"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕРЕКЕГЕ ҰЛАСҚАН БЕРЕКЕЛІ ЖӘРМЕҢКЕ

20.10.2014
МЕРЕКЕГЕ ҰЛАСҚАН БЕРЕКЕЛІ ЖӘРМЕҢКЕ
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаевтың тікелей бастамасымен іске асып жатқан «Туған ел – алтын бесігім» акциясының күн өткен сайын өзінің маңыздылығы артып келе жатқаны жасарын емес. Әсіресе, облысқа қарасты аудандар мен қалалардың өр Алтайдың төріндегі Өскемен қаласында апта сайын өтетін бір ғана ауылшаруашылығы жәрмеңкесінің өзі дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, ұтымдылығын көрсетуде. Әлбетте, ұтымдылығы дегенде, қала тұрғындарының табиғи өніммен қамтамасыз етілуін баса айтуға болатындай.

 

Алты ай жаз маңдай терін төгіп, Жер-Ананың игілігін икемді пайдаланған шаруаның қоңыр күзде жиын-терімін алыпсатарсыз тікелей саудалауға мүмкіндік алуымен де жәрмеңкенің шаруаға тигізер жәрдемі бар. Әлбетте, қала тұрғындарының да ауылдағы ағайынның қолымен өндірген өнімін алып, табиғи азық-түлік тұтынатын тиімділігі өз алдына. Міне, осындай мақсаттарға орайластырылған ауылшаруашылығы жәрмеңкесінің, қай тұрғыдан алсақ та, берері мол.

Өскеменде өткен жылдары да өз деңгейінде ұйымдастырылған Семей қаласының ауылшаруашылығы жәрмеңкесі биыл да сол биіктен көрініп, облыс орталығында өткен сенбіде өткен жәрмеңке өскемендік жұртшылықтың көңілінен шықты.

 

{jcomments on}«Қыстың қамын жаз ойла» демекші, қоңыр күз келсе, Өскемен жұрты ерекше қуанады.   Себебі, биыл да ауыл тұрғындарынан келген арзан өнімдерді тұтынады. Сол себепті жәрмеңкеге келушілер қарасы әдеттегіден мол. «Fresh market» сауда орталығы маңында өткен ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне Семей қаласына қарасты 16 ауылдық округтерден шаруалар қатысты. Жәрмеңкеге Семей қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева арнайы барып, сатылымдағы өнімдердің бағасымен танысты.

 

Бағаны тұрақтандыруға септесетін осындай жәрмеңкелердің қалалықтарға пайдасы мол. Себебі тұрғындар бұл жерден қажет еткен өнімін төмен бағамен сатып алды. Семей қаласының ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Әнуарбек Сүйчиновтың айтуынша, жәрмеңкеге жалпы көлемде 5 тонна сиыр еті, 2,5 тонна қой еті, 600 келі жылқы еті, 45 тонна картоп, 27 тонна көкөніс өнімдері және басқа да халықтың сұранысына сай өнімдер ұсынылған.

— Облыс орталығына сегіз тонна ет өнімдері жеткізілді. Сондай-ақ, қымыз, май, құрт саудаланып жатыр. Жергілікті тұрғындар ауылшаруашылық өнімдерін қуана алып, ризашылықтарын білдіруде. Ауа райы да өте жақсы. Дәстүрлі жәрмеңке биылғы жылы да ерекше өтуде деп айтуға негіз бар, — дейді Әнуәрбек Қазисұлы.

Жәрмеңкеге Семей қаласына қарасты 16 ауылдық округтің шаруалары келіп, өздерінің арзан әрі сапалы өнімдерімен өскемендіктерді қуантты. Бұл күні саудасы ерекше қызған өнім деп көкөністі атауға болады. Озерка ауылдық округінің әкімі  Бақытжан Нұғымановтың айтуына қарағанда, олар төмен бағада картоп пен қырыққабатты саудалапты.

– Семейден келген 16 ауылдық округтің 12-і ет өнімдерін әкелді. Таңертеңнен бері картоп тез өтіп кетті. Сондай-ақ, қырыққабаттың келісін ең төмен бағада, 40 теңгеден сатып жатырмыз. Халық жылы қабылдап, ризашылықтарын білдіруде. 7 тонна көкөніс алып келген болатынбыз, барлығын да тұтынушылар көтере алғанынша алды. Өскемендіктер ауылдан жеткізілген қымызымызды да жоғары бағалады. Өздеріңіз көргендей, жәрмеңкеге көптеп келген халықтың саудаға ықыласы ерекше, — дейді Озерка ауылдық округінің әкімі Бақытжан Нұғыманов.

Күз келгенде, қала базарының нарығы мен жәрмеңке өнімдері бағаларының теңелуі қалыпты құбылыс. Себебі дәл осы мезгілде еңбегінің жемісін көретін шаруалар бәсекесі қала базарының нарығын тұрақтандыруға оң әсерін тигізеді. Жәрмеңкеге «Семей ет комбинаты» ЖШС өз өнімдерін алып келді. Сауда өкілінің айтуынша, комбинат осындай жәрмеңкелерден қалыс қалмауға тырысады.

— Осындай жәрмеңкелердің дәстүрлі түрде өткізіліп тұрғанын құптаймыз. Өйткені, халыққа өз өнімдерімізді таныстыруда жәрмеңкенің пайдасы мол. «Семей ет комбинаты» ЖШС Қазақстан бойынша жұмыс жасайды. Әсіресе, ет консервісі мен шұжық өнімдеріне сұраныс өте жоғары. Бүгінгі жәрмеңке жақсы өтуде, халық та көптеп жиналыпты. Өнімдерімізді көріп, алып жатыр. Айта кетуіміз керек, шұжық өнімдерінің сапасы ешбір шетелдік өнімдермен салыстыруға келмейді. Сапасы өте жоғары. Ал нарықтағы құны Қазақстан бойынша бірдей, — дейді «Семей ет комбинаты» ЖШС сауда өкілі Надежда Кучми.

Жәрмеңкеге ет өнімдерін алып келгендердің бірі — Озерка ауылының «Салтанат» шаруа қожалығы. Қожалық басшысы Салтанат Икимбаева әкелген барлық өнімдерін сатып үлгергенін айтады.

— Шаруа қожалығын ашып, жұмысымды бастағаныма 10 жыл болды. Негізінен ірі қара өсірумен айналысамыз. Осыдан екі жыл бұрын мемлекеттен несие алып, мал басын көбейтіп алдық. Алдағы уақытта тағы да мал басын көбейтіп, біраз шаруалар атқаруды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі жәрмеңкеге үш бас ірі қара алып келіп, барлығы саудаланып кетті. Жәрмеңке жақсы ұйымдастырылған екен. Алдағы уақытта да осындай шаралардан қалмайтын боламыз, — дейді Салтанат Икимбаева.

Осындай жәрмеңкелердің пайдасын дәлелдеп жатудың өзі артық. Өскемендіктер тұтынушы мен тауар өндірушіге де тиімді болып отырған мұндай шаралардың алдағы уақытта да ұйымдастырыла бергенін қалайды.

— Осындай жәрмеңкенің ұйымдастырылуы, әрине, өте жақсы. Өскемендіктер ауылдан келген таза экологиялық  және арзан өнімдерді қуана алып жатыр. Үлкен кезекке тұрып, 1 қап картоп алып үлгердім. Қазақтың ұлттық сусыны қымыздан да алдым. Оны жолдасым өте жақсы көреді, — дейді Светлана Владимировна.

Ал жәрмеңке болады дегенді естіп бірінші келген қала тұрғыны Ғалия Есенқызы тұтынушылардың сұранысына сай өнім әкелген Семей қаласы шаруаларына дән риза.

— Жәрмеңке болып жатыр дегенді естіп, осында жылдам жеттім. Негізі ет алуға келген едім. Алайда көкөністің де арзан екенін көріп, сарымсақ пен картоп сатып алдым. Әрине, бағасы базардағыдан әлдеқайда төмен. Міне, өзіңіз көріп тұрғандай, қазы сатып алдым, — дейді Ғалия Есенқызы.

Айта кетуіміз керек, осы күні Шығыс Қазақстан облысы күні аясында Астана қаласында ауқымды жәрмеңке өтті. Елордадағы Шығыс Қазақстан облысы күніне бір ғана Семей қаласынан 80 тонна көкөніс жіберілген. Жалпы, Шығыс Қазақстан облысынан апарылған 450 тонна ауылшаруашылық өнімдері төмен бағамен саудаланған. Өскемендегі жәрмеңкені ән мен бидің көркін қыздырған Семей қаласының өнерпаздары көңілді концертке ұластырды.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

2 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

2 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

2 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

2 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

3 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

3 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

3 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

3 дня бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

3 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС