"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ҰЛЫЛАР ЕЛІНДЕ

20.07.2023
ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ҰЛЫЛАР ЕЛІНДЕ
73
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ұлттық ұланның ақпараттық насихаттық тобы Абай облысына келді. «Жаңа Қазақстан — жаңа ұрпақ» акциясы аясында бірнеше кездесу өткізіп, семейліктерге концерттік бағдарлама ұсынды.
А.ӘБІЛ,
«Semeı tańy»
— ҚР Ішкі істер министрінің тапсырмасымен және Ұлттық ұланның бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Еркін Ботақановтың шешімімен ақпараттық-насихаттық топпен Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарын аралауды ұйғардық. Негізгі мақсатымыз – жастарды Отанды, елді, жерді сүюге тәрбиелеу, аға ұрпақтың ерлігін, әскери өмірдің салтын дәріптеу. Оларға Отан қорғаудың қасиетті борыш екенін жеткізу. Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан қызметін жұртшылыққа таныстыру. Елордамыз Астананың 25 жылдығы шеңберінде басталған акцияның маңызы зор, мәні терең. Ақпараттық топтың құрамында Ұлттық ұланның ән-би ансамблі де арнайы келіп отыр. Біз елді, жерді сүю ұғымдарын, тек құр сөзбен айтып қана қоймай, әскери әуендермен, майдан әндерімен, қазіргі заманғы музыкамен жеткізуді ұйғардық. Жастардың рухын жанып, патриоттыққа тәрбиелеудің жақсы бір әдісі деп ойлаймыз мұны. Өскемен қаласында, Шемонаиха және Күршім аудандарында болып, қасиетті Семей шаһарына енді келіп отырмыз. Акция аясында қарттар үйіне барып, қайырымдылық шара өткіздік. Екінші дүниежүзілік соғыс пен тыл ардагерлері, Ұлттық ұланға еңбегі сіңген аға буын өкілдерімен кездестік. Балалар мен қарттар үйінде шағын концерт қойдық. Көп балалы отбасылардың балаларына сыйлықтар бердік. Бізді бастап келген — Ұлттық ұланның бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, Халық қаһарманы Қайрат Үмбетов,- дейді Ұлттық ұлан бас қолбасшылығы баспасөз қызметінің өкілі Қуаныш Қожахметов.
Ұлттық ұланның ән-би ансамблі 1991 жылы құрылған екен. Әуелде 4-5 адам болған, қазір өнерпаздардың қатары жүзге жуықтап қалыпты.
— Бұл шараның мақсаты — жастарды әскери өмірге қызықтыру. Өнер арқылы шақыру. Ансамбльде қазір 96 адам жұмыс істейді. Еңбек сіңірген қайраткерлер де, полковниктер қызмет атқарады. Репертуарымыз әр түрлі. Бірнеше аспаптың түрі бар. Күйшілеріміз де, бишілеріміз де бар, хорымыз да бар. Патриоттық әндерге басымдық беріледі. Ерекше атап өтерлігі, ансамбльдің репертуарының 80 пайызы — өзіміздің әндер. Өзіміз өңдеп, өзіміз орындаймыз. Басқа ұжымдардан ерекшелігіміз – осы. Тамыз айында халықаралық фестиваль өтеді. Бұйырса, соған қатысамыз. Одан кейін осындай ақпараттық-насихаттық топпен Батыс Қазақстанға бару ойымызда бар. Сол жақтың бүкіл қаласын аралап, өнерімізді паш етсек дейміз,- дейді Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің көркемдік жетекшісі Алпамыс Асылбек.

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

4 часа бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

4 часа бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

4 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

4 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

6 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

6 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС