"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейде Қаңтарда изоляторда қаза болған азаматтың өлімі: екі полиция қызметкерінің бостандығы шектелді

18.06.2023
Семейде Қаңтарда изоляторда қаза болған азаматтың өлімі: екі полиция қызметкерінің бостандығы шектелді
100
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

15 маусымда Семей қаласының №2 сотында Қаңтар оқиғасы кезінде уақытша қамау изоляторында қаза болған Елдос Қалиевтің өліміне байланысты айыпталған екі полиция қызметкері Арайлым Ақылбекова мен Қайрат Әнуарбековке үкім оқылды. Сот «Салғырттық» бабы бойынша айыпталған екі қызметкердің бостандығын үш жылға шектеді. Бұл жайлы Semeytany.kz ақпарат агенттігі Азаттық сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ақылбекова ұсталған адамды әкелген кезде уақытында тіркемеген және оның полицияда отырғанына үш сағаттан асып кетсе де кезекші Әнуарбековке хабарламаған, осылайша міндетіне салғырт қараған» деді соттың баспасөз қызметі.

Ал Әнуарбеков өз кезегінде Ақылбекованың әрекетін «қадағаламай», басшылыққа Қалиевтің полиция басқармасында тіркеусіз үш сағаттан астам уақыт отырғанын айтпаған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Семейде Елдос Қалиевтің өліміне қатысты бір мезетте тағы бір процесс жүріп жатыр. Бұл істе Семей қалалық полиция басқармасының қылмыстық полиция бөлімінің жедел уәкілі Айдын Азанбаев айыпталушы танылған. Оған «Азаптау» және «Билік өкілетін асыра пайдалану» баптары бойынша айып тағылған. Тергеу органдарының хабарлауынша, ол «анықталмаған адамдармен» Елдос Қалиевті азаптаған.

Іс бойынша куәгерлер – Қалиевпен бір камерада отырғандар Қалиевтің ауыр соққыға жығылғанын, ауыр тыныс алып, еденде дөңбекшігенін айтқан. Камерада бірге отырғандар полиция қызметкерлерін шақырғанмен Қалиевке ешқайсысы келмеген.

—Оны өлтірген – басқаша айту мүмкін емес. Медициналық сараптама жүргізілді: оның бір жағындағы қабырғалары ішке кіріп кеткен, бір аяғы тұтас көкпеңбек, басы ұрылған. Денесі тұтас ісіп кеткен. Саусақтары мен аяғының башпайлары ұрылған – мен мұндайды бірінші рет көрдім. Ол атлет емес, салмағы 60 килограмнан артық болмаған. Адамды хайуанша өлтіру. Маньяк тіпті фашистер де бұлай істемес еді. Ант берген құқық қорғау органдары қалайша мұндайға барды? – деді Елдос Қалиевтің жақын досы Талғам Исламов Азаттыққа.

Келесі сот отырысы 19 маусымға тағайындалған.

Елдос Қалиев 2022 жылы 10 қаңтарда ұсталған. Ол уақытша қамау изоляторында «жұмбақ жағдайда» қаза болды.

Қазір Семейде Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталып, азаптаудан өлген Жандос Жотабаевтың ісі бойынша сот өтіп жатыр. Ол іс бойынша уақытша қамау изоляторының фельдшері Гүлмира Төлеубекова айыпталушы ретінде танылған. Оған «Кездейсоқ бір адамның өліміне әкелген медицина қызметкерінің кәсіби міндетін тиісті дәрежеде орындамау» (317-бап) бойынша айып тағылған. Сот үкімі 21 маусымда оқылады.

Жотабаевтың өліміне байланысты бөлек процесте «Қатігез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар» (146-бап) бабы бойынша екі полиция қызметкері Әлішер Қанақынов және Ерсұлтан Ағзановқа айып тағылған.

Жандос Жотабаев былтыр 6 қаңтарда ұсталған. Уақытша қамау изоляторында 17 қаңтарда қайтыс болды. Жандос Жотабаевтың бауыры 2022 жылы ақпанда зерттеу кезінде марқұмның өкпесінен сұйықтық табылғанын, мұндай жағдай қатты соққыға жығылған адамда болатынын айтқан.

— 11 қабырғасы сынған. Құжаттың қайда екенін білмеймін. Бізге түпкілікті қорытындысы бір айдан кейін болады деп айтқан. Алайда ол жерде қалай жазылатынын өздеріңіз білесіздер, – деген еді былтыр ақпанда марқұмның бауыры Ердос Жотабаев Азаттыққа.

16 маусымға белгіленген сот 29 маусымға шегерілген.

36 жастағы Семей тұрғыны Жандос Жотабаев 2022 жылы 6 қаңтарда «митингіге қатысқаны үшін» ұсталған.

Бір күн бұрын бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Жандос Жотабаевтың өліміне қатысты іс бойынша сотқа пікірін білдіріп «Адамды түрмеде азаптап, өлімші халге жеткізген, ал сотқа медицина қызметкерін тартып жатыр» деп наразы жазба жариялаған.

Мақалада: Қантар кезінде ұсталған азаматтың өлімі үшін Семей қалалық полиция қызметкерлерінің үш жылға бас бостандығы шектелді

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

4 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

4 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

8 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС