"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Қорқамыз»: Қызылорда облысында мектеп мұғалімдері директордың орынбасары ақша жинататынын айтты

16.06.2023
«Қорқамыз»: Қызылорда облысында мектеп мұғалімдері директордың орынбасары ақша жинататынын айтты
4k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы мектептің бір топ мұғалімі басшыларына қарсы шықты. Айтуларынша, директордың орынбасары Шәркүл Сәрсенова ұстаздарға оқушылардың көзінше ұрысып, қоқан-лоқы көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңақорған ауданындағы №110 мектептің директорының орынбасары мұғалімдерден ақша жинайды дейді. Мұғалімдер бұл туралы білім басқармасына бірнеше рет айтса да, еш нәтиже жоқ. Сол себепті олар құзырлы органдарға жүгінген.

Айтуларынша, оқу жылының басында сағаттық жүктемелерін көбейту үшін орынбасарға ақша береді. География пәнінің бес мұғалімінің жалақысын өзіне қайтарып беруді сұрады деп отыр.

“Дәптердің ақшасын қайтаруымыз керек. Осындай бап бойынша бізге ол ақша төленбейді. Қателікпен жазып қойыппын, ақшаны қайтаруымыз керек дейді. Ақшаны қолма-қол немесе карта шотына аударасыңдар деді. Неге сүйеніп қайтаруымыз керек? Ешқандай бұйрық жоқ”, – деді география пәнінің мұғалімі Айдана Төлегенова.

“Айтпаған сөзі қалмады. Жерден алып, жерге салады. Тіпті күйеуімізден олай қорықпаймыз. Мектепке кіріп жатқанда, кәлимамызды айтып кіреміз. Қатты қорқамыз”, – деді орыс тілі пәнінің мұғалімі Нұрзада Мәтішева.

Үрейі ұшқан ұстаздар оқу ісі жөніндегі орынбасардың қысымынан шаршаған. Шәркүл Сәрсенованың өзі бір топ ұстаздың шағымымен келіспейді. Ол қызметкерлерге тек жұмыс бабымен ескерту айтатынын түсіндірді. Сондай-ақ олардан негізсіз ақша алған кезім болмаған деп отыр.

“Сағатты мен бөлмеймін. Оны бірлестік жетекшілері бөледі. Сағатты бөліп, бірлестік жетекшілері барлығы қол қойып бергеннен кейін маған әкеліп береді. Оны сабақ кестесіне қоямын. Анау айтып отырған сомаңызбен келіспеймін”, – дейді №110 орта мектеп директорының орынбасары Шәркүл Сәрсенова.

Білім бөлімінің басшылары бұл мәселеден бұрыннан хабардар. Алайда ұстаздардың шағымына енді назар аударылыпп жатыр.

“Қазір ұжыммен кездесіп, сөйлесемін. Не мәселе болып жатырғанын сұраймын. Сол жерде педагогикалық әдеп кеңесі бар, егер айтқан сөздер расталатын болса, бұл кісінің тиісті шарасы қабылданады”, – деді Жаңақорған аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Дәулетәлиев.

Ұстаздар оқу ісі жөніндегі орынбасардың орнын босатқанын талап етуде.

Мақалада: "Қорқамыз": Қызылорда облысында мектеп мұғалімдері директордың орынбасары ақша жинататынын айтты

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

11 часов бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

11 часов бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

15 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

15 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

15 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

15 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

16 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

16 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

16 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

16 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС