"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Әлихан СМАЙЫЛОВ: ТАРИФ МӘСЕЛЕСІНДЕ БАРЛЫҒЫНЫҢ МҮДДЕЛЕРІ ЕСКЕРІЛУІ КЕРЕК

14.07.2023
Әлихан СМАЙЫЛОВ: ТАРИФ МӘСЕЛЕСІНДЕ БАРЛЫҒЫНЫҢ МҮДДЕЛЕРІ ЕСКЕРІЛУІ КЕРЕК
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды.
ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасын іске асыру туралы баяндады.
«Қазақстандықтарды жылумен, электр энергиясымен, сумен және басқа да коммуналдық қызметтермен үздіксіз қамтамасыз ету үшін еліміздегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымының қазіргі жай-күйін жаңарту қажет. Сондай-ақ, осы саладағы еңбекақысы жылдар бойы көтерілмеген білікті мамандардың сыртқа кетіп жатқанын көріп отырмыз. Осы мәселелерді шешу үшін министрлік «Тарифты инвестицияға айырбастау» бағдарламасын жүзеге асыруда. Оған сәйкес 2023-2029 жылдарға 62 мың шақырым инженерлік желілерді жаңғыртуға бағытталған шамамен 3 трлн теңге инвестиция тарту көзделген. Біздің есептеуімізше, бұл 2029 жылға қарай желілердің тозуын 20% төмендетуге мүмкіндік береді», — деді министр.
Алдыңғы 2009-2015 жылдардағы «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы энергетика саласы объектілерінің инвестициялық тартымдылығын арттыру арқылы электр энергиясын өндіруді дамытуға ғана бағытталған болатын.
«Қазіргі бағдарламаның бағыты айтарлықтай кең. Мәселен, ол электр энергиясын өндіруді дамытуға ғана емес, барлық коммуналдық қызметтерді тұтынушыға жеткізуге, яғни желілерді дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, жаңа тарифтік саясатта тұтынушылардың мүдделерін қорғап, негізделген бағамен сапалы қызмет көрсету – басты назарда. 2023 жылы 5,8 мың км инженерлік желілерді жөндеуге шамамен 250 млрд теңгеге инвестиция тарту жоспарлануда», — деді Ә. Қуантыров.
Бұдан басқа, биыл электр энергиясын өндіруге тарифтің, кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысының, тауарлық газдың көтерме бағасының және көмір, мазут, жанармай сияқты стратегиялық тауарлар құнының өсуі тарифтер деңгейіне әсер ететін қосымша факторлар болуда.
«2023 жылдың екінші тоқсанында министрлік 1 шілдеден бастап тарифтер мен инвестициялық бағдарламаларды өзгертуге 212 өтінімді қысқа мерзімде бекітті. Нәтижесінде, тұтынушылар мен кәсіпорындар мүдделерінің теңгерімін ескеріп, коммуналдық қызметтер тарифтерінің өзгеруі қалыпты болып, орташа есеппен 10-30% құрайды. Бұл ретте халықтың осал топтары коммуналдық төлемдер үшін шығындардың бір бөлігіне өтемақы беру есебінен әкімдіктердің коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі көмегіне сүйене алады», — деді министр.
Сондай-ақ, бүкіл инженерлік инфрақұрылымның тозу деңгейі қызыл аймақ; сары аймақ; жасыл аймақ болып үш тәуекелдік топқа бөлінген. Осылайша, жылумен жабдықтауда желілердің тозу деңгейі жоғары қызыл аймақтағы кәсіпорындар үшін инвестицияларды тарту басым тәртіппен жүргізіледі.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы инфрақұрылым жағдайы өте күрделі болып отырғанын тап өтті.
«Оны жақында ғана Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында болған апаттан да анық байқадық. Апат салдарынан Маңғыстау және Атырау облыстары жарықсыз қалды. Екі өңірдегі ірі өнеркәсіп орындары айтарлықтай зиян шекті, олардың көпшілігі 2 тәуліктен астам уақыт жұмыс істемей тұрды. Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты тек үшінші тәулікте ғана іске қосылды», — деп атап өтті Премьер-Министр.
Оның айтуынша, өткен жылыту маусымы да шұғыл шешуді қажет ететін проблемалардың көп екенін көрсетті.
«Барлық инфрақұрылым объектілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін ауқымды инвестиция қажет. Себебі оларды ң көпшілігі өткен ғасырдың ортасынан бері жұмыс істеп келеді. Сондықтан тіршілікке қажетті жүйелерді тиімді жаңғырту және күрделі жөндеу үшін «Тарифті инвестицияға айырбастау» қағидаты ұсынылды. Бұл тәсіл энергия ұйымдарының қолданыстағы активтерін қайта жаңғыртуға және кеңейтуге, энергия жүйесі жұмысының сенімділігін арттыруға және жабдықтардың тозуын азайтуға мүмкіндік береді», — деді Үкімет басшысы.
Үкімет басшысының айтуынша, биыл тұрғындар үшін тарифтер 10%-дан 30%-ға дейін өседі.
«Бұл – барынша ұстамды тариф. Онсыз коммуналдық инфрақұрылымның сапалы жұмысын қамтамасыз ету және оны жаңғырту мүмкін емес. Тариф мәселесінде біз барлық жақтың да мүдделерін ескеретін тең ортаны таба білуіміз керек. Яғни, саланы дамыту қажеттілігін де, халықтың мүмкіндігін де ескеруміз керек», — деді Ә. Смайылов.
Сондай-ақ ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жылыту кезеңіне дайындық бойынша орталық мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.
Оның айтуынша, қазір орталық және жергілікті атқарушы органдар коммуналдық секторда ауқымды жұмыстар жүргізуде.
«Бірде-бір өңір жылыту маусымында апаттарға жол бермеуі тиіс. Әсіресе бұл құрылыс маусымы қысқа және жылыту маусымы ерте басталатын солтүстік облыстар үшін өзекті. Жөндеу жұмыстары нақты бекітілген кестелерге сәйкес жүргізілуі тиіс. Биыл шамамен 6 мың шақырым инженерлік желілер жөнделетін болады. Бұл – бірінші кезекте жаңартуды қажет ететін, әбден тозығы жеткен инфрақұрылым объектілері», — деді Премьер-Министр.
Сонымен бірге 25 мың шақырымнан астам қараусыз жатқан коммуналдық желілер монополистерге берілетін болады. Олар осы желілерді ретке келтіруі керек.
«Аталған өзгерістердің бәрін азаматтар сезінуі тиіс. Осыған байланысты мына мәселелерге назар аударғым келеді. Бірінші, Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, коммуналдық кәсіпорындар мен станциялардың инвестициялық бағдарламаларды тиісті түрде орындауын бақылауы керек. Екінші, Экономика, Энергетика және Индустрия министрліктері тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермей, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуі тиіс», — деді Ә.Смайылов.
Үшінші, Экономика, Энергетика және Индустрия министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, қыркүйектің соңына дейін барлық коммуналдық инфрақұрылымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтауы керек.
Төртінші, Экономика, Индустрия және Энергетика министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, қараусыз жатқан коммуналдық желілерді монополистердің меншігіне беру жөніндегі Жол картасын әзірлеуі қажет.
«Бесінші, әкімдіктер коммуналдық кәсіпорындармен бірлесіп, 1 қазанға дейін келесі жылға арналған жөндеу жұмыстарына қажеттілікті айқындауы тиіс», — деді Үкімет басшысы.
primeminister.kz
сайты ақпараты негізінде әзірленді

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

15 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

15 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

15 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС