"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Тарих пәнінің мұғалімінен, елшіге дейінгі жол. ШҚО-ның жаңа әкімі туралы деректер

16.06.2023
Тарих пәнінің мұғалімінен, елшіге дейінгі жол. ШҚО-ның жаңа әкімі туралы деректер
851
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу
Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімі туралы қызықты деректер пайда болды деп хабарлайды «Семей таңы» газетінің порталы bugin.kz-ке сілтеме беріп.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімі болып 58 жастағы Ермек Көшербаев тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметін атқарған.

Ермек Көшербаев 1965 жылы Алматыда дүниеге келген. «Шетел тілінде сабақ беретін тарихшы» және «Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат» деген екі ғылыми дәрежесі бар.

Бірінші мамандық бойынша ҚазҰУ-да, екіншісінде Ресей Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясында білім алған. Айтпақшы, сол академияда президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге оқыған. Тоқаев тек 1993 жылы, ал Көшербаев 1992 жылы бітірді.

Олардың дос ретінде араласқан-араласпағаны белгісіз. Алайда олар бір академияда оқығандықтан, бұрыннан таныс болуы әбден мүмкін.

Тарих пәнінің мұғалімінен, елшіге дейінгі жол

Ермек Көшербаев Алматы қаласындағы №170 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі ретінде бес ай жұмыс істеген. 1988 жылдан бері Көшербаев маңызды қызметтерді атқарып келді. 23 жасында құпия кеңсенің аға инспекторы. Қазақ КСР кезінде Көшербаев сыртқы істер министрінің көмекшісі болған.

1997 жылға дейін негізінен сыртқы істер министрлігінде мемлекеттік хаттама бөлімінің меңгерушісі, президент аппаратының халықаралық бөлімінің консультанты, көпжақты ынтымақтастық бөлімінің Азиялық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі сияқты қызметтерді атқарған.

1997-1999 жылдары Көшербаев премьер-министр Нұрлан Балғымбаевтың көмекшісі болды.

2000 жылдардың басынан Ермек Көшербаев мұнай саласына жол тартып,  «ҚазТрансОйл» Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы» ЖАҚ президенті аппаратының жетекшісі, кейін «ҚазМұнайГаз» АҚ президент аппаратының жетекшісі қызметтерін атқаржы.

2010-2014 жылдары Көшербаев Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. Көшербаев сыртқы істер министрлігінен бөлек ауыл шаруашылығы министрлігінде де өзін көрсете білді. 2014-2018 жылдары ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі, кейін жауапты хатшысы болды. 2018 жылы Көшербаев сыртқы істер министрлігіне қайтарылды. 2020 жылға дейін министрдің орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың 20 қаңтарында Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды. Оған дейін бұл қызметті Иманғали Тасмағамбетов атқарған болатын. Ол зейнеткерлік жасқа толуына байланысты қызметінен босатылды.

Назарбаевпен қарым-қатынасы қандай?

Ермек Көшербев атақты Чайжүнісовтер әулетінің күйеу баласы. Ол Динара Чайжүнісовамен отбасын құрған. Семей қаласының экс-әкімі Маркен Чайжуносовтың қызы, ол да президент әкімшілігінде жұмыс істеген, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, кейін Қазақстан парламентінің I және II шақырылымдарының депутаты болды.

Чайжүнісовтар отбасының тамыры Шығыс Қазақстаннан. Әулеттің басшысы – Социалистік Еңбек Ері, атақты ұстаз Жақия Чайжүнісов (1914–1983).

Маркен Дариға Назарбаеваның қызын алған Дәллен Чайжүносовтің атасының ағасы. 2018 жылы тұңғыш президенттің үлкен немересі Венера Назарбаева Далленге үйленді. Оның атасы Тоқан Чайжүнісов «Қазгипроцветмет» бірлестігінің президенті, ал ағасы Аллен Чайжүнісов «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы.

Көшербаевтың әйелі туралы белгілі болғаны – әйел ұзақ уақыт бойы «Қазмұнайгаз өңдеу және маркетинг» АҚ кадрлар бөлімін басқарған. Ермек Беделбайұлы екеуінің 35 жастағы ұлы мен 30 жастағы қызы бар. Дастан Көшербаев 2018 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Бизнесті дамыту департаментінің бірігу және қосылу бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

Мақалада: елшіге дейінгі жол. ШҚО-ның жаңа әкімі туралы деректерТарих пәнінің мұғалімінен

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

5 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

5 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

5 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

6 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

7 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

7 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС