"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

САПА МЕН СЕНІМДІЛІК – БЖЗҚ-ның БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

20.07.2023
САПА МЕН СЕНІМДІЛІК – БЖЗҚ-ның БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
40
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«БЖЗҚ» АҚ журналистерге арнап «БЖЗҚ-дағы бір күн» акциясын өткізуде. Осы мақсатпен біз де Абай облысындағы филиал директоры Ләйлә Сабырқызы Сабырованың шақыруы бойынша Қордың жұмысымен жақынырақ танысып қайттық.

Бұл күні филиалдың күнделікті тыныс-тіршілігін көзбен көріп, зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер туралы кеңірек ақпарат алып, қызметкерлермен және салымшылармен әңгімелесуге мүмкіндік туды.
«БЖЗҚ» АҚ Абай облысы бойынша филиалында 43 адам жұмыспен қамтылған. Облысымыздың тоғыз ауданында да Қор филиалдары жұмыс істеуде.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, кеңседегі қызмет көрсетуден бөлек, өз салымшыларына барып, қашықтықтан және онлайн қызмет көрсетеді. Барлық кеңселерде өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары да ашылған. Мұнда қызметтерді үйден алуды үйренгісі келетіндерге мамандар жол көрсетіп, түсіндіріп береді екен.
— Ең бастысы – қызметтерді сапалы көрсету. Біз салымшылардың барлық сұрақтарын шешуге көмектесеміз. Осы мақсатта Қор «Құпия тұтынушы» әдісін пайдаланады. Құпия тұтынушы кеңселерге келіп, қызмет көрсету деңгейін бақылайды. Оның бағалауы бойынша, біздің филиал үшінші жыл қатарынан бірінші орында келеді,- дейді «БЖЗҚ» АҚ Абай облыстық филиалының директоры Ләйлә Сабырқызы.
Жалпы, 2023 жылдың 5 айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз салымшылары мен алушыларына шамамен 10,7 млн қызмет көрсетсе, оның 9,83 пайызы электрондық форматта, 22,24 пайызы автоматты түрде, 2,60 пайызы ақыл-кеңес түрінде қашықтан көрсетілетін форматта ұсынылған. Осылайша, отандастарымыз зейнетақы қызметтерінің шамамен 95 пайызын қашықтықтан алады екен.
Қызметтерді қашықтықтан алу мүмкіндігіне қарамастан, Қор мамандарына жеке жүгінуді қалайтын салымшылар да бар. Қазақстан бойынша БЖЗҚ бөлімшелерінде жүзбе-жүз қызмет көрсету арқылы салымшылар мен алушыларға 2023 жылдың 5 айында 567,6 мыңнан астам қызмет көрсетілген екен. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,95 пайызға азайған. Бұл онлайн-қызметтердің танымалдылығының өсіп келе жатқанын растайды.
Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетте, жинақтар туралы мәліметтерді алумен қатар, шот туралы хабарлау тәсілін таңдауға, жеке деректемелеріңізді өзгертуге, жинақтардың бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға аударуға, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыңыздың болжамды есебін жасауға және басқа да көптеген қызметтерді жүзеге асыруға болады.
Күндізгі қызмет көрсету бөлімі мамандарының айтуынша, салымшылардың көбі үзінді-көшірме алу (қаңтар-мамыр аралығында жүргізілген операциялардың барлық көлемінің 92,35 пайызы) үшін келеді екен.Үзінді-көшірменің 69,62 пайызы электрондық форматта, 2,21 пайызы Қор кеңселерінен алынса, 20,2 пайызы автоматты режимде салымшыларға хабарлама ретінде жіберілген.
Азаматтар зейнетақы қорына жинаған ақшасының бір бөлігін жеткілікті мөлшер шегінен асқан кезде ғана тұрғын үй алуға және емделуге мерзімінен бұрын ала алады. Тек басқа мемлекетке қоныс аударған жағдайда ғана Қордағы жинақ сомасы толық көлемде беріледі.
2021 жылғы қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, БЖЗҚ тарапынан тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 1 371 907 өтініш орындалып, отандастарымыздың арнайы шоттарына 3,2 трлн теңгеден астам қаражат аударылған.
Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қатысты бірқатар жаңалықтарды көздейтін ҚР Әлеуметтік кодексі күшіне енді. Оның аясында салымшылардың өз активтерін басқару құқығын кеңейтуге де мүмкіндік туды. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ Абай облыстық филиалының барып қызмет көрсету бөлімінің басшысы Бақытжан Серікжанов айтып берді.
— Жаңа Әлеуметтік кодекстегі өзгерістердің бірі – енді салымшылардың міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына беру мүмкіндігі бар. Ол үшін ең төменгі жеткіліктілік шегі ескерілмейді, басқарушы компанияны салымшы өз бетінше таңдай алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшылар толық көлемде бере алады, яғни зейнетақы жинақтары бар кез келген адам жинағының 100%-ын ҚР Ұлттық банкі бекіткен компанияларға инвестицияға сала алады, — деді Бақытжан Серікжанов.
Бөлім басшысының айтуынша, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, жерлеуге арналған біржолғы төлем сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 52,4 АЕК-тен 94 АЕК-ке дейін, бірақ қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерге ұлғайып, 324 300 теңгеге дейін өсті.
Тағы бір өзгеріс – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілер өз қаражатынан 5 пайыз мөлшерінде 1975 және одан кейінгі жылдары туған жұмысшылар үшін жарна аударады. Алғашында 1,5 пайыз көлемінде белгіленіп, 2028 жылы 5 пайызға жеткенге дейін жыл сайын 1 пайызға ұлғайып отырады.
— Егер бұған дейін жұмыс берушілер зейнетақы қорына жұмысшының еңбекақысынан 10 пайыз ұстап келген болса, енді қосымша 5 пайыз өз қалтасынан аударады. Осылайша, енді жұмысшыға ай сайын 15 пайыз көлемінде жарна түсіп отырады,- деді Бақытжан Серікжанов.
2023 жылғы 1 шілдедегі Әлеуметтік кодекске сай, зейнетке шыққан әскери қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының мамандары, сондай-ақ 25 жылдан кем емес әскери қызмет өтілі бар және қызметтен босатылған, бірақ заңда белгіленген шекті жасқа толғандар еңбек өтілі бойынша www.enpf-otbasy.kz порталы арқылы жинақталған зейнетақы қаражатына толықтай қол жеткізбек.
Осылайша, жаңа Әлеуметтік кодекске сай, салымшылар үшін тиімді бірқатар өзгерістерге қол жеткізілді.
— Салымшы мүддесі біз үшін аса маңызды. Қор зейнетақы қызметтерінің қолжетімді, түсінікті және уақтылы орындалуы үшін қолдан келгеннің барлығын жасайды. Қызметкерлер құрамы үнемі ізденіс үстінде және уақыт талғамы мен талабына сай болу үшін үнемі жаңа білім алып, дағдыларды үйренеді. БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының жай-күйі мен өзінің ағымдағы қаржылық жағдайы жайлы мəліметтерді ашық ақпарат көздерінде әрдайым жариялап отырады, — деп сұхбатын қорытындылады Абай облысы бойынша филиал директоры Ләйлә Сабырова.
Айта кетейік, «БЖЗҚ» АҚ-ның құрылтайшысы әрі акционері – Қазақстан Республикасының Үкіметі. Қордың зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарады.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

18 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

19 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

19 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

19 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС