"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жұрттар мен жігіт жоқ болғандықтан тұрмысқа шықпай жүр деп ойлайды (Кәрі қыздың әңгімесі)

06.04.2023
Жұрттар мен жігіт жоқ болғандықтан тұрмысқа шықпай жүр деп ойлайды (Кәрі қыздың әңгімесі)
4.8k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мен қазір көп айтыла беретін кәрі қыздардың бірімін. Жасым 33-тен асты. Жеңгелерім «қашан тұрмысқа шығасың» деп жиі сұрайды. Анам да «уақытымның келгенін айтып», «сен қыз өйстіп жүре бересің бе» деп жиі айтады. Бірақ шынымды айтайын менің тұрмысқа шыққым келмейді.

Рас, жас кезімде «осы мен тұрмысқа шықпай қалам-ау» деп мүлдем ойламаппын. Бірақ «осы жігітке тұрмысқа шыға қояйыншы» деп те ойлағам жоқ. Мүлдем қамсыз жүрдім. Бірақ жігіттер тұрмысқа шығу туралы ұсыныс айтса кейін шегере беретінмін, тіпті тықақтап бара жатқандарымен арақатынасты күрт үзетінмін. Айналамда жігіттер де көп болды. Бірақ біршама уақыт жүріп келіп, үй болып, отбасын құруға келгенде кежегем кейін тарта беретін. Жеңгелерім «қазір ештеңе емес, кейін жалғыз қалғанда түсінесің» дейді.

Бірақ дәл қазір бойдақтығыма өкініп жүргенім жоқ. Құрылыс компаниясында бухгалтермін. Тапқаным өзіме жетіп артылады. Еркін жүріп тұруыма, жылына бір рет шетелде демалуға да жетеді. Жұмыс істеп жүрген компаниям арқылы ақша жинап жүріп, жеңілдетілген бағада үйлі де болғанмын. Көлігім де бар астымда. Ауысқан ақшамды дипозитке салып, бауырларыма да қарайласып тұрамын. Бірақ бұл материалдық жағдайым ойымдағыдай болған соң тұрмысқа шыққым келмейді деген сөз емес. Бұлардың бірі болмаған кезде де «үйленейік» деген жігіттерден ат тонымды ала қашатынмын.

Құрбыларым «әлі ғашық болмағансың ғой» дейді күліп. Ғашық та болып көргем. Бірақ жеме жемге келгенде үйленіп, шаңырақ көтеріп бірге тұрудан гөрі, бөлек тұрудың дұрыс екеніне көзім жетті. Өйткені арақатынастың жақындауы сезімдерді әлсіретіп жібереді екен. Екі жылдай жүріп, тұрмыс құрудан бас тартқаныма сонша ашуланған, соңында басқаны тауып кеткен жігітім үйленген соң екі айдан кейін өзімді тапты. Қазір де келіншігінің себепсіз майда-шүйде нәрселерге араласа беретінін, отбасылық кикілжіңдерден шаршағанын жиі айтады. Жасырып қайтем қазір де кездесіп тұрамыз. Бірақ оның алдында менің де міндеттемелерім жоқ, менің де оған қояр талабым жоқ. Көңілім қалаған күні дәмді тамақтарымды пісіріп қоям. Өзім үстінен көргім келетін киімдерімді де сатып алып қоямын. Қалаған күні қасымда да алып қаламын. Бірақ одан артық қарым қатынасты қаламаймын. Жақында жұмыста бір апай «дәл сендей келін керек, мәселесі жоқтай үнемі жайнап жүретін» деп қоярда қоймай інісін жұмыстан кейін шақыртып жүріп таныстырған. Әп-әдемі жігіт екен. Қызметі де бар, жаман әдеттерге әуестігі жоқ. Таныса сала тұрмысқа шығуға ұсыныс тастады. Тағы да бас тарттым. Жұрттар мен жігіт жоқ болғандықтан тқрмысқа шықпай жүр деп ойлайды. Ал шын мәнінде өзімнің тұрмысқа шыққым келмейді.

Кейде құрбыларымның менің осы өміріме қызығатынын да байқаймын. Жақында 7 жыл жүріп, бір күн көрмесе тұра алмай жүріп шаңырақ көтерген құрбым, екі кештің арасында қоңырау шалып, «үйіңе барайын» деді. Даусына қарап, үй ішінде бірдеңе болғанын біле қойдым. Үш баласының екеуін енесінде қалдырып, құндақтаулысын ала келіпті. Ішіп келіп, күйеуі ұратын көрінеді. Бір апта үйде болғанда ұққаным, бір кездері жайнап жүретін, рухы биік құрбымнан ештеңе қалмаған. Бір кездері косметиканы таңдап жүріп, жағатын құрбым бүгінде тіпті боянбайды да. Табалағаным емес, тек отбасылық күйбеңнің құрбымды жұтып қойғанына жабырқадым.

Бір ғана ол емес келесі құрбым енесінің айқайына «жұтылып кеткен». Бір кездері күлімдеп қана жүретін құрбым «енемнің өз баласынан жоғары табатыным бәле болды. Азаннан кешке дейін мені мұрнын шүйіріп кетеді дей ме, таптайды да отырады, отырсам опақ тұрсам сопақ, қазір тілім шыққан. Өз баласын хан көтеріп, мені күң етуге тырысқан әрекеті шаршатты. Тілім шыққан соң жүйкес де шаршаған. Түнгі ұйқым тыныш емес» дейді. Қашан көрсең шаршаңқы жүреді. Тағы бір құрбымның барған жері күйлі еді. Бірақ «екі күннің бірінде үйіне қонбай, достарымен биллярдта, балықта жүретін күйеуімнен шаршадым дейді. Тіпті қыздармен жазысқан смс-ін тауып алсам да бет бақтырмайды. Ажырасып кетейін десем балаларыма обал» дейді. Қараптан қарап олардың проблемаларын тыңдап отырып мен шаршап кетемін. Шынымды айтсам, еңірегенде етектері толып, ажырасып кетуге төркіндерінен ұялып, ажыраспай өздерін құрбан етіп, бүгінде әдемілігінен дым қалмаған, отбасын құрам деп денасулықтарынан да айрылған құрбыларымды көргенде бойдақтығыма қуанам. Бір бірін шаршататын болса адамдар неге шаңырақ көтереді, бір бірінің жүйкесін жұқартқанша бойдақ-ақ жүре бермей ме деп ойлаймын.

Бірақ «жігіт бар ма, қашан тұрмысқа шығасың» деп сұраушылардан шаршадым. Дүниенің бәрі тұрмысқа шығуда тұрғандай. Бірақ ашықтан ашық тұрмысқа шыққым келмейді деп айтуға да ыңғайсызданам. Тек шын мәнінде тұрмысқа шыққым келмейді.

Марал, Алматы
Alashainasy.kz
© Oinet.kz

Мақалада: Жұрттар мен жігіт жоқ болғандықтан тұрмысқа шықпай жүр деп ойлайды (Кәрі қыздың әңгімесі)

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

3 часа бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

4 часа бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 день бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

1 день бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

1 день бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

1 день бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

1 день бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

1 день бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС