"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Отбасы құндылықтарын нығайту қажет

20.07.2023
Отбасы құндылықтарын нығайту қажет
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сейсенбі, 19 шілде күні ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жанынан құрылған сараптамалық топ мүшелері, ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен, ұлттық комиссия мүшесі Риза Молдашева қалалық және аудандық мәслихаттардың әйел депутаттарымен кездесті.

Кездесу барысында ауыл әйелдерінің мәселелері, қоғамдық-саяси өмірдегі әйелдердің үлесі мәселелері қаралды.
— Қазіргі таңда елімізде әйел депутаттардың саны артып, мәртебесі көтерілуде. Дегенмен де әйел депутаттардың талаптарына қолдау керек. Себебі қоғамның реттелуі әйелдерге байланысты. Халықтың депутаттарға деген сенімін нығайту қажет, — деді ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Жаңылысқызы.
Жиын барысында жас ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселе де көтерілді.
— Абай елі — Құнанбай, Абай, Шәкәрімді дүниеге әкелген ұлы аналардың ордасы. Осыдан бірер жыл бұрын басқа ұлттың тәрбиесіне таңсық көзбен қарайтын едік. Қазір тәрбиенің алшақтап кеткені көңіл қынжылтады. Тәрбиені шыңдау маңызды. Ұлттық тәрбие идеологиямызды айқындайды. Оның сұранысын арттыруға үлкен мән берілу қажет, — деді облыстық мәслихат депутаты Шағангүл Жанаева.
Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда қаралған мәселенің 80 пайызы тәрбиеге арналды. Жастарды ұлттық негізге сүйенетіндей, бәсекеге қабілетті болатындай жағдай жасау маңызды.
— Жастарға, заманауи трендтерді сақтай отырып, рухани мәдениетімізден алшақтамайтындай тәрбие беруіміз керек. Отбасылық тәрбиені нығайтуымыз қажет. Халықтың ниетін түзеуге әсер ететін негізгі күш әйелдер екенін ұмытпауымыз керек, — деді Ләззат Сүлеймен.
Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы сараптамалық топ мүшелері депутаттармен кездесуден соң Абай облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерімен жүздесті.
Іс-шара барысында электронды темекіге тыйым салу, лудомания, медресе жұмыстарын реттеу, сондай-ақ оңалту орталықтарын көбейту, жалғыз басты әкелердің жағдайын қадағалау мәселелері талқыланды.
— Облыс әкімі жанындағы комиссия барлық іс-шараларды өз бақылауына алуы қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ, — деді Ләззат Сүлеймен.
Сараптамалық топ мүшелері Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевпен де кездесті. Облыс басшысы барлық жағдайда көмек көрсетілетінін жеткізді .
Өз тілшіміз

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

1 день бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС