортасына қолдарына күрек беріп, кіргізіп жіберген. Күндіз басталған өртті басшылық бақыламаған. Әбден ушыққаннан кейін ауыл-аймаққа кіріп кетеді деп қорқып, “Новошульба” орман шаруашылығы қорғау керек деп асығыс-үсігіс аттандырып жіберген. Менің балам ескі “Нивамен”, басқалары біреудің жекеменшік “УАЗ”-ымен барған”, – дейді ол.

Марқұмның әкесі орманшылықтың басшылығы қорғаныш киімдері мен газдан қорғайтын құрылғыларында қоймаларында сақтайтынын айтады.

“Баламның үстінде ешқандай қорғаныш киімі болмаған. Тек бір ғана өрт сөндіру көлігі барған. Ол орман қорғау жөніндегі инженер болып істейтін. Орталық кеңседе отырып, кімнің қайда баруын рациямен айтып, басқаруы керек еді. Ал бұл баланы директор мен оның орынбасары “сен сол жерге баруың керек” деп жібере салған. Ал өздері “ біздің денсаулығымыз жоқ, орманның ішінде жүре алмаймыз” деп айтқан”, – дейді Бақытжан Жұмаділов.

Сөзінше, ол баласының мүрдесін екі күннен бері сараптамадан ала алмай жүр.

“Олардың айтуынша, балам ең бірінші уланған. Содан кейін денесін өрт шарпыған. Денесін тану мүмкін емес. Жерлей алмай отырмыз. Енді ДНҚ нәтижесіне байланысты белгілі болады деп отыр. Оның қашан шығатыны тағы белгісіз”, – дейді ол.

Сонымен қатар Бақытжан Жұмаділов баласының жалақысы небәрі 80-100 мың теңге ғана болғанын айтты.

“Жалақысы алғашында 80 мың теңге болған. Қазір 100 мыңға жуық алатын.  Оқуын бітіріп келгеннен кейін осы жерде бес жыл инженер болып жұмыс істеген. Содан кейін жалақым аз деп Павлодарға жұмыс істеуге кетіп қалған. Ол жерде зауытта жұмыс істеп, жап-жақсы 200 мың теңге жалақы алып жүрген. Біз – зейнеттегі адамдармыз. Шешесінің жүрек ауруы бар еді. Арасында қысылып, демала алмай қалатын. Ұлымнан басқа үш қызым тұрмыста. Өз отбасыларымен басқа жақта тұрады. Сол себепті үйде бір-бірімізге көмектесіп әзер жүргеннен кейін баламды бір жарым ай бұрын елге шақырып алғанмын”, – дейді марқұмның әкесі.

Бақытжан Жұмаділов баласының өз жұмысын жақсы білетін, таптырмас маман екенін тілге тиек етті.

“Орыс тілін жақсы білгендіктен, бухгалтерлік есеп-қисап жұмыстарын атқаратын. Семейдегі басқармаға сынақ тапсырғанда ешқандай қатесіз тапсырған. Сөйтіп жұмысқа бірден қабылдады. Өзі күзде немесе қысқа таман үйленемін деп жоспарлап жүрген. Мойнында миллион несиесі де бар. Соны жауып, ақша жинап, отбасын құрғысы келген еді”, – дейді Бақытжан Жұмаділов.

Еске салайық, 9 маусымда Абай ауданында 30 мың гектарға жуық аумақты шарпыған өрт шыққаны белгілі болды. Алайда кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін ұлғайып үлгерді. Сондай-ақ орман шаруашылығының 14 қызметкерімен байланыс үзілгені айтылды. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды.

9 маусымда түн ортасына таман президенттің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға сапарын кейінге қалдырып, Абай ауданындағы өрт аймағына ұшатынын хабарлады. Сондай-ақ президент Абайдағы өртпен күресу үшін бар мүмкіндікті пайдалануды тапсырды. Төтенше жағдайлар министрлігі 10 маусымға қараған түні Абайдағы өртті сөндіруге Алматы мен тағы төрт облыстан қосымша күштер мен құралдар жіберілетінін мәлімдеді.

«Семей орманы» табиғи резерватында болған ірі өрт салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапты.

Адамдардың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. 12 маусым елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Айта кетсек, бұған дейін қаза тапқандардың отбасыларына «Қазақстан халқына» қорынан 7 млн теңгеден, сондай-ақ кәмелетке толмаған әр балаға 2 миллион теңгеден төленетіні туралы хабарлаған болатынбыз. Бұдан бөлек, қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге қажетті қолдау шараларын көрсету мақсатында арнайы қор құрылды. Одан бөлек, қаза тапқандардың отбасына қажетті жиһаз бен тұрғын үй берілетіні айтылды.

Мақалада: "Басшысы денсаулығы жоғын айтыпөрт орнына баруға мәжбүрлеген": Абай облысында көз жұмған орманшының әкесі болған жағдай туралы айтып берді

Ұқсас жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

17.11.2026
Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

17.11.2026
Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруда көлік және логистика саласының маңызы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру және...

Толығырақ...Details

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

17.11.2026
Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің басты қағидаттарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясында әр адамның...

Толығырақ...Details

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

18 часов бұрын

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

18 часов бұрын

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

18 часов бұрын

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

22 часа бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

1 день бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

2 дня бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

2 дня бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

2 дня бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

2 дня бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС